Бүтін тип (int) Компьютер жадындағы int типіндегі шамалардың алатын орны, яғни ұзындығы немесе өлшемі стандарт бойынша анықталмайды, ол компьютер мен компиляторға байланысты болып келеді. Осы типтегі шамалар үшін 16 разрядты процессорда 2 байт, ал 32 разрядты процессорда 4 байт бөлінеді.
Тип атауының алдында тұратын short спецификаторы компиляторға
12 процессордың разрядтылығына қарамастан, санға 2 байт бөлу қажет екендігін
білдіреді. Ал long спецификаторы бүтін шамаға компьютер жадынан 4 байт орын берілетінін көрсетеді. Сонымен, 16 разрядты компьютерде int жəне short int типтері бірдей, ал 32 разрядты компьютерде int жəне long int типтері бірдей (яғни эквивалентті) болып саналады.
Бүтін типтегі шаманың компьютер жадындағы ішкі бейнесі – екілік кодпен берілген бүтін сан. signed спецификаторын қолданғанда санның алғашқы биті оның таңбасын көрсетеді (0 – оң сан, 1 – теріс сан). unsigned спецификаторы тек оң сандарды көрсетуге мүмкіндік береді, өйткені мұнда алғашқы разряд сан кодының бөлігі ретінде қарастырылады. Осылайша, int типінің мəндер диапазоны спецификаторларға тəуелді болып келеді. IBM PC-мен үйлесімді компьютерлер үшін спецификаторлары əртүрлі бүтін типті шамалардың мəндер диапазоны 1.4-кестеде көрсетілген.
Алдын ала келісім бойынша барлық бүтін типтер таңбалы сандарды бейнелейді, яғни signed спецификаторын жазбауға болады.
Программада кездесетін тұрақтылар сыртқы түріне қарай кез келген бір типке жатқызылады. Егер программалаушыға бұл типтен басқаша тип қажет болып жатса, онда ол L, l (long) жəне U, u (unsigned) жалғауларының (суффикстерінің) көмегімен керекті типті көрсете алады. Мысалы, 32L тұрақтысына long типі беріледі жəне ол компьютер жадынан 4 байт орын алады. L жəне U жалғауларын қатар қолдануға да болады, мысалы, 0x22UL немесе 05Lu.