Асқазанның афференттік иннервациясының сызбасы – асқазаннан сезімді (ауырғанды, адамның қарнының ашуы, тамаққа тойынғанды сезіну, жүректің айнуын, лоқсу, құсуды сезіну) миға өткізу:
1) парасимпатикалық нервілермен: асқазан (интерорецептор) → rr.gastrici n.vagi → plexus gastricus anterior және plexus gastricus posterior n.vagi → n.vagus → ganglion inferius n.vagi (І-ші нейрон) → nucleus tractus solitarii n.vagi (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → сезу қыртыс орталығы: gyrus postcentralis (жүректің айнуын сезіну, лоқсу, құсу және аштықты сезіну);
2) симпатикалық нервілермен: асқазан (интерорецептор) → plexus gastricus → plexus coeliacus → n.splanchnicus major et minor және симпатикалық сабаудың бел бөлігінің симпатикалық нервілері → ganglion spinale (І-ші нейрон) → жұлынның артқы мүйізіндегі nuclei proprii (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → сезу қыртыс орталығы: gyrus postcentralis (ауырғанды сезіну);
3) жұлын нервілерімен: асқазан (интерорецептор) → rr.gastrici → төменгі кеуделік және жоғарғы бел жұлын нервілерінің алдыңғы тармақтары мен n.phrenicus (plexus cervicalis тармағы) → ganglion spinale (І-ші нейрон) →жұлынның артқы мүйізіндегі nuclei proprii (ІІ-ші нейрон) → lemniscus medialis құрамымен → thalamus (ІІІ-ші нейрон) → gyrus postcentralis (сезу қыртыс орталығы);
Достарыңызбен бөлісу: |