Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинет. Жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері, құралдары, жабдықтары



Дата01.02.2018
өлшемі216,57 Kb.




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫНЫҢ МОДУЛЬІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль терапиялық стоматология пропедевтикасы.
Дисциплина, дисциплина коды – терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01
Мамандық: 051302 «Стоматология»


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА


Тақырып: «Мамандыққа кіріспе. Терапиялық стоматологияның пропедевтика курсының мақсаттары, міндеттері. Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинет. Жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері, құралдары, жабдықтары. Медициналық персоналдың міндеттері. Қауіпсіздік техникасы»

Академиялық сағат көлемі-3академиялық сағат

Курс: 4

Семестр - 7

2012 ж


Құрастырған: м.ғ.д. профессор Баяхметова А.А.

асс. МангытаеваБ.Б.

Терапиялық стоматологи пропедевтикасы модульінің отырысында талқыланды

хаттама «_ » _ 2012 ж.



Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д. профессор __________ Баяхметова А.А.

1. Тақырып №1.Мамандыққа кіріспе. Терапиялық стоматологияның пропедевтика курсының мақсаттары, міндеттері. Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы. Стоматологиялық терапиялық кабинет. Жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері, құралдары, жабдықтары. Медициналық персоналдың міндеттері. Қауіпсіздік техникасы.

2.Сабақтың мақсаты:


  • Білімді қалыптастыру:

- Терапиялық стоматологияның пропедевтика курсының мақсаттары, міндеттері;

- Стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімшені ұйымдастыру және құрылымы.;

- Стоматологиялық терапия кабинетінің құрал-жабдықтары;

- Дәрігер-стоматолог-терапевттің жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздері;

- Медициналық персоналдың міндеттері;

- Дәрігер-стоматологтың қауіпсіздік техникасы мен құқықтық жауапкершілігі.



  • Жұмыстың операциональді дағдыларын қалыптастыру

-Санитарлы-гигиеналық талаптар мен жұмыс орнын ұйымдастырудың эргономикалық негіздерін есепке ала отырып стоматологиялық кабинетті ұйымдастыру.

  • Коммуникативті дағдыларын жетілдіру:

Жаңа түсініктер мен терминдерді ендіру арқылы: «Пропедевтика, эргономика, универсальді стоматологиялық қондырғы, ұштықтар, емханаішілік инфекция, инфекцияның артифициальді берілу механизімі, дезинфекттер, СанПиН» жаңа түсініктер мен терминдерді ендіру арқылы коммуникативті дағдыларын жетілдіру.

  • Құқықтық компетенциясын қалыптастыру:

Санитарлы ережелер мен нормаларды «Стоматологиялық қондырғыларға, құралдарға және стоматологиялық қондырғылардың эсксплуатациясына қойылатын санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар» ережелерімен нормаларды оқу арқылы, дәрігер-стоматологтың құқықтық жауапкершілі туралы ақпаратты материалдарды, дәрігердің мойнына қойылатын және қойылмайтын қателіктерін, дәрігер-науқас арақатынас модельдерін, стоматологиялық кабинеттегі қондырғылар және құралдармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережесі мен нормаларды оқу арқылы құқықтық компетенциясын қалыптастыру;

  • Студенттердің мотвациясын жетілдіру «Стоматологиялық клиниканы, стоматологиялқ терапия кабинетін ұйымдастыру және құрылымын,онық құрал-жабдықтары мен қондырғаларын стоматологиялық кабинеттегі жұмыстың эргономикалық және құқықтық негіздері» бөлімін оқуға студенттердің мотвациясын жетілдіру.


3. Сабақтың міндеттері:

  • Терапиялық стоматология пропедевтика курсының міндеттері мен мақсаттары туралы түсінік қалыптастыру.

  • Терапиялық профильдегі стоматологиялық кабинетке қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптарды қарастыру.

  • Стоматологиялық кабинеттің құрал-жабдықтары мен қондырғыларын демонстрациялау.

  • Стоматологиялық кабинеттегі жұмыстың қауіпсіздік техникасы ережесімен таныстыру.

  • Стоматологиялық кабинеттегі жұмыстың эргономикалық және құқықтық негіздерін қарастыру.

  • Стоматологиялық кабинеттегі медицина персоналдарының міндеттерімен таныстыру.

  • Жаңа түсініктер мен терминдерді ендіру: «Пропедевтика, эргономика, универсальді стоматологиялық қондырғы, ұштықтар, қауіпсіздік техникасы,емханаішілік инфекция, инфекцияның артифициальді берілу механизімі, , дезинфекттер, СанПиН,».

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Терапиялық стоматология пропедевтикасының міндеттері мен мақсаттары.

  2. СанПиН-нің талаптарына сай терапиялық стоматология кабинетін,стоматологиялық клиниканы, терапиялық бөлімді ұйымдастыру.

  3. Стоматологиялық кабинеттің құрал-жабдықтары мен қондырғылары.

4 Дәрігер-стоматолог-терапевтің жұмыс орныны ұйымдастыру.

5) Стоматологиялық кабинеттің мед. персоналдарының компетенциясы.

6) Терапиялық стоматология кабинетіндегі жұмыстың техника қауіпсіздік ережесі .

7) Терапиялық стоматология кабинетіндегі жұмыстың эргономикалық және құқықтық

негіздері.

5. Оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрация, оқытушының жұмысын бақылау, аз топтарда жұмыс істеу, студенттердің операциональді және коммуникативті дағдаларын тікелей бақылау, альбомада, жұмыс дәптерлерінде,кері байланыста тапсырмаларды орындау.

Оқыту заттары (средства): «Стоматологиялық кабинетті ұйымдастыру, құрал-жабдықтары,қондырғылары» мультимедийлі презентация, схемалар: «Стоматологиялық кабинеттің медициналық персоналының функционалды міндеттері», «Терапиялық стоматология кабинетіндегі жұмыстың қауіпсіздік техникасы ережесі », ақпараттық материалдар – СанПиН «Стоматологиялық организацияның эксплуатациясы және қондырғылары мен құрал-жабдықтарының санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар».



п/п

Сабақтың кезеңдері

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Оқыту әдісі

Бақылау әдісі

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңге бөлінетін уақыт

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабақтың мақсаты мен міндеттері.

-

-

5 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс










10минут

3.

Негізгі кезең

1. Оқытушы стом.кабинетегі қондырғыларды,

құрал-жабдықтарды, жарықтарды

демонстрациялайды.

Оқытушы науқастың стом. креслоға дұрыс отыруын және дәрігердің тұруын, универсальді стоматологиялық қондырғыны қосуды және өшіруді, ұштықты бормашинаға бекітуді, пустермен жұмыс істеуді, пустерден ауа мен судың шығуын көрсетеді. Универсальді стоматологиялық қондырғынымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережесіне көңіл бөледі.

2. Студенттер аз топта жұмыс істейді, кезекпен дәрігер мен науқастың рөлін орындайды, дәрігер науқасты стоматологиялық креслоға отырғызады, универсальді стоматологиялық қондырғыны қосады, ұштықты қондырғыға бекітеді, су мен ауа жіберіп пустермен жұмыс істейді.


Түсіндіру,

Демонстрация.

Аз топта жұмыс істеу


1.Коммуникативті және

операциональды дағдаларды тікелей бақылау


50 минут





Үзіліс










10минут

4.

Сапасын тексеру сатысы

1.білімді қортынды бақылау




1.жазбаша сұрау

2.тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тестілеу



5.ситуациялық есетперді шешу

15 минут

2.Кері байланыс құру







15 минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі сабақтың үйге берілетін тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170 минут (50 минуттан 3 академиялық сағат =150 минут, үзіліс – 20 минут).

6. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:


  1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб. и доп.- М., 2002г.- 544С.

  2. Магид Е.А., Мухин Н.А Атлас по фантомному курсу.- М. Медицина.- 1996

  3. Скорикова Л.А., Волков В.А., Баженова Н.П., Лапина Н.В., Еричев И.В. Пропедевтика терапевтической стоматологии. Ростов-на Дону, 2002.- «Феникс».- с.4-246

  4. Боровский Е.В. Фантомный курс. – Москва, 2005 – с.2-15

Қосымша:

  1. Трезубов В.Н., Мишнев Л.М., Соловьев М.М., Краснослободцева О.А. Стоматологический кабинет: оборудование, материалы, инструменты: учебное пособие для медицинских вузов. Под ред. Проф. В.Н Трезубова.- С-Петербург,2002.- 142с.

  2. Шмигиролов С.П. Стоматологические установки. 2002.- 208С.

  3. Шопен Франк. Дезинфекция в стоматологии.-1997

  4. Milos Praus. Эргономика в стоматологии//Новое в стоматологии,2001.-№4.-с.10-18

  5. Данилов Е.О. Правовые основы стоматологической практики. — 2006. - 256 с.

  6. Дёмина А.В. Правовая грамотность врачей-стоматологов. - 2005. — 159 с.


7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

Сұрақтар:

  1. Стоматологиялық терапиялық кабинетке қандай санитарлы-гигиеналық талаптар қойылады?

  2. Стоматологиялық кабинеттің қандай құралдары бар?

  3. Бормашиналардың (стоматологиялық қондырғылар) қандай түрлері бар?

  4. Стоматологиялық кабинеттің қандай жабдықтары(оснащение) бар?

  5. Дәрігер-терапевт-стоматологтің жұмыс орынынқалай дұрыс ұйымдастыру керек?

  6. Стоматологиялық кабинеттің мед. мейірбикесінің міндеттері қандай?

  7. Стоматологиялық кабинеттің санитаркасының компетенциясына (міндеттеріне) не кіреді?

  8. Стоматологиялық қабылдауда техника қауіпсіздігі ережесінің негізі қандай ?

  9. Дәрігер-стоматологтың жұмы орнын ұйымдастырудағы эрргономикалық және құқықтық негіздері?.

  10. Стоматологиялық қондырғымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігіне сай қандай негізгі ережені сақтау керек?


Тест түріндегі тапсырмалар:

1 тапсырма.

Стоматологиялық кабинетте әйнектелген терезе бетінің ауданы еденнің ауданына қатынасын құруы:

1. 1:10


2. 1:9

3. 1:7


4. +1:4

5. 1:8


2 тапсырма.

Стоматологиялық кабинетте дымқыл жинау жұмысы күніне жүргізілуге тиіс :

1. 1рет

2. 2 рет


3. +3 рет

4. 4 рет


5. 5 рет

3 тапсырма

.Стоматологиялық кабинете төменде аталғандардың, ТЕК біреуінен басқасының барлығына тиым салыныды:

1. Шылым шегуге

2.Ас қабылдауға

3. Жеке киімдерді сақтауға

4.Арнайы киім кимей жұмыс істеуге

5.+ Қол жууға

4 тапсырма

. Жеке қорғаныс затына төменде берілгендердің , ТЕК біреуінен басқасының бардығы жатады:

1. Медициналық халат

2. Клеенкалық алжапқыш

3. +Қол жууға арналған щетка

4. Медициналық колпак

5. Резеңке қолғаптар

5 тапсырма

Қабырғалық ОБН-150 сәулелендіргішін қойғанда, бір сәулелендіргішке кабинеттің аумағы қанша куб метрге есептелінеді :

1. 10


2. 15

3.20


4. 25

5. +30


6 тапсырма.

Стоматологиялық кабинетке ағымды жинау жұмысы жүргізілгеннен кейін кварцтеу уақыты минуттан тұрады:

1. 10

2. 15


3. 20

4. 25


5. +30

7 тапсырма.

Стоматологиялық кабинетті кварцтегеннен кейінгі желдету уақыты минуттан тұрады:

1. 10


2. +15

3. 20


4. 25

5. 30


8 тапсырма.

Стоматологиялық кабинетті генеральды жинау жұмысы айына неше реттен кем болмауы тиіс:

1. +1 реттен

2. 2 реттен

3. 3 реттен

4. 4 реттен

5. 5 реттен

9 тапсырма.

Бір негізгі кресло үшін стоматологиялық кабинеттің ауданы квадрат метрден кем болмауы тиіс:

1. 7


2. +14

3. 21


4. 28

5. 35


10тапсырма

Бір негізгі креслоға универсальді стоматологиялық қондырғысыз әрбір қосымша кресло үшін квадрат метрмен санағанда аудан қажет :

1. +7

2. 8


3. 9

4.10


5. 11

11тапсырма.

Бір негізгі креслоға универсальді стоматологиялық қондырғысы бар әрбір қосымша кресло үшін квадрат метрмен санағанда аудан қажет:

1. 7


2. 8

3. 9


4.+10

5. 11
12 тапсырма

Біржақты табиғи жарықпен сәулеленген стоматологиялық кабинеттің тереңдігі метрден аспауы керек :

1. 2


2. 3

3.4


4.5

5.+6


13тапсырма.

Стоматологиялық клиниканың жертөлесіне төменде берілгендердің, ТЕК біреуінен басқасының барлығын орналастыруға болады:

1. +Стоматологиялық кабинетті

2. Стерилизациялаушы кабинетті

3. Киім шешетін бөлмелерді

4. Медикаменттер қоймасын

5. Персоналдар кабинетін

14тапсырма.

Терапиялық стоматологиялық кабинеттің едені жабылуы тиіс :

1. Паркетпеном

2. Ламинатпен

3. Кілемді жабумен

4.Керамикалық плиткамен

5. +Линолеуммен

15тапсырма.

Стоматологиялық клиникада ауаның кіріп-шығуын қамтамасыз ететін вентеляция 1сағат ішінде ауаны қанша рет сыртқа сорып алмастырады: Кратность воздухообмена приточно-вытяжной вентиляции по вытяжке в стоматологической клинике должна составлять в час раз:

1. 1

2. 2


3. +3

4.4


5.5

16тапсырма.

Стоматологиялық клиникада ауаның кіріп-шығуын қамтамасыз ететін вентеляция 1сағат ішінде қанша рет ішке ауаны ендіреді:

Кратность воздухообмена приточно-вытяжной вентиляции по притоку в стоматологической клинике должна составлять в час раз:

1. 1

2. +2


3. 3

4.4


5.5

17 тапсырма.

Стоматологиялық клиниканың емдеу кабинеттерінің терезелері оптимальді бағытталуы тиіс:

1. +Солтүстікке

2.Оңтүстікке

3.Батысқа

4. Шығысқа

5.Оңтүстік-батысқа

18 тапсырма.

Стоматологиялық клиника жылу жүйесі қандай болуы керек:?

1.+Сулы

2. Газды


3. Электрлі

4. Пешпен

5. Күн сәулелік

19тапсырма.

Залалсыздандыру алды өңдеу мен залалсыздандырудың режимін анықтайды

1. Денсаулық сақтау Министерлгі

2. Стоматологиялық клиниканың бас дәрігері

3.+Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау органдары

4. Стоматологиялық клиниканың аға мейірбикесі

5. Клиниканыі емдеу бөлімінің меңгерушісі

20тапсырма

Стоматологиялық науқастарды емдегенде қолданылатын медициналық аспаптар мен байлам материалдарды өңдеп, байлап, дайындайтын мамандандырылған (специализированное отделение) бөлімнің аталуы :

1.+ Стерилизациялық

2. Хирургиялық

3. Терапиялық

4. Процедуралық

5.Таңу бөлмесі (перевязочный)

21 тапсырма.

Адамға оптимальді еңбек жағдайын жасау мақсатында, Адамның еңбек ету процессіндегі функциональдік мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым

1. Валеология

2. +Эргономика

3. Информатика

4.Деонтология

5.Эрология

22тапсырма

Дәрігер қателігі туралы ғылым, аталады:

1. Валеология

2. Эргономика

3. Информатика

4. Деонтология

5.+Эрология
7.2. Операциональді компетенциияны бағалау-операционалді дағдыларды тікелей бақылау, медициналық құжаттарды толтыруын бағалау нәтижелеріне қарай жүргізіледі:
7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) –шағын топпен жұмвс жасаған кезде коммуникативті дағдыларды тікелей бақылау
7.4 Құқықтық компетенцияны бағалау:

Сұрақтар:

1.Санитарлық ережелер мен нормалар "«Стоматологиялық қондырғыларға, құралдарға және стоматологиялық қондырғылардың эсксплуатациясына қойылатын санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар»

2. Стоматологиялық кабинеттегі жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі.

3. Стоматологиялық кабинеттегі жұмыс этика және деонтология.



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу