12
Топтық сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және
күрделі болады. Мысалы, Сол күні екі жақтан үшеуден алты ғана кісі
шақыртып алды (М. Ә
.).
Әр оқушы бес
-
алтыдан ағаш егіп, соны өздері күтіп
өсіретін болса, қандай жақсы ! (М. И
.).
Топтық сан есімдердің өздеріне тән мынадай ерекшеліктері бар:
-
топтық сан есім жасапатын негізгі көрсеткіш
-
шығыс септік жалғауы.
"Шығыс септік жалғауы сөз жасаушы қосымшаға жатпайтыны белгілі, ол
-
сөздерді байланыстырушы қосымша. Бірақ бұл қосымша есептік санға
қосылғанда, өзінің негізгі синтаксистік қызметін атқармайды, есептік санды
сөйлемде басқа сөзбен байланыстыру қызметінде емес, есептік санға топтау
мәнін қосады".
-
кейде
(-
дан
/-
ден
)
қосымшасы топтық сан есімдердің анықтайтын
сөздеріне қосылып айтылады. Мысалы, Сенбілікте әр студент бес
-
бес
ағаштан
отырғызды.
-
топтық сан есімдер грамматикалық көрсеткіштермен түрленбейді және
жаңа сөздер жасай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: