1 Стресске анықтама
Стресс дегеніміз не? Психологтар «стресс» тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасады. Оған мынадай ғылыми анықтама беріледі: Стресс – аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы.
Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады.
Бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стресстің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стресстің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стрессті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стрессті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стресстің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стресстің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стресске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стресстік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950 – 1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс, жануар физиологиясында психиологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын оқиғалар пеихологиялық стресстің себепкері болып саналады. Адамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде танымдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада шығып кетіп отырады.
Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стресстен арылудың жаттығуларын ұсыну. Адамда болып тұратын психикалық процесс эмоция туралы түсінік беру.Адам ағзасына эмоциялық әсердің заңдылығы туралыбілімді қалыптастыру.
Міндеті: эмоция, көңіл-күй туралы білімдерін өмірде, практикада қолдана білуін қалыптастыру.Стресс жайлы түсінік пен оның алдын алу жолдарын қалыптасыру.
Достарыңызбен бөлісу: |