Файлдық жүйені құру, тексеру және түзету Жоспар



Дата20.03.2020
өлшемі59,87 Kb.
#60558
Байланысты:
1ee91001-a9ab-4f11-a538-258317902ef6 (1)

Файлдық жүйені құру, тексеру және түзету
Жоспар:

1. Файлдық жүйенің құрамдары

2. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері. Файлдық жүйенің менеджері.

3. Файлдарды қорғау мен сақтау

4. Файл спецификациясы

5. Файл атрибуттары

6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою
1. Файлдық жүйенің құрамдары

Көптеген операциялық жүйелерде файл аты нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, мысалы prog.с. нүктеден кейінгі файл атының бөлігі файл атауының кеңейтілуі деп аталады және әдетте, оның типі сипатталады. Сонымен  MS-DOS-та файл аты 1-ден 8-ге дейінгі символдарға қоса 1-ден 3-ке дейінгі кеңейтілуден тұрады. UNIX-те файл кеңейтілуінің шамасы пайдаланушымен анықталады. Сонымен қатар, файлдың бірнеше кеңейтілуі болуы мүмкін, мысалы, prog.с . bz2, мұндағы bz2 кеңейтілуі prog.с файлының bzip2 алгоритмі көмегімен сығылғанын білдіреді. Кейбір жиі кездесетін файл атауының кеңейтілулері және олардың мағыналық жүктемесі 1-кесетеде көрсетілген.

 

1 – Файл атауларының кейбір типтік кеңейтілулері



Кеңейтілуі

Мәні

file.bak

Файлдың резервтік көшірмесі

file.с

С тіліндегі бағдарламаның бастапқы мәтіні

file.gif

GIF форматындағы бейне

file.hip

Анықтама файлы

file.html

HTML (веб-бет) форматындағы құжат

file.jpg

JPEG стандартының статикалық бейнесі

file.iso

Компакт-диск бейнесі, оны жазу үшін арналған

file.mp3

MPEG форматындағы музыка, 3-деңгей

file.mpg

MPEG форматындағы фильм

file.о

Объектті файл (компилятордың әлі жинақталмаған шығыс файлы)

file.pdf

PDF (Adobe Acrobat бағдарламасының) форматындағы құжат

file.ps

PostScript форматындағы құжат

file.tex

ТЕХ форматтау бағдарламасы үшін кіріс файлы

file.txt

Ортақ міндетті мәтіндік файл

file.zip

Сығылған архив

 

        2. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері. Файлдық жүйенің менеджері.

Файлдар бірнеше тәсілдермен ұйымдастырылуы немесе құрылымдануы мүмкін. Құрылымның үш түрі 10.1-суретте көрсетілген. 10.1а суретегі файл байттардың құрылымдалмаған тізбегін көрсетеді. Бұл жерде операциялық жүйе файл мазмұнына қызығушылық танытпайды. Оның бар көретіні –  байттар. Бұл байттарға мәндер пайдаланушы деңгейіндегі бағдарламалармен меншіктеледі. Мұндай тәсіл UNIX-пен қатар Windows 98 жүйесіне де тән. Оперциялық жүйенің файлдарды тек байттар тізбегі ретінде трактовкалауы максимальді иілгіштікті қамтамасыз етеді. Пайдаланушы бағдарламалары файлға барлық нәрсені орналастыра алады және оларды өздеріне ыңғайлы кез келген тәсілмен атай алады. Операциялық жүйе бұл процеске араласпайды, бұл ерекше нәрсе жасауға жиналған пайдаланушылар үшін айтарлықтай құнды болып табылады. Құрылымдау бағыты бойынша бірінші қадам 10.1,б суретте көрсетілген. Берілген модельде файл әрқайсысы өз ішкі құрылымымен болатын фиксирленген ұзындықтағы жазбалар тізбегі болып табылады. Жазбалардан тұратын файлдар үшін ең маңыздысы – оқу операциясы бір жазбаны қайтарады, ал жазу операциясы бір жазбаны жаңалайды немесе толықтырады. 80 тесікті  бағандардан тұратын перфокарталар қолданылған бірнеше ондаған жылдар бұрын көптеген операциялық жүйелер (мэйнфреймдерде) 80-символдық жазбалар – перфокарталар бейнесінен тұратын файлдарды операциялады. Бұл операциялық жүйелермен сызықтық принтерлерге арналған (сол кездері бір қатарда 132 символ баспаға шығаратын) 132-символдық жазбалардан тұратын файлдар да қолдау тапты. Нәтижесінде бағдарламаларды кіріс файлдарынан 80-символдық блоктарды оқыды және сол сәтте оларды 132-символдық блоктарға кеңейтті. Қазіргі кезедегі ешқандай әмбебап жүйе бұлай жұмыс істемейді.   Мұндағы негізгі файлдық операция мүмкін болса да келесі жазбаны алу емес, кілттің көрсетілген мәніндегі жазбаны алу болып табылады. 10.1,в суретте көрсетілген файл үшін, мысалы жүйеден жазбаның файлдағы дәл орнына алаң болмай-ақ «пони» кілтті жазбаны сұрауға болады. Жаңа жазбаны қосу барысында оны қайда қоюды  пайдаланушы емес, операциялық жүйе шешуі тиіс. Файлдардың мұндай типі  UNIX және Windows 98 жүйелерінде қолданылатын құрылымдалмаған байттар ағынынан принципиальді түрде ерекшеленеді. Осыған ұқсас файлдық жүйелер деректерді коммерциялық өңдеу үшін де пайдаланылатын үлкен мэйнфреймдерге тән болып келеді.

3. Файлдарды қорғау мен сақтау

Көптеген операциялық жүйелер әртүрлі типтегі файлдарды қолдайды. Мысалы, UNIX және Windows жүйелерінде қарапайым файлдар мен каталогтар арасында айырмашылық бар. Сонымен қатар, UNIX жүйесінде символдық және блоктық арнайы файлдар бар. Windows XP жүйесі метадеректер файлдарын пайдаланады. Қарапайым (regular) файлдарға пайдаланушы ақпаратынан тұратын барлық файлдар жатады. суреттегі барлық файлдар жай ғана файл болып табылады. Каталогтар – бұл файлдық жүйені құрылымдауды қамтамасыз ететін жүйелік файлдар. Символдық арнайы файлдардың енгізу-шығаруға қатысы бар және терминал, принтер және желі сияқты енгізу-шығарудың тізбектік құрылғыларын модельдеу үшін пайдаланылады. Блоктық арнайы файлдар дисктерді модельдеу барысында қолданыс табады. Бұл бөлімде негізінде қарапайым файлдар қарастырылады. Қарапайым файлдар не ASCII-файлдар, не екілік файлдар болып табылады. ASCII-файлдар мәтіндік қатарлардан тұрады. Кейбір жүйелерде әртбір ASCII-қатар каретканы қайтару символымен аяқталады. Басқа (мысалы, UNIX) жүйелерде қатарды ауыстыру символы пайдаланылады. Бұл екеуі де қажет болатын жүйелер (мысалы, Windows) бар. Қатарлар бірдей ұзындықта болуы шарт емес.Барлық операциялық жүйелер ең болмағанда бір файл типін - өз орындалушы файлдарын тануы тиіс, бірақ кейбір операциялық жүйелер басқа типтегі файлдарды да айыра алады. TOPS-20 ескі жүйесі (DECsystem 20 компьютеріне арналған) оған орындауға берілген әрбір файлдың құрылған уақытына да анализ жасайды. Содан кейін ол бастапқы файлды тауып, орындалушы файл құрылғаннан кейін оның өзгеріске ұшыраған-ұшырамағанын тексереді. Егер орындалушы файл ескірген болса, операциялық жүйе басстапқы файлды автоматты түрде қайта компиляциялайды. UNIX тіліне аударуда – make бағдарламасы қабықшаға кірістіріліп қойылды. Операциялық жүйенің қандай екілік бағдарлама қай бастапқы файлдан туындағанын анықтай алуы үшін файлдар атауының кеңейтілуі міндетті болды.

Алайда, файлдар типінің мазмұнына деген мұндай қатаң байлануы операциялық жүйені құрастырушылармен қарастырылмаған, қандай да бір нәрсені жасауға тырысқан пайдаланушы үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Мысалы, бағдарламалық шығыс файлдары автоматты түрде dat (деректер файлы) кеңейтілуін алатын жүйені алайық. Айталық, пайдаланушы С тілінде бағдарламаның бастапқы мәтіндерін форматтайтын бағдарлама жазды делік. Бағдарлама кеңейтілуі .с болатын файлды оқиды, оны өңдейді және содан кейін нәтижені стандартты кеңейтілуі .dat болатын файлға сақтайды. Егер пайдаланушы кейін бұл файлды С компиляторына ұсынатын болса, операциялық жүйе оны компиляциялауға жол бермейді, өйткені осы әрекет үшін файлдың кеңейтілуі дұрыс емес.  file.dat файлын file.с файлына көшіру әрекеті пайдаланушыны қателіктен қорғау үшін операциялық жүйемен қайтарылып тасталады. Алайда мұндай «достық» пайдаланушыларға қатысты жаңадан келгендерге пайдалы болуы мүмкін, ол операциялық жүйені алдау үшін тәжірибелі пайдаланушыларды шарасыз күйге түсіреді.

4. Файл спецификациясы



Жол – бұл "\" символмен бөлінген каталог атауы немесе ".." символының жиынтығы. Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол "\" символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан.

Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді):

[дисковод:] [жол\]файл-атауы яғни файл сақталған каталогқа жол және "\" символымен бөлінген файл аттарынан тұрады.




Файлдардың толық аттарына мысал:

С:\DOS\RAB\PROG1.exe

- prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған

D:\DOKUMENT\tablica.txt

- tablica.txt файлы қатты дискіде (D: бөлігі) DOKUMENT каталогында сақталған

A:\file1.txt

- file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда орналасқан дискеттің түпкі каталогында

5. Файл атрибуттары

Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

Негізгі атрибуттар төртеу:



тек оқуға арналған – R (Read only)

Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.

жасырын – Н (Hidden)

Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.

жүйелік – S (System)

Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.

архивтік – A (Archive)

Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатады. Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.

Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:құру,жою,атын өзгерту

бір каталогтан екінші каталогқа көшіру. файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы). егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады. Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.

6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою

Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.

Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.



Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файл аты қалай пайда болады? Файлдар типі.

  3. "Орындаушы файл" дегеніміз не?

  4. Файл атының кеңейтілімі қандай қызмет атқарады?

  5. Файлдың ұзын аты қысқасынан немен ерекшеленеді?

  6. Ұзын файл атын жазу кезінде қандай символдарды пайдалануға болмайды екенін атаңыздар?

  7. Каталог дегеніміз не?

  8. Файлдық құрылым түсінігіне не кіреді?

  9. Түпкі каталог дегеніміз не?


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Т. Ермеков «Операциялық жүйелер», Фолиант баспасы, Астана 2008 ж.

  2. И.А. Котлярова, Л.Р. Сулейменова «Операциялық жүйелер», Өскемен, 2013 ж.

  3. Н.А. Сейлова «Операциялық жүйелердің ұйымдастырылуы», Алматы, 2014 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет