Реферат Тақырып: Жалпы Фармакология Орындаған: Бақытбекқызы А. Қабылдаған:Қалжан А. Б


Синергизм – бір зат екінші заттың әсерін күшейтуімен сипатталынатын дәрілердің денедегі өз-ара әсерлесуі. Ол қосынды



бет8/9
Дата31.10.2022
өлшемі104,39 Kb.
#155810
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Тималин
English Grade 9 Inventions and Technology Lesson plan (1), Karta Srs 8apta, 170325673731 (1), DOC-20231218-WA0000.
Синергизм – бір зат екінші заттың әсерін күшейтуімен сипатталынатын дәрілердің денедегі өз-ара әсерлесуі. Ол қосынды синергизм, сонымен қатар үдемелі синергизм болып бөлінеді. Қосынды синергизм – дәрілік заттарды қосып қолданғанда ақырғы әсерінің әр бір заттың бөлек қолданған кездегі әсерлерінің қосындысына тең болуы. Үдемелі синергизм – дәрілерді қосып қолданғанда ақырғы әсердің бұл заттарды бөлек қолданғандағы әсерлерінің қосындысынан асып түсуі. Сол сияқты синергизмнің басқа да түрлері болуы мүмкін, тікелей немесе жанамалы синергизм. Тікелей синергизм деп – дәрілер жасушаның бір бөлшектеріне әсер ететін жағдайын айтады. Жанама синергизм – дәрілер жасушаның әр түрлеріне әсер ететін жағдайды айтады.
Антагонизм – бір зат екінші заттың әсерін басатындығымен сипатталынатын заттардың денедегі өзара әрекеттесуі. Ол физикалық, химиялық, қызметтік, тікелей, жанама, бәсекелестік, тәуелсіз, бір жақты, екі жақты болып бөлінеді. Физикалық антагонизм – физикалық құбылыстар жатады – адсорбция, тұнбаға түсуі т.б. мысалы, белсендірілген көмір, өзінің жоғары адсорбциялаушы беткейі арқылы улы заттарды сіңіріп алады. Химиялық – химиялық өзгерістер жатады – қышқылдарды сілтілермен бейтараптау. Қызметтік антагонизм – екі қарама-қарсы дәрілердің бір жүйенің, не болмаса ағзаның қызметіне тигізетін әсері (бір зат орталық жүйке жүйесін қоздырады, екінші зат оны тежейді). Мысалы алкогол бастың ми қыртысын тежейді, ал кофеин оны қоздырады. Тікелей антагонизм немесе екі жақтылы – заттардың әсері бір жасушалық элементтерге бағытталған жағдай (адреномиметиктер және адренолитиктер). Тікелей емес антагонизм немесе бір жақты – бір препараттың әсері бір рецепторларға бағытталған, басқа препараттың әсерін жояды (мысалы, атропин прозериннің әсерін жояды), ал ол препарат оның әсерін жоймайды (прозерин атропиннің әсерін жоймайды). Сонымен қатар, бір қатар биологиялық антагонисттер бар, жануардан немесе өсімдіктерден алынған улы заттар басқа заттардың әсерін жояды.
Дәрілер емдік әсеріне байланысты әр түрлі фармакотерапиялық ықпалдарға ие:
1/ Симптомдық ем, тағайындалған препарат ауру кезінде пайда болған симптомдарды шеттетеді – пенталгин – бас ауыруы; парацетамол – дене қызуын төмендетеді.
2/ Себебін емдейтін (этиологиялық ем) – аурудың себебін жоюға бағытталған ем. Мысалыға: жұқпалы ауруларда микробтарға қарсы дәрілер, улы заттармен уланғанда олардың антидоттары қолданылады.
3/ Патогенетикалық ем, аурудың даму үрдісіне бағытталған ем. Мысалы, гипертониялық ауру кезінде аурудың дамуына әсер ететін дәрілерді тағайындаған орынды (каптоприл, клофелин, резерпин).
4/ Алдын алу шаралары үшін жүргізілетін ем (профилактикалық) – бұған уытсыздандыратын дәрілер, вакциналар т.б. қолданылады.
5/ Орын басушы терапия – биогенді заттардың жетіспеушілігі кезінде қолданылады. Мысалы: ішкі бездер секрециясы төмендегенде (қант диабетінде – инсулин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет