Мертон Роберт Кинг (1910 жылы) - қазіргі құрылымдық функционализмнің өкілі. Ол өзінің алдындағы функционалистердің функция қоғамның жеке бөлікгері арасындағы байланысты нығайтып, олардың өзара әсерін камтамасыз етеді деген тұжырымдамасына өзгертулер енгізеді. Оның пайымдауынша бір құбылыстың әртүрлі функциялары болатыны сияқты, бір функция әртүрлі құбылыстармен орындалуы мүмкін. Мертон мынандай үш негізгі постулатты береді:функционалды бірлік постулаты (жоғарыда айтылғандай);әмбебап функционализм постулаты (функционалдық барлық әлеуметтік құбылыстардың пайдалылығы);функционалды қажеттілік, шарасыздық постулаты.
Мертон әртүрлі мақсатта әрекет ететін адамдардың қылықтары функционалды болатынына өзінше түсініктеме берді. Бүл үшін ол анық және латентік (жасырын) функциялардың айырмашылығын енгізді. Анык функция дегеніміз алдын ала ойластырылған әрекеттің нәтижесі және солай сипатта мойындалады (ойша түрткінің объективті нәтижесімен сәйкес келуі). Латенттік функция дегеніміз — әрекет етушінің ойында жоқ әрекет нәтижесі, әрі ол оның (нәтиженің) неден болғанын да білмейді; оның үстіне мұндай нәтижені күтпейді. Нәтиже кейбір қауым үшін функционалды ("пайдалы"), кейбіреуі үшін дисфункционалды болуы мүмкін. Мұндай нақтылаулар Мертонға қоғамдағы дисфункционалды құбылыстарды, аномияны зерттеуге мүмкіндік берді. Аномия қоғамдағы әлеуметтік құрылымдардың қайшылығы мен зорлықка ұшырау нәтижесінде туады. Э.Дюркгейм сияқты Мертон да бұл тұжырымдамаға (аномия теориясына) өз үлесін қосты. Мертон эмпирикалық зерттеулермен әлеуметтанудың жалпы теориясын байланыстыратын орта деңгейдегі теорияның негізін калаушы.
Пауль Лазарсфельд (1901 - 1976 жылдары) - австриялық-америкалық әлеуметтік зерттеуші және әлеуметтанушы. Әлеуметтануда деректерді сапалық талдау әдісін зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол Колумбия университетінде эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеулер орталықтарының бірі — қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер бюросын құрды. Лазарсфельд жүйелі әлеуметтік шолуды аналитикалық әлеуметтанулық құрал ретінде бекітті. Оның болжам әдістерін алуда. Негізгі еңбектері: "Язык социального исследования", "Народный выбор"
Габриэль Тард (12.03.1843, Сарла - 13.05.1904, Париж) - Францияның-әлеуметтік психологы.Тобыр проблемаларымен көп айналысқан