Реферат тақырып: Компьютерлік желі бүгіні Орындаған Аринов Рахатбек 2020-2021 оқу жылы Мазмұны



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі24,6 Kb.
#80390
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат Компьютерлік желі бүгіні

Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша немесе модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер – саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік үрдістерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір–бірімен қысқа желілік байланыс желісі арқылы (әдетте он, жүз метр) біріктірілген, сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгелу шамасы артып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет