Сутек асқын тотығы реакция жағдайына орай бірде тотықтырғыш, бірде тотықсыздандырғыш бола алады. Оның тотықтырғыштық сипаты өзіне екі электронды қосып, су мен оттекке жеңіл бөлінетін молекула құрамымен түсіндіріледі.
немесе
Тотықсыздандырғыштық қасиеті әлсіздеу болады және ол күшті тотықтырғыштар ықпалымен туындайды.
немесе
Сутек асқын тотығу , тотықсыздандырғыш қатысқан қышқылды ортада тотықтырғыштық қасиеті сілтілік және нейтральдық ортада байқала береді.
Сутек асқын тотығы, оған қышқылдық, негіздік нейтральдық ортада күшті тотықтырғыш әсер еткенде тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.
Сутек асқын тотығының бактерецидті қасиеті. Клеткалар демалғанда тұрақты түрде сутек асқын тотыға түзіліп отырады. Бұл зат-мүлдем зиянсыз өнімм емес, оның аз мөлшерінің өзі клетка өміріне қауіпті бола алады екен, демек, күллі организмге де қатерлі. Клетканы бұл қатерден өмір тіршілігі кезінде өзі синтездеп шыққан каталаза ферментті, сутек асқын тотығын тез және көптеп ыдырату арқылы қорғап қалады.
Сутек асқын тотығы органикалық қосылыстармен әрекеттескен кезде өзін тотықтырғыш ретінде ұстайды. Сусыз, таза асқын тотық денені күйдіріп, жанатын заттарды өздігінен тұтандырады. Сутек асқын тотығымен күйген денеде, оған тән ақ дақтар пайда болып, соңы жараға айналады. Мұндайдағы алғашқы жәрдем, мол сумен ұзақ шаю. Сутек асқын тотығы бактерицидті зат ретінде, медицинада дезинфекциалаушы орнына қолданылады және ол шаймалап, шайып тастау, қан тотықтатқыш үшін үш процентті ерітінді түрінде жұмсалады. Оны сақтағанда, ондағы тұрақты жүретін ыдырау процесін төмендету мақсатымен, қара шына ыдыста, барынша салқын, қараңғы жерді пайдаланған жөн.
ІА топтың элементтері және олардың медицинада қолданылуы. Элементтердің периодтық системасындағы ІА топқа орналасқан типтік элементтер сілтілік металдар: литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций. Қолданылмалық тұрғыдан алғанда тек К мен ас0ын тоты0тары мен супертотықтарының маңызы зор. Олар жабық жүйе мен улы газдан қорғайтын аспаптарда пайдаланған оттекті демалу кезінде бөлінген қорексіз заттан (қосылыстан) тазартып, оны қайта пайдалануға қажетті ету үшін қолданылады. Атап айтқанда сүңгуір қайықта, космоста. олар керексіз затты өз бойына дарытып ыдыратады. Мысалы:
Сілтілік металдардың тұздары барлық қышқылдар үшін белгілі. Әдетте олар, көбінесе ион типіндегі байланыста болатын түссіз кристалды заттар. Кейбір тұздардың бояуы ионға байланысты.
Сілтілік металл тұздары жоғарғы температурада балқып, еріген және балқыған кезде электрді жақсы өткізеді. Әлсіз қышқыл тұздары суда ерігенде гидролизденіп, гидроксилді ион концентрациясы жоғарылап, ерітіндіде сілтілік реакция туындайды.
Сілтілік металдардың организіміндегі биологиялық ролі өте жоғары, оған организмдегі калийдің 250г натрийдің 70г болуы дәлел.
; натрий-клетка сыртындағы ең басты ион,
К; калий-клетка ішіндегі негізімен. Қан сары суындағы осмотикалық қысым натрий хлоридінің есебінен керекті деңгейде тұрады. Организмдердегі осы екі ионның өзара байланысы, клеткалық изотондығын қалыпты етуге көп әсерін тигізеді. Мысалы, организмде натрий хлориді жетіспеген жағдайда жүйке ет жұмыстары бұзылады. Сол сияқты калий ионы да организм жұмысында аса роль атқарады. Жүрек бұлшықетінің қозып, оянуы мен өткізгіштігі калий ионының мөлшерімен анықталатынын айтса да жеткілікті: концентрацияның артуы жүрек бұлшықетінің өздігінен жұмыс істейтін және кішірею қабілетін төмендетеді, ал калий иондарының қан сары-суында азаюы жүрек соғуының жиілігін бұзады, калий жүйке жұмысы мен оның хабарын басқа организмге жеткізуге де қатынасты. Медицинада литий иондарының организмдердегі атқаратын жұмысы мен орны жайлы айтарлықтай мәлімет жинақтары. Айталық, литийдің кейбір қосылыстары психикалық ауруларды емдеуге қолданылады.Сілтілік металдардың бірқатар органикалық қосылыстары медицина іс жүзінде қолданылуда. Натрий хлориді, . Нарий хлоридінің қан құрамындағы концентрациясы 0,5%, бұл мөлшер қандағы осмостық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Натрий хлоридін концентрациясына байланысты изотондық 0,9% және гипертонолиялық -3%, 5% 10% ерітінділерге бөледі. Натрий хлоридінің изотонды ерітіндісін адам көп сұйықты жоғалтқанда, тері астына көк тамырға және клизма арқылы енгізеді. Сол сияқты, бұл ерітінді әртүрлі дәрі-дәрмектерді ерітіп, даярлау үшін де қолданылады. Ал гипертонологиялық ерітінді қабынған кезде дененің сыртынан сулап, қысып таңу үшін қолдаылады.Гипертонологиялық ерітнділермен ауызды, шайып, ттыныс алу жүйесін емдеп, булау (ванна) жасауға болады.
Калий хлориді . Бұл тез бұлшық етазып-тозып әлсіреген кезде қаңқалық бұлшықетті қысқарту үшін қажет. Калий хлоридін қолданудың басты көрсеткіші, ол жүрек соғуы жиілігінің бұзылғаныү Калий хлориді глюкозада ерітілген күйінде көк тамырға егімді немесе судағы 10% ерітінді түрінде ішеді.
Натрий гидрокарбонаты (ас содасы), еріген кезде гидролиз нәтижесінде, сілтілік ерітінді береді және осыған орай ол медицина жиі қолданылады. Асқазан сөліндегі қышқылдық жоғарылаған кезде оны ішеді және оның ішек-ішкі құрылым ауруларын емдеуге қажет дәрі-дәрмек құрамына қосады.
Натрий бромиді, және калий бромиді . олар тыныштандырушы, жайландырушы препарат ретінде қолданылады, өйткені олар бас қабатындағы мидың қозуы мен тежелуі арасындағы қатынастың бұзуымен реттеп, қалыпқа келтіреді. Натрий иодиді, және калий иодиді қалқынша безі ауырған кезде қолданылады. Калий иодиді тыныс жүйесі қабынғанда және көз аурулары кезінде де пайдаланылады.
Литий карбонаты . Қияли ауру жиі-жиі және күшті ұсқағанда қолданылады.
Медициналық емдеу жұмысында, сілтілік металдардың басқа да тұздары жиірек және кеңінен қолданылады. Мысалы, калий перманганаты мен натрий тетрабораты антисептік ретінде, калий гидротартраты (шарап қышқылды калий) мен натрий сульфаты ішті айдайтын дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады.
ІІА топтың элементтері және олардың маңызды қосылыстары. екінші топтың басты топшасына берилий, магний, кальций, стронций, радий элементтері енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |