Желінің конфигурациясы желілер



Дата31.12.2021
өлшемі5,32 Kb.
#107235
Байланысты:
А.Науканов

ЖЕЛІНІҢ КОНФИГУРАЦИЯСЫ

Желілер

  • Элементтері, яғни есептеуіш машиналар, терминалдар, байланысқан аппаратуралар бір – бірінен салыстырмалы қашықтықта (10км – ға дейін) орналасқан желіні жергілікті есептеуіш желілер деп атайды. Жергілікті желілер көбінесе фирмалар, офистар, зертханалар және басқа да мекемелердің арасына ақпарат алмасу мен оларды өңдеу үшін қолданылады. Көп жағдайларда жергілікті есептеуіш желі басқа есептеуіш желілер мен де байланыста болады ( ішкі және сыртқы, жергілікті және бүкіл әлемдік желілер ). Кез келген есептеуіш желінің басты мақсаты қосылып отырған тұтынушыға ақпараттық және есептеуіш ресурстарды жеткізу болып табылады. Жергілікті есептеуіш желі мен интернетті қосуды хост – компьютер немесе жұмыс станциялары арқылы іске асыруға болады.

Жергілікті есептеу желілерінің түрлері

  • Топологиясы бойынша жергілікті есептеуіш желілер түрлері

Шиналық топология

  • Артықшылықтары:
  • Кабельге шығынның аз кетуі;
  • Жұмыс станцияларын керек уақытта тоқтатпай ақ қосуға немесе ажыратуға болады;
  • Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса береді;
  • Кемшіліктері:
  • Кабель үзілген жағдайда үзілген жерден бастап, барлық аймақ жұмыстаншығады;
  • Желіге станциясыз ақ кіруге болады.

Жұлдыз тәрізді топология

  • Артықшылықтары:
  • Кабельдің үзілуі тек бір ғана компьютереге әсер етеді;
  • Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдаудың жоғарғы жылдамдығы, себебі екі компьютер бір бірімен тіке байланысқан.
  • Кемшіліктері :
  • Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдау жоғары жылдамдықта болғанымен басқа жұмыс станциясының арасындағы жылдамдық төмен болады;
  • Барлық желінің қуаттылығы сервердің мүмкіндігіне байланысты, егер ол төмен жылдамдықта жұмыс жасайтын болса, сәйкесәнше желі де де төмен жылдамдық болады.

Сақиналық топология

  • Артықшылықтары:
  • Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса алады.
  • Кемшіліктері:
  • Мәліметтерді беру уақыты сахинадағы компьютер санына байланысты жоғарылап отырады;
  • Егер арнайы қосыоулар жасалмаса, бір жұмыс станциясының жұмысынан шығуы барлық желіге әсер етеді;
  • Жаң жұмыс станцияларын қосқан кезде желі уақытша сөндірілген болу керек.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет