Бұрынғы КСРО – да 1950 – 1980 жылдары, әсіресе әскери – өнеркәсіптік кешенде және көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру саласында бірнеше тиімді сапа негізінде басқару жүйелері құрылып та, пайдаланылып та отырды.
1967 жылы Мемлекеттік сапа белгісі бекітілді, ол сапаны «жоғары» деп мойындалған көпшілік тұтынатын және өндірістік – техникалық бағыттағы тауарларға қойылатын болған.
Сондай – ақ маңызды практикалық мағынасы бар болған 1970 жылы шығарылған КСРО Үкіметінің «Шығарылатын өнім сапасын жақсартудағы стандарттардың маңызын көтеру туралы» қаулысы да бар.
Сапа негізінде басқарудың теориялық аспектілерінің дамуына кеңес ғалымдары Гличев А.В., Азгальдов Г.Г., Бойцов В.В., Субетто А.И., Воронин Г.П., Лапидус В.А., Калита П.Я., Адлер Ю.П., Рубаник Ю.Т., Рождественский В.Л. және тағы да басқа үлкен үлес қосты.
Сапа негізінде басқару бойынша бір қатар кешенді жүйелер дайындалған болатын, соларға тоқталып кетсек:
БИП – Саратовтық ақаусыз өнім дайындау жүйесі, 1955 ж. Бұл жүйе мәні – технологиялық операцияларды қатаң орындау, жақсы жағы – техникалық құжаттардан шегінбейтін өнім дайындауды қамтамасыз ететін алғы шартын құру, сапа критерийі - өнімнің ТББ алғашқы ұсынылып тапсырылған пайызы, кемшіліктері – іс әрекет саласының шектелгендігі (негізгі өндіріс).
КАНАРСПИ – алғашқы бұйымдардан бастап сапа, сенімділік, ресурс, Горький қаласы, 1958 ж. Жүйенің мәні – құрылымның және өндірістің технологиялық дайындығының жоғары деңгейі, жақсы жағы – бұйымның сенімділігін арттыру, сапа критериі – бұйым сапасының белгіленген талаптарға сәйкестігі, кемшіліктері – тұтынушыға тиісті бейімделудің жоқтығы.
НОРМ – қозғалтқыштардың моторесурстарын көбейту бойынша жұмысты ғылыми ұйымдастыру, Ярославль қаласы, 1964 ж. Жүйе мәні – бұйымдар сапасын және техникалық деңгейді арттыру, артықшылығы – қозғалтқыштардың ресурстарын ұлғайту, сапа критериі – моторесурстың жоспарланған деңгейінің бірінші күрделі жөндеуге дейінгі сәйкестігі, кемшіліктері– тұтынушыға тиісті бейімділігінің жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |