Автомототуризм
—
арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін
жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы
жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары
жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық
құтқару құралдарының (от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс
шлемдері, қауіпсіздік белбеулері т.б.) болуын талап ететін жорықтарды
ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретіиде туризмнің бұл тұрі
бойынша автомобильдер, мотоциклдер, мопедтер т.б. қолданылады.
Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп тұрған.
Спелеотуризм
—
үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі
лабиринтер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен
жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың
болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Кейбір үңгірлер
түбінде жер асты көлдері мен жер асты өзендері болады. Үңгірлер
вертикалды және горизонталды болуы мүмкін. Өз бойында тау және су
туризмі техникасы элементтері мен құрал
-
жабдықтарын біріктіреді.
Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін
құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.).
Спелеотуризм бойынша маршрутгар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты,
яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан
тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: