Реферат Тақырып: Жалпы Фармакология Орындаған: Бақытбекқызы А. Қабылдаған:Қалжан А. Б


Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс



бет7/9
Дата31.10.2022
өлшемі104,39 Kb.
#155810
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.Тималин
English Grade 9 Inventions and Technology Lesson plan (1), Karta Srs 8apta, 170325673731 (1), DOC-20231218-WA0000.
Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс
Препараттардың әсер ету механизміндегі айырмашылықтардың пайда болуы мөлшерге, дәрежесіне және терапиялық ықпал сипатына, сонымен қатар препараттың рецепторларға тікелей әсерінің (макромолекулалаық–нысана) және препараттың басқа да ағзаға тигізетін ықпал көріністерінің болуы, осының барлығы фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.
Препараттың мөлшері мен әсерінің арасындағы байланыс фармакокинетикалық және фармакодинамикалық үрдістердің бірлестігі, ол енгізілген мөлшерге, және фармакокинетикалық көріністерге, яғни сіңірілуімен, биотрансформациясымен және экскрециясымен байланысты. Дәрілердің фармакодинамикасы ағзадағы биологиялық реакциялардың тізбегімен көрінеді.
Мөлшер (өлшем) бір рет қабылдауға арналған біріншілік мөлшер. Бір күнге қабылданатын мөлшер – тәуліктік мөлшер. Емдеу курсына тағайындалған – курстық мөлшер. Ең төменгі бастапқы мөлшер және ең жоғарғы емдік мөлшер деген түсінік бар. Осы мөлшерлердің арасындағы кеңдік терапиялық мөлшер диапазоны деп аталады. Емдік тәжірибеде орта терапиялық мөлшер алынады. Тағыда ең жоғары көтере алатын мөлшер бар, ол кезде токсикалық мөлшердің алғашқы белгілері көрінеді, яғни улану симптомдары. Уланунемесе летальды мөлшер letalis dosis (LD) – бұл өлімге алып келетін мөлшер.
Ең жоғары 50% тең болатын ықпал туғызатын дәрінің қан-тамырлар ішіндегі шоғырымдық ауқымы, препараттың ең төменгі терапиялық шоғырымы деп аталады. Осы аз ғана емдік шоғырымнан алғашқы жанамалық әсеріне дейінгі көрсеткішті терапиялық диапазон немесе қауіпсіз дәлізі деп атайды. Үнемі барабар ауқымды (тепе-теңдік шоғырымы) белгілеуге мүмкіндік беретін мөлшерді ұстап тұрушы мөлшер дейді.
Ықпал әсері дәріні қайта бірнеше рет енгізгеннен кейін көрінеді:
1/ Дағдырлану, ұзақ қайта енгізген кезде дәріге дағдырлану пайда болады, бұл кезде ықпалы болмайды;
2/ Құмартушылық, келесі жолы қайта қолданған кезде, препаратқа тәуелділік пайда болады. Алғашқыда психикалық тәуелділік, кейін жеке мерзімде физикалық тәуелділік пайда болады.
3/ Кумуляция, дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы. Оны екі түрге бөледі: материалдық кумуляция, яғни дәрінің өзі жиналады, қызметтік кумуляция дәрі әсерінің жиналуын айтады.
4/ Әсіре сезімдеме, биологиялық жолмен алынған препараттарды қайта қолданғанда ағзаның аллергиясы болады.
Бір қатар заттарға үйреніп кетушіліктің дамуын рецепторлар сезімталдығының төмендеуімен байланыстыруға болады. Үйреніп кетушіліктің ерекше түрі – тахифилаксиядеп аталады. Ол тез қысқа уақытта дамиды.
Канцерогендікәсер – дәрілердің жасушадағы өзгерістерінің зардабынан қатерлі ісіктердің туындау қабілеті.
Жүктілік кезде кейбір препараттарды қолданғанда ұрыққа токсикалық әсер көрсетуі мүмкін. Тератогендік әсер - кемтарлық, мутагендік әсер – генетикалық аппараттың өзгерулері, эмбриотоксикалық әсер – ұрықтың құрсақ ішінде өлуі (1.3.1. сурет).

1.3.1. Сурет Дәрі мен жүктілік
Дәрілерді бір-бірімен қосып науқас адамға қолданғанда араларындағы өзара әсерлесуі екі бағытта өтуі мүмкін: ақырғы әсердің күшеюі – синергизм (бір бағытта, бір-бірін күшейту) болса, екіншісі ақырғы әсердің кемуі – антагонизм (қарама-қарсы, бір-бірін кеміту) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет