1. Денсаулық түсінігі және оның мазмұны.
Денсаулық - адам организмінің қальпты жадайы. Денсаулык - баға жетпейгін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уакытты, не күш жігерді не еңбекті, тіпті барлык дүниені аямай жұмсау керек. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы және т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының және ұйқы ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, салауатты өмір салтын ұстануына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Демі бардың — емі бар» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Денсаулық неге байланысты
«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған. Адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулық-адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып,өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған»деп атап көрсеткен. Бала балабақшаға барады. Ол көптеген уақытын осы «екінші үйінде » өткізеді. Білім алады, денсаулығын нығайтады. Қазіргі кезде әр білім мекемесінде медбикесі жұмыс жасайды. Балабақша, мектеп медбикесінің негізгі міндеті-санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, балалардың жүйелі тамақтану сапасына жауап беру. Бала денсаулығын сақтау үшін- білім сапасын арттырудың маңызды жағдайына байланысты балабақша, мектебімізде дәстүрге айналған оқу- тәрбие шаралары өткізілу қажет. Өткізілетін шараларды ұйымдастыратын балабақша, мектеп, ата- ана, балабақша,мектеп медбикесі, балабақша, мектеп психологі, дене шынықтыру пәні тәрбиешілер, мұғалімдері. «Денсаулық-зор байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау денеде –салауатты рух болады» деген мақал ескіден қалған. Балалардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу тәрбиешілер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-балабақшада болғандықтан, ата-ана мен балабақша, яғни тәрбиешілер мен ата аналар тығыз байланыста болуы керек. Ата-аналар жиналысында балалардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында баяндамалар оқылып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға ережелер мен кеңестер беріліп отыру керек. Балалардың денсаулығын сақтау барасында сергіту сәті мен психологиялық тренингтерді күнделікті өткізу пайдалы, себебі балабақшадағы балалар көп шаршайды және сергіту сәттерінен кейін серпіліп қалады. Тренингтер, сергіту сәттері балалар өзін еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейту арқылы тыныс алу жолдарының, нерв жүйесіндегі шаршағанды ұмыттыруға көмектеседі. Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс көп отыру- балалардың тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқолды магнитофон ызыңы- құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия- жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау- ас қорыту жүйесінің түрлі ауруына әкеп соғып жатыр. Бала денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайту жолдарын білу.
Денсаулық - Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДС) ұйымы анықтағаны бойынша - бұл аурудың және физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол дегеніміз толық физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқат;
Адам денсаулығы - өмірдегі ең маңызды құндылық. Оны ешқандай ақшаға сатып алуға да болмайды, оны қорғау, жақсарту және жетілдіру, нығайту қажет.
Денсаулық көптеген факторларға байланысты болады. Қазіргі кезде адамдардың денсаулығы өмір сүру салтына байланысты 50%, қоршаған ортаға байланысты 20% арқылы, ал 20% - биологиялық (тұқым қуалайтын) факторлармен және 10% - медицина арқылы анықталады деген пікір басым.Сондықтан, егер адам салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда мұның бәрі оның денсаулығының 50% жоғары деңгейін алдын-ала анықтайды. Сонымен қатар керісінше, зиянды өмір салтын жүргізетін адам өз денсаулығына нұқсан келтіреді, өзін азап пен қиындыққы, ерте қартаю мен қуанышсыз өмірге алып соғады.Төменде біз салауатты өмір салтын дене шынықтыру мен спорттың негізгі құрамдас бөлігі ретінде айқындап, СӨС-тің үш тобын қарастырдық.
2. Салауатты өмір салтының құрылымдық топтары.
2.1. Шығармашылық - өзгертуші топ.Бұл құрылымдық топ өмірдің барлық түрлерін қамтиды, оның барысында адам материалдық, мәдени және рухани құндылықтарды қамтиды, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтайды, жас ұрпақты тәрбиелейді, медициналық көмек көрсетеді және басқа да бағыттар жатады. Жас ұрпақ (атап айтқанда, студенттер қауымы) алдыңғы буындардың ғылыми білімдері мен жетістіктерін игереді.
Шығармашылық – түрлендіруші тобына жататын адам іс-әрекет процесінде, әдетте, өзінің күші мен қуатының, қасиеттері мен қабілеттерінің, қабілеттері мен дағдыларының резервтерін жұмсайды. Бұл қызметтің ең өнімді, тиімді және ұтымды болуы міндетті, сондықтан ол ең жаңа, ең озық ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде, ғылыми еңбек организациясының нормалары мен ережелері негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыды аталып өткен процесстер салауатты өмір салтын устануға негіз болады және студенттерді спортқа баулиды.
2.2. Оңалту -сауықтыру тобы Бұл құрылымдық топқа оқу үрдісінен кейінгі кезеңдегі адам ағзасын қалпына келтіруге және жақсартуға бағытталған іс-шаралар.Қалпына келтіру мен сауықтыру сипаты мен бағыты, еңбек (өндірістік, оқу, кәсіптік) қызметінің мазмұны мен сипаттамаларымен алдын-ала анықталған.Қоғамда адамды қалпына келтіруге және жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген шаралар жүйесі жасалуы өте маңызды, осылайша толық құндылықтарды сақтай отыра тамақтану, қалыпты нормадағы ұйқы, белсенді демалу, жеке және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дененің физикалық қозғалыстың күнделікті жылдамдығы сияқты түрлер жатады. Студенттерге де бұл топта негізделген шарала жүйесін ұстану өте абзал.
2.3. Дамытушы - қолдау тобы Бұл салауатты өмір салтының құрылымдық тобына дене күшін, қасиеттерін, қабілеттерін, адам денсаулығын дамытуға және жақсартуға бағытталған өмірідң барлық түрлері кіреді.
Қозғалыс белсенділігі, дене шынықтыру және спорт адамның күші мен қуатын, оның физикалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытудың және нығайтудың жалғыз құралы болды және болып қалады. Әр адамның бәріне қол жетімді осы құралдарды қолдануға мәжбүр етпей, саналы түрде үйренуі өте маңызды. Дегенмен де, спортпен айналысу да балансты түрде болуы қажет, себебі шамадан тыс айналысу немесе сақтық шараларын сақтамау – адам ағзасы мен денесіне айтарлықтай зақым келтіруі әбден мүмкін. Профессионалды спортшылар жас кезінде спорт қуалап, ал жас шамалары жеткенде түрлі параличтік ауыруларға тап болып жатады. Бұған дәлелдің бірі – Мұхаммед Али, жасы ұлғая бастағанда Паркинсон ауыруына шалдығып, қалған өмірін қалтыраумен өткізді.
Темекі шегудің кең таралуы және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы - медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе бойынша санитарлық ағарту орнының ғылыми-зерттеу институтының жан-жақты ғылыми зерттеулері негізінде бірқатар заңдар мен ағарту сипатындағы шаралар өңделіп, шығарылған болатын. Сонымен қатар, Бүкілодақтық Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы темекі шегетіндердің жасы жылдан-жылға жасарып бара жатқанын көрсетті. Осыған орай, егер бүгінгі күні шылыммен танысу балаларда жасөспірім жаста ғана емес, 10-12 жаста, тіпті одан да ертерек басталатындықтан, балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің зиянды әсері жөнінен гигиеналық тәрбие беру - м3ндетт3 шара. Темекі түтінінің адам денсаулығына әсері туралы мәліметтермен өсіп келе жатқан ұрпақтар ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де толық хабардар емес.
Темекі түінінің адам денсаулығына зиянды әсерлері: Темекі шегетіндер қан айналу жүйесінің ауруларымен (атерсклероз, стенокардия, гипертония, миокард инфаркті) темекі шекпейтіндерге қарағанда жиі зардап шегеді. Әрбір тартылған темекі қан тамырларының 20-30 минутқа дейін тарылуына әкеліп соғады;
Никотин адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Алғашқыда орталық ми қыртысын қоздырады, соңынан тежейді, әлсіретеді;
Темекі шегу зат алмасуды және организмдегі витаминдердің сіңуін бұзады. Темекі құмарлардың басым бөлігінде авитаминоз байқалады;
Никотин асқазанның кілегей қабатының қабыну процестерін шақырып, ас қорыту жолдарының қабынуына ықпал етеді. Асқазан жарасы ауыруының 98% темекі шегетіндер құрайды;
Никотин жыныс гармондарының өндірілуін және жыныстық белсенділікті төмендетеді;
Темекі түтінінде концерогенді заттар табылған. Өкпе және асқазан рагі темекі шегетіндерде темекі шекпейтіндерге қарағанда бірнеше есе жиі кездеседі;
Қазіргі кезде алкоголизм мәселесі де шындап көңіл бөлерлік мәселелердің бірі болып отыр. Алкогольдік ішімдіктерді нысапсыз пайдаланудың қауіптілігін ерте заманның өзінде-ақ түсінген, ал қазіргі кездері ол көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы дәлелденген. Алкоголь нәрестенің құрсақта жатқан кезінен бастап, оның даму жолдарының барлық кезеңдерінде организмге кері әсерін тигізеді: Ақыл-ойының дамуы төмен 100 баланың ішінде 90-ны алькогольдік маскүнемдік жағдайында ұрықтанғандығы дәлелденген;
Жүкті әйелдердің алкогольді интоксикациясы, туа пайда болған ақаулар (жүректің туа пайда болған ақауы, аяқ-қолдардың анамалиясы, қылилық және т.с.с.) санының өсуіне әкеліп соғады;Алкоголь орталық жүйке жүйесін, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды, дәрілердің әсерін бұрмалайды, қызмет қабілетін және ақыл-есін кемітіп, адамның жеке басын аздырады; Автомобиль апатының 30% көбінің себебі алкогольдік маскүнемдік болып табылады; Маскүнемдер арақ ішпейтіндерге қарағанда екі есе жиі ауырады. Бұрынғы кездерде де, қазіргі уақытта да маскүнемдікке қарсы әр түрлі шектеулер мен заңдылықтар қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |