Реферат Тақырып: Ислам Конференциясы Ұйымы Орындаған: Колдасов. И тобы: юм-20-3ĸ


Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы



бет3/4
Дата26.10.2022
өлшемі49,45 Kb.
#154986
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
имангали срс

2. Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы
2008 жылғы 14 наурызда Дакарда жасалған Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы «Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы Ұйымы Жарғысының Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейтін ережелерін орындауға міндеттенеді» деген ескертпемен ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Ислам Конференциясы Ұйымының Жарғысы Аса Мейірімді, Рақымшыл Алланың атымен Біз, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер: 1969 жылғы 22–25 қыркүйекке сәйкес келетін Хижра бойынша 1389 жылғы Ражаб айының 9–12 аралығында Рабатта өткен мүше мемлекеттердің корольдері, мемлекеттер және үкіметтер басшылары конференциясының, сондай-ақ 1972 жылғы 29 ақпан–4 наурызға сәйкес келетін Хижра бойынша 1392 жылғы Мұхаррам айының 14–18 аралығында Жиддада өткен Сыртқы істер министрлері конференциясының шешімдерін назарға алуға;
Мүше мемлекеттер арасында олардың халықаралық аренадағы ортақ мүдделерін қамтамасыз ету ісіндегі ілгерілеудің маңызды сипатын, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуды растай отырып, бірлік пен бауырластықтың игілікті исламдық құндылықтарын басшылыққа алуға; Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, осы Жарғының және халықаралық құқықтың қағидаттарына деген өзіміздің ұстанымымызды растауға; исламның бейбітшілік, аяушылық, төзімділік, теңдік, әділеттік және адам абыройы құндылықтарын сақтауға және ілгерілетуге; мүше мемлекеттер халықтарының орнықты дамуын және прогресі мен гүлденуін қамтамасыз етуде әлемдік ауқымдағы исламның бағыттаушы рөлін қалпына келтіру бойынша жұмысқа күш салу; мұсылман халықтары мен мүше мемлекеттер арасында бірлік пен ынтымақ дәнекерлерін күшейту мен нығайтуға; барлық мүше мемлекеттердің ұлттық егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге, сақтауға және қорғауға; халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке, өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы түсіністік пен диалогқа үлес қосуға және достық қарым-қатынастар мен тату көршілікті, өзара құрмет пен ынтымақтастықты ілгерілетуге және көтермелеуге; мүше мемлекеттердегі конституциялық және заңнамалық жүйелерге сәйкес олардың адам құқықтары мен іргелі бостандықтарын, тиісті түрде басқаруын, заң үстемдігін, демократия мен жауапкершілікті дамытуға ықпал етуге; мүше мемлекеттер және басқа да мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту және достық қатынастардың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың дамуына ықпал етуге; ұстамдылыққа, төзімділікке, мәдени ерекшеліктерді құрметтеуге, ислам белгілері мен ортақ мұраны сақтауға қатысты игілікті ислам құндылықтарын нығайтуға және ислам дінінің әмбебаптығын қорғауға; зияткерлік кемелдікке қол жеткізу үшін исламның игілікті мұраттарымен үндесетін білімге ие болу және оны танымал етуді жетілдіруге; әріптестік және теңдік қағидаттарына сәйкес, әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасу мақсатында орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа болысуға; қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған ортаны сақтауға байланысты барлық аспектілердің нығаюына ықпал етуге; әрбір мүше мемлекеттің өзін-өзі басқару және ішкі істеріне араласпау құқығын құрметтеуге, сондай-ақ егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге; қазіргі кезде шетелдік басқыншылыққа ұшырап отырған палестина халқының күресін қолдауға, оның өзін-өзі билеу, бұл ретте қаланың тарихи және исламдық сипатын, сондай-ақ онда орналасқан қасиетті жерлерді сақтай отырып астанасы әл-Құдыс әл-Шариф болатын егемен мемлекет құру құқығын қоса алғанда, сондай-ақ өзінің ажырамас құқығына қол жеткізуіне мүмкіндік беруге; мүше мемлекеттердің құқықтық нормалары мен заңнамасына сәйкес әйелдердің құқықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, олардың өмірдің барлық салаларына қатысуына ықпал етуге; мұсылман балалары мен жастарына толыққанды тәрбие беру үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім арқылы мәдени, әлеуметтік, имандылық және этикалық мұраттарын нығайту мақсатында олардың бойында білім арқылы ислам құндылықтарын тәрбиелеуге; мүше мемлекеттерден тыс жерлердегі мұсылман азшылықтары мен қоғамдарына жәрдемдесуге, олардың өз қадір-қасиетін, мәдени және діни сәйкестігін сақтап қалуға; негізінен кез келген мемлекеттің ішкі құзыретіне жататын істерге қол сұқпау қағидаттарын мүлтіксіз басшылыққа ала отырып, осы Жарғының, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, халықаралық құқықтың, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқықтың мақсаттары мен қағидаттарын ұстануға; мүше мемлекеттер арасында теңдік және өзара құрметтеу, сондай-ақ олардың ішкі құзыретіне жататын істерге араласпау қағидаттары негізінде халықаралық деңгейде тиісті түрде басқаруға қол жеткізуге және халықаралық қатынастарды демократияландыруға күш салуға шешім қабылдадық, сондай-ақ осы өзгертілген Жарғымен келісе отырып, аталған мақсаттарға жету үшін ынтымақтасуға шешім қабылдадық. 2.1. Ислам Конференциясы Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арақатынасы. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстататын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1991 жылы Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді. 1992 жылы күзде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы, тәуілсіз мемлекет өкілі ретінде Қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форум өткізілді. Осы сессияда Президент Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы сөз сөйледі. Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін назарға ала отырып, Н. Назарбаев былай деп мәлімдеді: Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда мен ықтималды щиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ, пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады. Осы форумда Н. Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныста әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздық сипатын паш етті. Біріншіден, Қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір қосу бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға үлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейіносы бітімгершілік сомасы он есе өтеді. Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрылығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшасын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналады. Сонымен қатар, Н. Назарбаев өзінің сөзінде экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл мәселелерге Арал мен Семей проблемалары жатады. БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөнінде Қазақстанның табанды позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды үзарту жөніндегі БҰҰ конфёренциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қараусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтті. 2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен "XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында" атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В. Петровский: "Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті", - деп мәлімдеді. 1996 жылы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды (ЯСЖТШ). 160 мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи құжаттың жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы орайдағы біздің республикамыздың принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым - Семей полигоны пайдаланылады. Бұл, Қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық деңгейде қйтысуына мүмкіндік береді. Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастамасы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр.

Қорытынды


Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын ор-нықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік қүқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға үмтылуда. Бүл, әрине, мейлінше қолдауға түрарлық қүбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен түтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономика-лық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу қүралдарының тапшылығы.
Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, үйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдіс-амалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зиянды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет