Реферат Тақырыбы:Ішек ауруларында емдік азықтандырулар Орындаған:Әбдікәрімов Әділет Топ: вм-208 ​​​​​



бет13/14
Дата07.02.2022
өлшемі44,22 Kb.
#97101
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
диет Әбдікәрімов Әділет

Асқорыту жүйесін зерттегенде сиырдың жалпы асқорыту жүйесі бұзылған. Ауырғаннан кейін азыққа тәбеті тартпай, суды көп мөлшерде іше бастаған. Мал аза бастайды. Сиырдың сүт төмендеген.
2.6 Diagnosis
Анамнез және клиникалық, зертханалық белгілеріне қарап диагнозын – Қарынның қабырғасы қатты керілгендіктен тұрақты мазасыздану болды (дистензионды ауырсыну). Осы кезде өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқандығын байқауға болады.
Ауру сиырдың жалпы күйі тез нашарлаған, дене қызуы 39-41°С дейін көтерілген, көздің кілегейлі қабығы қанталап, көкшілденген. Тамыр соғуы жиілейді, минутына 80-90 ретке жетеді. Бастапқыда жүрек саздары күшейеді, ал сонынан әлсіреген.

Қорытынды 
Қортындылай келе бұл ауруларға асқазан мен ішектер ауруларының үлкен тобына жатады. Аурулардың пайда болуы мен дамуы әртүрлі болғанымен оларда жалпы ауырсыну және мазасыздану синдромдары бірыңғай болып келеді.
Колик сиңдромы негізіне асқазан мен ішектердің бітелуі жатады, азық қорыту жолының моторлы, секреторлы және басқада қызметтері, жүрек, тыныстану, зат алмасу және бөлу қызметтері бұзылады, ішектен ауыр уланулармен аяқталады. Жүйке рефлекстері, сезімталдық, вегетативті жүйке жүйсінің қозуы және малдың мінезі бұзылады.
Ауырсыну сезімдерінің көздері әртүрлі себептер болуы мүмкін және ауырсыну біркелкі болмайды, сол себепті Дәрігер малдың мінезіне және мазасызданудың сипатына байланысты бұл жағдайда (колик) «шаншу» деп тауып, диагноз қоюға жақындайды. Мысалы сфинктрлердің және ішектердің кейбір тұзағының қатты түйілуінен түйілмелі ауырсыну пайда болады.
Ал асқазан мен ішек қабырғаларының газдармен немесе қатты жынмен созылуында дистензионды ауырсынулар байқалады, үзбей мазасыздану және ұзақ мерзім болады. Шажырқайдың тартылуында шажырқаилы ауырсынулар болады, бұларда ол үзбей болады, ол бірақ мазасыздану сипатына байланысты өзгешеленеді. Соңында, іш перденің қабынуында рецепторлардың тітіркенуінен перитонеальді ауырсыну болады. Бұл ауырсынулар сызланған сипатта және үзілмейтін әлсіз, бірақ азапты мазасыздану. Ауырсыну синдромында венаға 30-60 мл мөлшерінде 10 %-ды анальгин немесе 150-300 мл хлоралгидрат ерітінділерін енгізеді. Асқазанға зонд енгізеді, газдар мен азық қалдықтарын сыртқа шығарады, малдың жағдайы жақсарады. 4-6 л жылы сумен асқазанды жуып-шайса жақсы нәтиже береді. Ол үшін 1-2 %-ды ихтиол, натрий гидрокарбонат ерітінділерін қолданады. Ішке 10-12 мл сүт немесе 15-30 мл сірке, қышқылдарын бір бөтелге суға сұйылтып ішкізсе, онда пилороспазм басылады.
Ауру малды венасына 200-300 мл 10 %-ды хлорлы натрий ерітіндісіне 2-2,5 г натрий кофеин-бензоаты және 50-100 г глюкоза қосып енгізген жақсы нәтиже береді. Ашу процестерін тоқтату үшін ішке микробтарға қарсы нашар еритін препараттар тағайындайды (антибиотиктер мен сульфаниламидты препараттары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет