Реферат тақырып: Компьютерлік желі бүгіні Орындаған Аринов Рахатбек 2020-2021 оқу жылы Мазмұны



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі24,6 Kb.
#80390
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат Компьютерлік желі бүгіні

Корпоративті есептеуіш желілер қашықта орналасқан бөлімдегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі желісі – Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Корпоративті желі жергілікті желілер арасында аса көрнектілерінің бірі. Өйткені, территорияның аумағы шексіз. Қазіргі кезде компьютерлік желі күрделі дамуда және бұл желіні көбінесе интранет деп атайды. Интранет интернет технологиясының негізі болғандықтан, оның кең мүмкіндіктері бар. Бұл желі пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Ол интернет желісі және жергілікті желі топологиясын қолдану негізінде фирмалар байланысына немесе фирма құрылымындағы ақпаратты өңдеуге, беруге, сақтауға және енуге құпия сөздер (пароль) арқылы рұқсат ету қолданылады.
Корпоративтік ақпараттық жүйе дегеніміз – территориялық аймағы жағынан түрлі корпорацияларға бөлінген интегралдық байланыстыру жүйесі. Басқаша айтқанда, кеңейтілген мәліметтер талдауының негізінде әртүрлі шешімдерді ақпараттық жүйе арқылы қолдану, электрондық құжаттар алмасу және іс-құжаттар жұмыстарын жүргізу және т.с.с. болып саналады. Корпоративтік ақпараттық жүйе ақпараттық телекоммуникативтік технология арқылы бизнес –тұжырымдама, яғни, байланыстыру немесе біріктіру негізінде құрылған.
Корпоративтік байланыстыру жүйесінің құрылымы басты төрт блоктан тұрады: байланыстыру объектісі; байланыстыру блогы; әртүрлі ресурстар; математикалық модельдер.
Корпоративтік ақпараттық жүйе қызметіне келесі желілік платформалар жатады:
1) желідегі сегменттердің өзара байланысы және желілік хаттамалар, жалпы желілік топология құрылымы.
2) жүйенің ресурстармен байланысы, яғни серверлер мен клиенттер арасындағы файл алмасу байланысы және қағазға басып шығару жұмыстары.
3) Windows Server 2000, 2003, 2008, т.с.с. кез келген қауіпсіздік жағдайларымен, жоғары сапалылығымен сипатталатын желілік операциялық жүйе. Windows Server 2000 операциялық жүйесі бірден, жай ғана шағын кәсіпорын арасында жергілікті желі құруға және екіншіден, үлкен территориядағы корпоративтік желінің күрделі жұмыстарын қамтамасыз ете алады. Жалпы желіні құру үшін желілік хаттамаларын таңдап алу қажет. Мысалы аталмыш операциялық жүйе JPX, SPX, TCP/IP хаттамалары арқылы жүргізіледі.
1) Microsoft SQL Server мәліметтер базасының серверлері –интернет қызметтерімен өзара байланысын және қызметтің қауіпсіздігін қажет етеді. Ол жоғары және сапалы өнімділігіне байланысты МҚБЖ клиент–сервердің алдыңғы қатарының біріне жатады.
2) Microsoft Exchange Server электрондық почта сервері –интернеттің ашық стандарттарын және автоматты түрде топпен (группа) А жасауды қамтамасыз етеді. Бұл серверді көптеген компаниялар корпоративтік стандарт ретінде таңдайды. Мысалы, DSS, Siemens, General Electric, т.с.с. компаниялар. Windows Server 2000 операциялық жүйе негізіндгі корпорация желісінің негізгі сервистік қызметтері қалыптасқан.
Толық қызметтік Интернет келесі базалық желілік технологияны: желілік басқару (администрирование), барлық қызметтер мен ресурстарды көрсететін желілік каталогты пайдалану, желілік файлдық жүйелер мен мәліметтер базасын қолдану, мәліметтер қорын басқару жүйесіне (СУБД) сәйкес келетін корпоративтік мәліметтер жинағына қол жеткізу, мәліметтер айналымының (телеконференция, факс, электрондық почта және т.б.) мүмкіндіктерін пайдалану, www (World wide web) жүйесінде жұмыс жасау, желі арқылы ақпаратты қағазға басып шығару, әр түрлі қауіп- қатерлерден ақпаратты қорғау сияқты қызметтерді қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиет
1. Олифер В. Г., Олифер Н. А.Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник для Вузов. 4-е изд. — СПб.: Питер, 2010. — 944 с; ил.
2. Компьютерные системы и сети: Учеб. Пособие / Косарев В.П. и др. / Под ред. В.П. Косарева, Л.В. Ерёмина. – М.: Финансы и статистика, 1999.
3. Вычислительные машины, системы и сети. Под ред Пятибратова А.П., Москва, Финансы и статистика, 1991

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет