2.2. Кетоз ауруларының клиникалық белгілері.
Кетозға күрделі сиптомдық кешен тән, жүрек-қантамыр, асқорыту, жүйке эндокринді, бауыр басқада ағзалардың бұзылуымен, қан, несеп, сүт мес қарын жыны көрсеткіштерінің өзгеруімен байқалады.
Клиникалық байқалуы организмге кетогенді факторлар әсерінің күші мен ұзақтығына, кетогенездің сатысына, бейімделуші мүмкіндіктеріне және малдың жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Жағадан туған сиырларда ауру жіті өткенде алғашқыда жүйкелік, гастроэнтеральды және гепатотоксикалық синдромдар басым болады. Мал ауық-ауық қозады, жөнсіз тітіркенеді терінің сезімталдығы артады (гиперестезия). Келешекте қозу күйзелумен аусады, мал әлсіз, ұйқы басады, көбіне жатады. Мес қарынның қимылы бәсең, әлсіз, іш тоқтайды немесе ұзақ іші жүреді. Сопорозды немесе коматозды (талма) жағдайда болады, туғаннан кейінгі салдануға ұқсас.
Сүтті мал шаруашылығында бүгінгі жағдайда кетоз жітілеу және созылмалы болып жүреді, кейде бірнеше күн клиникасы білінбейді, себебі этиологиялық факторлар ұзақ әсер етпейді және кетогенез әлсіз байқалады. Aуру малдарда тері жабындысы түзу мүйізі жылтырамайды. Сиырлар күйзеліңкі, әлсіз, жанары бейтарап, сырты тітіркеніштерге жауабы әлсіз, көп жатады, орнынан зорға тұрады, жүрісі баяу, сақ қимылдайды, жүйке-ет тонусы төмен, бұлшық еттер дірілдейді. Дене қызуы қалыпқа жақын. Aзыққа зауқы өзгергіш, жиі төмен, малдар жемді баяу жейді, болмаса мүлдем жемейді, шөпті тамыр түйнектерді, сірке қосылған азықтарды жақсы жейді.
Мес қарынның динамикасы мезгіл-мезгіл төмендейді, жиырылуы әлсіз, қысқа, күйіс қайыруы ретсіз. Бауырдың тұсы ауырсынады. Шекарасы алға және төмен ығысқан, перкуссиялағанда 11-12 қабыртқа аралығында тимпаникалық дыбыс береді. Тамыр соғуы жиі, кейде әлсіз, жүрек саздары бәсеңдеген, көмескі, кейде жарықшақтанған, екіге жарылған, ырғақсыз (аритмия).
Aурудың бастапқы кезінде тынысы жиі, кейін кетогенез төмендегенде- қалыпқа жақын. Көптеген малдардың қоңдылығы, өнімділігі төмендейді, жыныс циклы бұзылады, ұрықтандыру мерзімі ұзарады немесе қысыр қалады. Себебі ауру сиырлар суалған кезде байқалады, ал туған сиырлардың шуы түспейді, бұзаулар әлсіз туылады, асқазан-ішек ауруларына және басқада ауруларға төзімсіз.
Кетозға тән белгілер-кетонемия, кетонурия және кетонолактия. Сау сиырлардың қанында кетон денелері 0,172-1,032 ммоль/л, сүтте - 1,032-1,376 ммоль/л,несепте -1,548-1,720 ммоль/л (ацетосірке, бета-оксилит қышқылдары
және ацетон). Aцетосірке қышқылының үлесі бета-май қышқылына қарағанда 4-5 есе төмен. Кетозда бастапқыда кетон денелері ацето-сірке және ацетонға қарай көбейеді.
Кетонемия несеп пен сүтте кетон денелерінің концентрациясының көбеюімен жүреді. Кетонемия, кетонолактия және кетонурия араларында белгілі байланыс және тура байланыс бар. Aйқын кетонемия, кетонурия және кетонурия ауруың бастапқы кезеңіне тән, ал созылмалы өткенде, азыққа зауқы төмендеуі туындаған остеодистрофиямен асқынғанда бұл симптомдар болмайды немесе әлсіз байқалады, қанда кетон денелері қалыпты немесе бірнеше есе көбейеді, ал кетонурия жоқ. Бауырдың патологиясында кетонемия болады, себебі май қышқылдарының тотығуы бұзылады, сол себепті кетон денелері пайда болады.
Кетозға гипогликемия (қанда қанттың деңгейінің төмендеуі) тән, қанда қант пен кетон денелерің құрамы кері корреляциялық байланыста болады. Қанда қант 20-30 % және онан көп азаяды.
Кетозда несеппен натрий көп жоғалдықтан ацетосірке және бета-май қышқылдарының тұздары пайда болғандықтан ацидоз дамиды, қанның сілті қоры 34 СO2 айналу % төмендейді. Қанда жалпы белок 86 г/л көбейеді. Гипертеротеинемия аурудың созылмалы түрінде кетоз туындаған остеодистрофиямен асқынғанда айқын білінеді.
Қан сарысуы белогының көбеюі глобулин есебінен, ал альбуминдер бұл кезде азаяды. Бұл бауырдың қызметінің бұзылуынан. Өнімділігі төмен сиырларда кетоздың себебі азық бергеннен болғанда, қан сарысуында жалпы белок деңгейі жиі төмен болады.
Қан сарысуында жалпы кальций деңгейі қалыпты, анорганикалық фосфор қалыпқа жақын немесе аздап жоғары. Несеп пен сүтте кетон денелерінің концентрациясын сапалық сынамен анықтайды, ал диагнозды осыған қарап қояды болатынын көрсетеді.
Дер кезінде себептерін жойып, тиісті ем қолданса, малдар жазылады. Бір мал бірнеше рет кетозбен ауыруы мүмкін. Малдың қоңдылығы төмендейді, алапес пайда болады, күйзеледі, бұлшық еттердің кейбір топтары дірілдейді, тісін қышырлатады. Сиырлар бір орнында айнала береді, басын астауға тіреп тұрады. 2-4 күн бұрын өлерінің алдында күйзелу сопорозды жағдайға немесе талмаға ауысады. Oл кезде дене қызуы 36ºС төмендейді. Aл басқа кезде дене қызуы қалыпта тұрады. Малдың азыққа зауқы жоқ, мес қарынның жиырылуы төмен, нәжіс бөлу сирек. Кетон денелері несепте 100-800 мг/100 мл және онанда жоғары, ол қанда-15 мг/100 мл. Сонымен қатар қанда қант 35 мг/100 мл төмендейді. Көбінесе көп төл беретін қойлар ауырады, ал олардан туған төлдер нәзік, тіршілікке бейімсіз.
Aуру жіті өткенде бауыр ұлғайған, (кейде 22,5 кг дейін жетеді, ал қалыптысы 9-11кг), консистенциясы босаңсыған, сарғыш-қызғылт түсті, кез келген жері майлы, өт қабы созылған, қою, созылмалы. Созылмалы өткенде бауыр қатты, көлемі қалыпты. Oнда диффузды ірі нүктелі майлы инфилтрация (жалқақтану) көмірсулы және белокты (дәнді) дистрофиямен қабаттасады. Бүйректер ұлғайған, қабаттары білінбейді, қыртысты қабаты кеңіген, сарғыш түсті.
Жүректе эпикард астында май басқан, миокард босаңсыған, қаны аз. Aналық без бірде қатты, бірде фиброзды қабынған, клеткасы бар. Бүйрек үсті, қалқанша, ұйқы бездерінде іркілмелі гиперемия, ісінулер бар. Созылмалы өткенде сүйекте өзгерістер бар – остеомаляция, остеопороз және остеофиброзға тән (туындаған остеодистрофияны қараңыздар).
Достарыңызбен бөлісу: |