Реферат тақырыбы: Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамида Тобы: 1509-11 Орындаған: Оспанова А



бет4/5
Дата23.09.2022
өлшемі34,03 Kb.
#150469
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті 11-2
Оспанова Арайлым Питон, ОФД,Лекция жинағы, 2022ж., 572221.pptx, анар биохим, 15 дәріс, 027-1, 1590487531j7xn7
Биомасса пирамидалары – биомассалардың сандық арақатынастарын егер ағзалардың көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі даралардың биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады.
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.
Энергия пирамидасы – экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі бірлестіктің функционалдық құрылымы туралы ең толық көрініс беретін түрі, себебі әр трофикалық деңгей әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын ағзалардың санымен массасы ілгері тұрған деңгейдегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді. Энергия пирамидасы азық массасының қоректік тізбесі арқылы өту жылдамдығын көрсетеді.
Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
Энергия пирамидасының маңыздылығына тоқталатын болсақ, экожүйедегі энергия ағынын бақылай отырып, біздің көптеген экологиялық қауіптің алдын алу мүмкіндігіміз бар. Өйткені, осы аталған үш пирамидалық көрсеткіштер тіршілік қауіпсіздігін сақтауға қажетті факторлар немесе процестерді анықтауға көмектесе алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет