Реферат Тақырыбы: Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Орындаған: Халикова М. Х. М1901-12 Қабылдаған: Әліпбек А. З



бет1/6
Дата05.10.2022
өлшемі66,79 Kb.
#151830
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
халикова махбуба

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Кафедра: Тарих және педагогика

Реферат
Тақырыбы: Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері.
Орындаған: Халикова М.Х. М1901-12
Қабылдаған: Әліпбек А.З.

Шымкент 2022



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Стресске анықтама
2 Стресстің белгілері
3 Эмоциялық стресс
4 Хроникалық стресс
5 Жағымсыз ойсоққы
6 Стрессті тудыратын факторлар
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Стресс туралы ілім – Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны «жай ауру синдромы» сияқты белгіледі. Ол көптеген адамдардың ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол «күйзеліс» түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық институты болған Монреальда жұмыс істеді. 1936 жылы Г.Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс» және «Жалпы бейімделу синдромы» және «биологиялық стресс синдромы» деген жаңа ұғымдарын енгізді.


Шамамен Г.Селье бүкіл ағзаға қатысты стресс концепциясын құрған кездері, 1934 жылы ҚССР-да Насосов Д.Н. бірінші рет тірі клетканың құрамы айналадағы қоршаған ортаның кез келген өзгерістеріне біртекті сезімтал екендігін көрсетті. Өзгеріс ең басты келесе түрде өтті: цитоплазманың тұтқырлығы өсті, оның диперсиясы азайды, сутегі иондарының концентрациясы жоғарлады. Бұл көрініс «паранекроз» деп аталады. Д.Н. Насосовтың жолын қуушы, Александров В.Я. 1965 жылы зақымданудың денатурациялық теориясын ұсынды. Одан кейінірек Тагеева С.В. кез келген клетканың органелласы сыртқы орта әсерлеріне біркелкі морфологиялық және қызметтік өзгерістер комплексімен жауап беретінін көрсетті. Сондықтан стресстің организм деңгейіндегі концепциясы Г.Сельенікі болса, клеткалық деңгейдегі (клеткалық бейімделу) бейспецификалық жауап теориясы Кеңес Одағында дамыды деп айтсақ шындық болып саналады.
Г.Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.
Стресс – организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап – зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі.
Сонымен қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм – стресс-реакция немесе жалпы бейімлеу синдромы деп аталады.

Стрессорлар дегеніміз стресс реакциясын тудыратын сыртқы және ішкі ортаның барлық факторлары, оған мыналар жатады:


1. Қоршаған ортаның зиянды күшейткіштері (физикалық және химиялық,
факторлар).
2. Ағзадағы инфекциямен (жұқпалы аурулар) қоса әр түрлі аурулардағы
физиологиялық прцестердің бұзылуы.
3. Уақыт жетіспеген жағдайда жұмыс істеу, ақпаратты жылдам өңдеудің
қажеттілігі.
4. Өзінің және басқаның өміріне қауіп төнген уақытта жұмыс атқару.
5. Тіршілікке қауіптілікті сезіну.
6. Үйреншікті өмір салтынан айырылу, бөлініп шығу.
7. Жеке басына топтық қысым көрсету, қуғындау.
8. Оқиғаны бақылау мүкіндігінің болмауы.
9. Өмірде мақсаттың болмауы.
10. Сыртқы әсірлердің (тітіркендіргіштің) болмауы (сенсорлы
депривация).
Көріп отырғандай, адамның жануарлардан ерекшелігі стресстің көптеген себептері тұрмыстық және экономикалық сипатта болады. Бірақ стрессті тек теріс факторлар ғана емес, терең ой уайымдар да туғызады.
Стресс түрі бойынша жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жедел түрі кезінде қорғаныс механизмі тітіркендіргіш әсер еткенде стрессор қысқа уақытқа созылады. Созылмалы кезінде күйзеліс туғызушылар ұзақ әсер етеді. Сондықтан оған реакция және қорғаныс механизмінің өзіндік ерекшелігі бар.
Сонымен қатар стресстерді физикалық (физикалық, химиялық, юиологиялық фактор әсер еткенде) және эмоциялық (теріс эмоцияны тудыратын психологиялық фаторлар) деп те бөлінеді.
Стресстің белгілері стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет