Асқазанның голотопиясы: асқазан іш қуысында, солжақ қабыртқа асты және құрсақүстілік аймақтарда (regio hypochondriaca sinistra et regio epigastrica) орналасқан (2, 3, 4-суретер).
Асқазанның скелетопиясы (4, 5-суреттер):
кіреберіс (кардиалді) тесігі (ostium cardiacum) алдыңғы жақта солжақ VІІ-ші қабыртқа шеміршегі, ал артқы жақта XI-XII кеуде омыртқасы деңгейінде проекцияланады;
шығаберіс (пилорикалық) тесігі (ostium pyloricum) алдыңғы жақта оңжақ VІІІ-ші қабыртқа шеміршегі, артқы жақта XII-ші кеуде немесе I-ші бел омыртқасы деңгейінде орналасады.
Асқазанның синтопиясы (41-сурет):
алдыңғы беті: бауырға, диафрагмаға жанасады және іштің алдыңғы қабырғасына жанасатын бос беті (facies libera) болады (асқазан бос кезде facies libera-ға көлденең жиекті ішек жанасатынын ескерген жөн);
артқы беті: көк бауырмен, ұйқы безімен, солжақ бүйрекпен, бүйрекүсті безімен, аортамен, төменгі қуыс венамен жанасады; асқазанның үлкен иініне тоқ ішек сәйкес келеді;
Асқазанның төрт бөлігі болады (7, 8-суреттер):
кардиалді бөлігі (pars cardiaca);
асқазан түбі (fundus ventriculi);
асқазан денесі (corpus ventriculi);
пилорикалық (қақпалық) бөлігі (pars pyloricum), оның өзі екі бөлімнен тұрады: қақпалық үңгір (antrum pyloricum) және қақпалық түтік (canalis pyloricus).
2) Екі қабырғасы ажыратылады :
алдыңғы қабырғысы (paries anterior);
артқы қабырғасы (paries posterior).
3) Екі иіні бар:
кіші иіні (curvaturа ventriculi minor);
үлкен иіні (curvaturа ventriculi major).
4) Екі тесігі болады:
кіреберіс (кардиалді) тесігі (ostium cardiacum) – бұлшықеттік сфинктері болмайды;
шығаберіс, яғни қақпалық (пилорикалық) тесік (ostium pyloricum) – бұлшықеттік сфинктері (m.sphincter pylori) жақсы жетілген.
5) Өңеш пен асқазанның түбі арасында кардиалді тілік орналасқан (incisura cardiaca), оған асқазанның ішкі бетінде орналасқан сілемейлік қабықтың қатпары (Губарев қатпары) сәйкеседі; асқазан денесі мен пилорикалық бөлігінің аралығында бұрыш (angulus ventriculi) болады және онда бұрыштық тілік орналасқан (incisura angularis), ол тірі адамда болатын функциялық сфинктерге (sphincter antri-ге) сәйкес келеді; sphincter antri – асқазан денесін antrum pyloricum-нен бөліп тұрады, адам өлгеннен кейін қысқыш босап жойылып кетеді.
6) Асқазанның рентгенанатомиясы:
1) рентгендік көріністе тірі адамның асқазанында келесі рентгенанатомиялық номенклатураларды анықтау қажет (9-сурет) – sinus ventriculi, sphincter antri, saccus digestorius et canalis egestorius:
sinus ventriculi – асқазан қойнауы, яғни асқазанның ең төмен орналасқан бөлігі (түбі), оған жұтқан тағам бірінші келіп түседі; сол себепті, асқазанның жоғары жатқан бөлігін оның түбі деп атамайды, асқазанның күмбезі (formix ventriculi ) дейді, сондықтан рентгенограммада күмбезде әруақытты ауа көпіршіктері көрінеді;
Достарыңызбен бөлісу: |