Реферат тақырыбы: Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамида Тобы: 1509-11 Орындаған: Оспанова А



бет2/5
Дата23.09.2022
өлшемі34,03 Kb.
#150469
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2
Оспанова Арайлым Питон, ОФД,Лекция жинағы, 2022ж., 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Экологиялық пирамида — экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас. Өрнектелу түрлері:

  • нақты массамен (биомасса пирамидасы),

  • дарақтар санымен (Элтон сандарының пирамидасы),

  • дарақтардың энергия мөлшерімен (энергиялар пирамидасы).

Негізгі бөлім

  1. Продуценттер, Консументтер, Редуценттер

Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер. Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер, олар жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді.
Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер.
Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар— өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды.

  1. Экология, қорық

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген. Э. Геккель (1866 ж).
Қорықтар- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16 -шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13 -ші орында. . Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет