Дәрілердің негізгі ықпалдары
Ең алдымен келесілерге бөледі:
1) физиологиялық ықпалдар, дәрінің АҚ, жүректің жиырылу жиілігін жоғарылату немесе төмендету сияқты өзгерістерді туғызуы;
2) биохимиялық (қанда фермент, глюкоза деңгейлерін жоғарылату).
Сонымен қатар, негізгі (немесе басты) және негізгі емес (екінші дәрежелі) дәрілік ықпалы бөледі.
Негізгі ықпалдары – дәрігер тағайындаған кезде қол жеткізуге үміттенген ықпал (ауыруды басатын дәрі – ауыру сезімін басу үшін, несеп айдағыштар – ағзадан сұйықтықты шығару үшін, гипертензияға қарсы – артериалды қысымды төмендету үшін ж.т.б.) айтамыз.
Негізгі емес – бұл ықпал дәріге тән, бірақ оның дамуы науқас үшін қажетті емес (наркотикалық емес ауыруды басатын дәрілер – ауыруды басатын ықпалынан басқа оларда қызуды басатын ықпалы бар ж.т.б.). Негізгі емес ықпалдардың ішінде қалаулы және қалаусыз ықпалдар (жанама әсерлері) болуы мүмкін.
Мысалы, Атропин – ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттерін босатады. Бірақ, осы мезгілде жүректегі атриовентикулярлы түйіннің өткізгіштін жақсартады (жүрек тежелуі кезінде), көз қарашығының диметрін ұлғайтады ж.т.б. Барлық осы ықпалдарды жеке жағдайларда қарастыру керек.
Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі
Дәрілерді емдік, диагностикалық және алдын алу шаралары ретінде қолданғанда кездесетін денедегі қатерлі өзгерістерді және жанама өзгерістедің кез келген реакциясын, жанама әсерлер деп айтады.
Жанама әсерлерді болжаулы және болжаусыз (бұған дәрілердің қатынасы жоқ –ауа райының, климаттың, науқастың физикалық және психикалық жағдайлары) деп екі түрге бөледі. Болжаулы жанама әсерлердің түрлері:
1/ қосымша қалаусыз фармакологиялық ықпалдар - функционалды-метаболиттік, токсикологиялық (қайтымды және қайтымсыз);
2/ аллергиялық реакциялар:
І-ші түрі – реагинді, ағзаға дәріні қайта енгізгенде, тез дамитын түрді аллергиялық реакциямен жүреді, яғни аллергиялық шок;
ІІ-ші түрі – цитотоксикалық, кейбір дәрілерге және олардың метаболиттеріне дамиды, онда олар антигендік қосылыстар түзейді;
ІІІ-ші түрі – иммуножиынтық, токсикалық иммунды жиынтықтарды түзеумен байланысты;
ІV-ші түрі - баяу гиперсезімталдық түрі, дәріні кезекті енгізгенде иммунды жауаптың жасушалық буыны арқылы 1-2 тәуліктен соң және одан көп уақыттан кейін байқалады.
3) дәрілерге тәуелділік (психикалық, физикалық және аймақты жергілікті – тоқтату синдромы);
4) дәріге тұрақтылық – дәрілерді ұзақ қолданған кезде және басқа жанама әсерлері.
Дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері препаратты таңдаумен байланысты болуы мүмкін; фармакодинамикасы мен фармакокинетика ерекшеліктеріне; препаратты енгізу жолдарына; дәрі-дәрмектердің әрекеттесуіне:
І түрі – фармакологиялық әрекеттесу, емдеу үшін бір мезгілде бірнеше препараттарды қолдану кезінде:
ІІ түрі - фармакокинетикалық әрекеттесу, препараттың сіңірілу, таралу және шығарылу жолдары бойынша жүру мезгілдерінде;
ІІІ түрі - фармакодинамикалық әрекеттесу, препараттардың химиялық және физикалық-химиялық өзгерістерге ұшырауында;
ІV түрі – фармацевтикалық әрекеттесуі – бұл препаратты дәрілік түр күйінде дайындау кезіндегі.
Сонымен қатар, жанама әсерлер дәрілерге қатынасы жоқ себептермен болуы мүмкін. Науқас адамның ерекшелігі (жасы, жыныс айырмашылығы, генетикалық ерекшелігі, алларгияға бейімділігі, аурудың ерекшелігі, зиянды әдеттері) және сыртқы ортаның себептерімен байланысы.
г.Алматы 2022
Достарыңызбен бөлісу: |