Реферат тақырыбы: tqm тұжырымдамасы және модельдері Орындаған: Алпысбайқызы Ж. Тексерген: Жамурова В. Алматы,2023


Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері



бет4/5
Дата06.03.2023
өлшемі119,56 Kb.
#171177
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сапа жүйесі Жанна


3.2 Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері


Сапа негізінде жүйелі басқарудың замануи амалдары өз бастауын Жапониядан алады. Мұнда 1950 ж. басында данышпан американдық ғалымдарының Э. Деминг, Д. Джуран және А. Фейгенбаумның идеялары іс-жүзінде қолданыла бастады.


Өндірістік кәсіпорындарында үздіксіз 4-кезеңді сапаны жақсарту PDSA циклі, сапа негізінде кешенді басқару ұстанымдары енгізілді. Сапа саласындағы жетістіктері үшін Деминг атындағы сыйлық тағайындалды, сапа негізінде басқару мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін дәріптелді және ұлттық идеяға айналды.
Кәсіпорынды сапа негізінде жүйелі басқарудың Жапондық амалы 5 функционалды элементтерден түрған:
1.Сапа мәселелерін талдаудың статистикалық әдістерін қарапайым жұмысшылар деңгейінде пайдалану.
2. Сапа негізіндегі жалпыға ортақ менеджмент тұжырымдамасын пайдалану:
- сапа негізінде басқару өнім өндірудің барлық кезеңдерінде жүзеге асады;
- сапа негізінде басқару жүйесіне барлық бөлімшелер мен қызметкерлер ат салысады (өндірістік үдерістердің барлық үзбелерінің өте шебер реттелгендігі);
- жарамсыз тауар өндіріліп жатырғанын көрсе, кез келген қызметкер конвейер желісін тоқтатуға құқылы;
- өнімнің жоғары сапасына қол жеткізу жолы күн сияқты ашық болуы тиіс.
3. Сапа негізінде инновациялық басқару құралдарына персоналды оқыту жаппай, өндірістен қол үзбей жұмыстан бос уақытта, сонымен қатар өз бетімен білім алуды уәждеу.
4. Топталып басқару (1962 ж. бастап сапа үйірмелерінің – бір бөлімшенің өз еркімен кәсіпорынның сапа мәселелерін үнемі жақсартуды іздеу және шешумен шұғылданатын 8-10 адамнан тұратын қызметкерлердің іс-әрекеті). Жапонияда ресми тіркелген сапа үйірмелер саны – 1 млн., үйірмешілер – 10 млн. адам, олар жыл сайын орташа есеппен 100 млн. дейін жақсартуға ұсыныстар дайындайды екен, оның 70 % өндіріске еңгізіледі. Үйірме отырыстары жұмасына 1 рет жұмыстан тыс уақытта 1 сағат көлемінде өтеді. Сапа үйірмелеріндегі жұмыс адамдардың ұйқысыраған нышандарын ашады және фирманың «бірлескен» рухын қалыптастырады (бұл адамдардың мінез-құлқының ерекше құбылысы (феномені) ынтымақтастық, біріккендік, шын берілгендік және қызметкерлердің фирма идеалдары мақсаттары мен рухани құндылықтарына қолдаушы түріндегі сезімдер). Елде жоғардан жөн сілтеу мен түрткілеусіз сапа негізінде үнемі жақсартудың табиғи рухы қалыптасқан, себебі бүкіл ой еңбекті басшыларға жүктеуге болмайды, жұмысшының компания табысына үлесі тек дене еңбегімен шектелмеуі керек.
5. СМЖ тікелей бірінші басшы басқарады. Ол ақиқат көшбасшы ретінде СМЖ қызмет етуіне жауапты сапа саласындағы басшылықтың өкілін (СБӨ) тағайындамайды, ал оның функциясын өзі орындайды, себебі келесілерді жете түсінген:
- сапа негізінде басқарудың жауаптылығы орынбасарларға берілмейді, тек қосымша өкілеттік беріледі;
- сапа жоғарғы басшылықтан басталады және кәсіпорынның тағдырын анықтайды.
Әр қызметкерге сапаны қамту бағдарламасына қатысу - «бес нөл» ұстанымдары тұжырымдалған:
- ақаулар пайда болуға жағдай туғызба;
- ақаулы өнімді келесі операцияға берме;
- ақаулы өнімді өткен операциядан қабылдама;
- технологиялық режимді өзгертпе;
- қателеріңді қайталама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет