Реттік сан есім
.
А. Байтұрсынов оқулығында реттік сан есімге «нәрсе
-
лердің ретін көрсететін сан есімдер
»-
деген анықгама берілген. Мысалы,
Бұдан гөрі маңыздырақ
екінші мәселе бар (Н. Ғ
.
). Ол кезде Әділбек
жасырақтау еді
-
жетінші класта оқитын (сонда).
Ә. Хасенов реттік сан есімге «реттік сандар заттың (яғни зат есімнің)
ретін, тәртібін білдіреді
»,-
деген анықтама берген. Кейінгі грамматикаларда
да реттік сан есім жайындағы пікірлер осы бағытта айтылған: «Қазіргі қазақ
тіліндегі реттіксан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын
тәртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады.
«Реттік сан есім заттың
саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, нешінші ? деген сұраққа жауап береді
де, есептік сан есімдерге
дауыссыз дыбыстардан соң
(-
ыншы,
-
інші
),
дауысты дыбыстардан соң
(-
ншы/
-
нші
)
жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады .« Мысалы.
бір
-
інші, екі
-
нші, алты
-
ншы, тоғыз
-
ьіншы
т.б.
Реттік сан есімдер де құрамына қарай дара, күрделі болып келеді.
Мысалы, Серттескен үшінші түн де келіп жетті
(X.
Е
.).
Кәдімгі Жолмұқан
жуытпай өзіне он бірінші жасақшы етіп алған сарысы (сонда).
Реттік сан есімдер негізінен заттың рет санын, қатар санын
білдіретіндіктен, олар үнемі зат есімнің алдынан келіп тіркеседі. Мысалы,
біріншіжүлде, бесінші қабат, тоғызыншы үй, он сегізінші қатар
т.б.
Реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, заттық мағынада да
қолданылады. Мысалы, Екіншісі де оныңжанынан тізерлей отырып, шоққа
қолын созды
(X.
Е
.).
Достарыңызбен бөлісу: |