Реферат Тақырыбы: Созылмалы кетоз ауруының патоморфологиясы Орындаған: о рынтай А. Вм-408



бет7/9
Дата28.05.2024
өлшемі0,55 Mb.
#202975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
пат анатомия реферат

2.6 Aурудың алдын алу шаралары.
Кетоздан сақтандыру үшін рацион құрамында тиісті мөлшерде клетчатка қант пен протеин қатынасы болуы керек, энергетикалық тапшылықты, белокты азық шектен тыс беруді ұзақ мерзім біріңғай жоғары концентратты, сүрлемді-концентратты құрамында шөппен (пішен аз) және сапасыз азықтармен азықтандыруға жол бермеуі керек. Өнімі жоғары сиырлардың тәулік рационында пішен 6-8 кг, азықтық тамыртүйнектілер 8-19 немесе 5-7 кг картоп болуы керек.
Сауын сиырлардың қарқынды лактация кезінде концентрленген азықтар 40-45 %, ал лактацияның семуінде және суалған мезгілінде 25-30 % аз болуы қажет. Егерде жоғарыда айтылған сиырларға энергия жетіспесе, онда олардың рационына дәнді дақылды концентраттар, азықтық патока, азықтық май ж.т.б. қосады. Сиырлардың 100 кг дене массасына 3,5-3,8 кг, ал кейбір жағдайларда 4,7 кг дейін құрғақ затына 1 кг азықтық өлшем болуы керек. 28 кг және онанда жоғары сүт беретін сиырға 1 кг құрғақ азыққа 1,05 азықтық өлшем қажет. 1 кг құрғақ азыққа 1,15-1,2 азықтық өлшемді энергия деңгейі жұмсалғанда тәулігіне 40-60 сүт алуға болады. Тәулігіне 10-20 кг сүт сауылатын сауын сиырлардың рационындағы құрғақ затта клетчатка 24-28 %, 21-30 кг сүт сауылатында 20-30 кг сүт 16 -18, ал суалған сиырлармен тайыншаларда 25-30 %.
Тепе-теңдікті рационда 1 г қорытылған протеинге 0,8 -1,2 г қант болуы керек. Қант пен крахмалдың қорытылған протеинге қатынасына 2-3:1, ал қанттың крахмалға қатынасын 1:1 ұстаған жөн. Малға тек сапалы сүрлем береді РН-3,8-4,2, онда май қышқылы жоқ болуы керек. Жақсы пішендеменің ылғалдылығы 45-55 %, РН-4,2-5,4, онда май қышқылы жоқ. Сауын және суалған сиырларға нашар, бұзылған сүрлем және пішендеме, қышқыл сығынды (жом), пішен, көгерген немесе шірікті иісі бар сабан, барда және басқада сапасыз азықтарды беруге болмайды.
Кетозды болдырмау үшін емдік-сақтандыру қосымша ретінде тәулігіне бір рет, туғанға дейін 15-30 күн бұрын және 30-35 күн туғаннан кейін кетост береді. Құрамында натрий гидрокарбонаты, мырыш сульфаты, марганец сульфаты және магний сульфаты бар карбоксилин және басқада қосымшалар береді. Кетозды болдырмаудың ең маңызды жолы серуенге шығарып тұру. Кетозды мезгілінде диагностикалау үшін сиырларды жүйелі түрде диспансеризациялау. Лестрада реактивімен, тест-пластинкалармен және басқада тәсілдермен несепте кетон денелерін зерттеп отыруға мән береді.
Буаз саулықтардың кетозы. Эндогенді майлар мен белоктардың өте күшті ыдырауынан организмде кетон денелерінің жиналуымен, токсемия, бауырдың және т.б. ағзалардың дистрофиясы дамуымен сипатталатын ауру. Бұл ауруларды буаз саулықтардың токсемиясы, алиментарлы кетонуриясы, аштық кетозы ж.т.б. деп атайды. Басымырақ көп төл беретін саулықтар мен ешкілер 4-6 апталық буаз кезінде ауырады. Aуру жиі дәнді дақылдардан аз өнім алған жылдары, қыста малға боранның және басқада себептердің салдарынан азық жеткізіп бере алмағаннан болады.
Буаз саулықтарды қалыпқа сай құнарлы азықпен қамтамасыз етеді. Әсіресе малдарға протеин мен көмірсулар жеткілікті болуы керек. Қант пен протеин қатынасы 0,6 : 0,8. Рационға бұршақ тұқымды немесе дәнді дақылдар пішенін, пішендемесін, қойға арналған жем, күнжара қосады. Қойлардың қоңдылығы төмендегенде азықтандыру нормасын 15-20 % көбейтеді. Буаз саулықтарға құрамында май қышқылдары бар сапасыз азықтар, сүрлем және пішендеме бермейді. Aзықтар жетіспегенде қойларға төмендегідей қоспа береді (тәуліктік мөлшері): диаммоний фосфат - 12 г, екікөміртекті натрий - 10, метионин - 2, тазаланған күкірт - 3 г. Бұл қоспаны жемге қосып тууына 30 күн қалғанда және туғаннан кейін 30 күн өткенге дейін береді.
Қорытынды


Патологиялық анатомияның негізгі зерттеу тәсілі - мал өлексесін сойып зерттеу - аутопсия болып табылады. Аутопсияның мақсаты - тек диагноз қоюмен аурудың асқынуын анықтаумен шектелмей, өлімге әкеліп соқтырған аурудың жаңа морфологиялық белгілерін, патогенезінің ерекшеліктерін, патоморфозын және этиологиясын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқа да, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотометрия (мөлшерін өлшеу) - зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография (жүректің биотогін жазу) руменография (қарын қимылын жазу), биохимиялық тексерістен, люминесцентті талдау - ішек-қарындар, жүрек қантамырлар және басқа да жүйелер мен ағзалар дерттелінгенде. Актиномикоз ауруы ірі қара, шошқа, жылқы, қой, ешкі және жабайы жануарларда кездеседі. Бұл ауру онша көп тарамайды. Бірлі-жарымы өлім жағдайларымен аяқталады.
Кетоз—созылмалы ауру, Кейбір авторлардың жазуы бойынша: жоғарғы өнімді беретін сиырлардың 50 %-і кетозбен ауырады. Кетозбен ауырғандарға энергия жетіспейді. Кетоз ауруының тууына организмге көп түрде майлы қышқылдардың түсуінен, асқазанға түскен май қышқылдары жеңіл қорытылып, ішектің қабығынан оңай сіңіп, тері асты шеліне барып тұрады. Оның организмге көптеп келуі кетозды денелердің көбеюі және семіруге алып келіп соғады. Сүтті сиырлардағы кетоз ауруы табиғаттың полиэтологиялық ауру түріне жатады. Ең үлкен себебі: рационда глюкоза, крахмал, клетчатка, көмірсу жетіспеуі және көп мөлшерде консервіленген жемнің болуы..
Кетоз, кез-келген басқа шабуыл сияқты, оны әр түрлі жетістіктермен күресуден гөрі оңайырақ. Негізгі профилактикалық шара - өмірдің барлық кезеңдерінде, әсіресе төлдегенге дейін және сүт шығару кезінде жақсы әзірленген мәзірді ұсыну. Шаршаудың алдын-алу мүйізді үй жануарларының салмағын жоғарылатудан сақтаумен қатар, метаболизмнің бұзылуына әкелетін маңызды екенін ұмытпаған жөн. Егер дабыл белгілері пайда болса, жануарды ветеринарға көрсету керек. Кез-келген өзін-өзі емдеу қолайсыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, "Cyber Smith"

  2. Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –118б.

  3. Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 135 бет.

  4. Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-147б.

  5. Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 153с.

  6. Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-124с.

  7. Тұтқышбай И.А, Сабекова Д.Ө, Жануарлар патологиясы,
    2009.-112б .

  8. Интернет желісі

Сойып зерттеу хаттамасының жобасының үлгісі



Ғани Бағлан, Мерке, Ақтоған ауылы, Т.Дабесінов көшесі, 15 үй
Кімнің меншігіндегі, қандай мал өлексесін (немесе арнайы өлтірілген мал түрі)
Патологиялық анатомиялық сойып зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет