2.5 Status prоesens localis
Сиырдың жалпы жағдайы төмен. Азыққа зауқы жок, күйі өте нашар, кілегей қабықтары бастапқыда қанмен кернелген, артынан сарғыштанған. Тыныс алуы жиілеп, қиындай түсуде. Ішектердің ауырсыну синдромы мен мазасыздану мал азықтанғаннан кейін байқалады, ал сонан соң ауырсыну тұрақты және өте азапты болып тұр. Мал қатты терлейді, алға кедергіні байқамай ұмтыла береді, жерге қалай болса солай құлап түседі, аунайды, арқасымен аунап түседі, қайта тұрады, осылардың бәрі бірнеше рет қайталанады. Іші үлкейген, бөшке тәрізді, анальді саңылауы айналып кеткен, қабыртқасы қатайған, перкуссиялағанда күшті атимпаниялық немесе тимпаниялық, кейде темір сыңғырындай дыбыс естіледі.
Бастапқы кезде перистальтика күшейген, қатты, соңынан бәсеңдейді және мүлдем тоқтайды. Газдардың бөлінуіде соған байланысты болады. Кілегейлі қабықтар гиперемияланған, көгілдір тартқан. Шеттегі веналар ісінген. Қан қысымы бастапқыда көтерілген, тамыр соғуы жиі, соңынан ол әлсіз, кіші, ал қан қысымы қалыптан төмен. Жүрек түрткісі және саздары күшейген. Тынысы жиі, минутына 25-50, көкірек типті. Ауру жедел дамиды 6-12, кейде 20 сағатқа созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |