Сілтлік жер металдары Кальций және оның қосылыстары Периодтық жүйедегі орны



Дата16.05.2020
өлшемі0,76 Mb.
#68939
Байланысты:
Сілтілік жер металдар кальций

  • Периодтық жүйедегі орны.
  • Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 20, ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар.Ar =40. Электрондарының жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций қосылыстарында тұрақты II валентті.
  • Физикалық қасиеттері.
  • Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
  • Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау
  • t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит , ангидрит, гипс, флюорит, апатит.
  • Химиялық қасиеттері.
  • Кальций оттекпен әрекеттесіп, оксид түзеді:
  • 2Сa+O2=2CaO
  • Бейметалдармен әрекеттеседі:
  • Сa+Br2 =CaBr2
  • Ca+S=CaS
  • Ca+H2=CaH2
  • Қышқылдармен әрекеттеседі:
  • Ca+2HCl=CaCl2+H2
  • Кальций сумен қуатты әрекеттеседі:
  • Ca+2H2O=Ca(OH)2 +H2
  • Са + Н2 = СаН2   кальций гидриді
  • Са + Сl2 = СаСl2  кальций хлориді
  • 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
  • 6Са + 2N2=2Са3N2 кальций нитриді
  • Ca + 2С =СаС2  кальций карбиді
  • Жай заттар
  • Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада  (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
  • СаС03 =t= СаО + СО2↑- 180кДж
  • Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
  • СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж
  • Лабораторияда  көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әк суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:
  • Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О
  • Газды одан әрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:
  • СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2
  • Жаңбыр және басқа да табиғи сулар ауадағы көмірқышкыл газын ерітіп, көмір қышқылын түзеді:
  • H2O + CO2 ↔ H2CO3
  • Кальций гидрокарбонатының ерітіндісі баяу ыдырайды, ал кыздырғанда, бұл процесс күшейе түседі: Са(НС03)2 =t= CaCO3↓ + Н20 + C02↑
  • Табиғатта гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
  • CaS04 • 2Н2О = CaS04 • 0,5Н20 + 1,5Н20
  • Ca
  • Көкөністердің құрамына Ca кіреді.
  • Құрамында кальцийі бар тағамдар.
  • Қорытынды
  • Кальций-белсенді сілтілікжер металы. Ол оттекпен, бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі. Маңызды қосылыстары: сөндірілген әк CaO, сөндірілген немесе әк суы, әк сүті Са(OH)2, әктас немесе бор, мәрмәр, СаСО3, ғаныш СаSO4·2H2O, фосфорит Ca3(PO4)2 және т.б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет