Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу



Дата21.07.2017
өлшемі47,17 Kb.
#21705
түріСабақ
Күні:_______ Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы:Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға дыбыстық ақпаратты өңдеуге және дыбыс жазу программасымен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Дыбыс жазғанда микрофонды пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап , практикалық тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.Слайдтар

Сабақтың құрылымы:


І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

  • Калькулятор қосымшасы не үшін қолданылады?

  • Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма?

  • Есептеулер нәтижесін мәтіндік құжатқа қалай көщіреміз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау, дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды. Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес. Техника сияқты, уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды. Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар- ол ойнатқыштар, секвенсерлер (дыбысты, мысалы, пернелі синтезатордан жаза алатын), редакторлар.

Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлды тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Center қолданылады. Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар. Ең көп тарағандардың бірі- WINAMP (111-сурет).

Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде, онда ең алдымен, алынған жазбаларды түзетіп, әрлеу қажеттілігі туындайды. Мысалы, керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау. Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы,AudaCity), қарапайым функциялары бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби (Sound Forge сияқты).

Дыбыс жазу программасымен жұмыс істеу

Түзетіп, әрлеуден басқа кезде Стандарттық Дыбыс жазу (Звукозапись) программасын қолданса да жеткілікті (112-сурет).

Әрине, жазуды бастамас бұрын, ең алдымен, компьютерде дыбыстық карта орнатылғанына және дыбысты жазуға, қайтадан оқып, тыңдауға арналған құрылғылардың қосылғанына көз жеткізу керек. Сендерге дыбыстық картадан басқа микрофон мен динамиктер қажет. Көбіне оларды жалғайтын алып-қосқыштар жүйелік блоктың артында да, алдында да орналасады (113 а,в-суреттер). Алып-қосқыштардың боялуы да, асты жазылап көрсетілуі де, белгіленуі де мүмкін.

Құрылғыларды қосқаннан кейін оларды баптауды орындау қажеттілігі туындауы мүмкін.



Баптау=> Басқару тақтасы=> Жабдық және дыбыс бұйрығын орындаңдар.

Баптауды сонымен қатар Есептер тақтасында орналасқан дыбыс реттегіштің контекстік мәзәрәнен де жүзеге асыруға болады.

Жазылған дыбыстар дыбыс жазу пішімінде (WAV) сақталады. Дыбысты жазып алған соң, оны былай пайдалануға болады.


  • Windows оқиғаларын сүйемелдеу үшін (мысалы, сендер Windows-ке кіру оқиғасын дыбыстай аласыңдар);

  • Дыбысты құжатқа кірістіру.

Басқа кез келген файл сияқты, дыбыстық файлды көшіруге, атауын өзгертуге, жылжытуға, жоюға болады.

IV. Сарамандық жұмыс 


Өлең оқиды тыңдалады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қаншамақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алыпшығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Білім туралы мақал-мәтелдер айтады тыңдалады.білімді мыңды жығар, білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп, білімин емен құдық қазғандай


V.Бағалау.


VI.Үйге §29 оқыпкелу.

«Техникалық диктант» 



Дыбыспен жұмыс жасауға арналған__________ көп, оларды мынадай топтарға бөлуге болады:_______,__________,__________. Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу үшін________ программасы мен______программасы пайдаланылады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет