Visual Studio .NET аспаптары
Мәзірдің жоғарғы жолында әзірлеу ортасын басқаратын командалардың басым көпшілігі орналасқан. Мәзір жолының төменгі бөлігінде қандай да бір командаларды іске қосатын немесе Visual Studio әзірлеу ортасын басқаратын батырмалардың жиыны болып саналатын аспаптардың стандартты панелі орналасқан. Visual Studio әзірлеу ортасынында негізгі аспаптар- олар Solution Explorer (Шешім шолушы), Properties (Қасиеттер) терезесі, Dynamic Help (Динамическалық анықтама), Windows Forms Designer (Windows Forms конструкторы), Toolbox (Элементтер облысы) және окно Output (Шығару) терезесі.
Егер қандай да бір аспап көрінбесе және ол қажет болған жағдайда, View (Кескін) мәзірін ашып сіз қолданғыңыз келген аспапты таңдайсыз. Басқа да қалаған аспаптарыңызды Other Windows (Басқа терезелер) терезесінен таба аласыз.
Егер Open Project (Жобаны ашу) диалогтық терезеде файл атауларының кеңейтілуі көрінбесе, онда файлдық жүйенің баптауында файлдардың тіркелген типтерінің шешімдерін жасыру параметрі таңдалған болуы мүмкін. Бұл параметрді Windows cілтеуішінде (Проводник) өзгертуге болады. Windows cілтеуішінің Tools (Қызметтер) мәзірінде Folder Options (Папка қасиеті) пунктін шертіңіз. View (Кескін) қосымша парақшасының Folder Options (Папка қасиеті) диалогтық терезесінде Hide File Extentions For Known File Types (Файлдардың тіркелген типтері үшін кеңейтілуді жасыру) жалаушасын алып тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |