Жедел синуситтердің диагностикасы
Зертханалық зерттеу:
Жалпы қан анализі: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы;
Микрофлораны зерттеу: қоздырғышты анықтау;
Цитологиялық зерттеу: нейтрофиллоз, десквамирленген эпителий жасушалары, шырыш.
Аспаптық зерттеу:
Жедел синуситтердің емі
Медикаментозды емес ем:
Диета-№15, режим – жалпы.
Медикаментозды ем:
Антибактериалдық терапия тез жазылу үшін өте қажет. Антибиотиктерді қажетсіз қолданбау үшін оны жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруы симптомдарының персистенциясы жағдайларында немесе аурудың ауыр ағымында, клиникасы айқын кезде тағайындау қажет. Таңдау препараты - амоксицилин əдеттегі 250-500 мг мөлшерде күніне 3 рет тағайындалады.
Егер науқастың жағдайында жақсару байқалмаса, терапияны амоксициллин-клавуланаттың үлкен мөлшерлерін – амоксициллин+клавулан қышқылы 250/1000 мг күніне 2-3 реттен тағайындауға тиімді. Сонымен қатар цефдинир, цефуроксим, цефподоксим дəрілері альтернативтік ем үшін қолданылады. Егер науқаста қайталанатын құсулар аясында препаратты ішке тағайындауға мүмкіндік болмаса, Цефтриаксонның (50 мг/кг/тəул.) бір реттік мөлшері тамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне тағайындалады. Науқастың клиникалық жағдайы жақсарғаннан кейін 24 сағаттан соң препаратты ішке қабылдауға көшеді. Қосымша терапия антибиотиктермен қатар жүргізіледі. Бұл терапияға құрамында түрлі тұздары бар спрейлер (гипертониялық жəне изотониялық), антигистаминдік препараттар; секрецияны төмендететін жəне тамыртарылтатын препараттар (жергілікті жəне орталыққа əсер ететін), муколитикалық препараттар, жергілікті қолданылатын стероидтар.
Емінде - шырышты қабаттың ісіну азайту үшін және қуыстардың қалыпты вентильяциясын қалыптастыру үшін жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер қолданылады ( санорин, галазолин, нафтизин, отилин, називин) 5 күннен артық емес. Ерекше гипертермия кезінде қызу төмендеткіш дәрілер, айқын интоксикацияда антибиотиктер тағайындалады. Дене қызу қалыптыға түскенде физиоем тағайындалады(соллюкс,УВЧ).
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Ересектердегі жедел және созылмалы синуситтер» ҚР 2017ж емдеу протоколы
«Оториноларингология» оқулығы В.В.Вишняков.
Пальчун В.Т., Магомедов М.М., Лучихин Л.А. Оториноларингология (2011)
Google.com интернет желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |