Visual Studio-да аспаптарды жасыру VisualStudio.NET-те автоматты түрде жасыру деп аталатын аспаптарды жылдам жасыру және көрсету механизмі бар. Автоматты түрде жасыру функциясы көптеген аспаптардың терезелеріне қол жетімді. Аспап терезесін жасыру үшін терезе тақырыбының оғ жақ бөлігіндегі Auto Hide (Автоматты түрде жасыру) батырмасын басыңыз. Ал терезені бекіту үшін автоматты түрде жасыру батырмасын қайта басыңыз. Тура осындай әрекетті Window (Терезе) мәзіріндегі Auto Hide (Автоматты түрде жасыру) командасы көмегімен жасауға болады. Автоматты түрде жасыру функциясы мен батырмасы тек қана бекітілген терезелер үшін қол жетімді. Кері жағдайда Auto Hide (Автоматты түрде жасыру) командасын немесе батырмасын көре алмайсыз.
Анықтама алу Visual Studio.NET жиынтығына жедел анықтамалық нұсқау кіреді, онда Visual Studio әзірлеу ортасы, Visual Basic бағдарламалау тілі, .NET Framework ресурстары және Visual Studio жиынтығына кіретін басқа да аспаптар туралы қажетті мәліметті табуға болады.