Реферат Тақырып: Өлшеу қҰралдарының метрологиялық сипаттамалары тексерушы : Курманбаева Индира Нурлановна


Қазіргі заманға метрологияға қойылатын талаптар



бет7/10
Дата13.11.2023
өлшемі36,99 Kb.
#191307
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОТИ Александр Диас ССиМ 22-11




Қазіргі заманға метрологияға қойылатын талаптар
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргізеді.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады.
Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі.
Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері: 
· өлшем бірліктерінің эталондары;
· өлшеу құралдары;
· өлшеулерді жүргізу әдістемесі;
· өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау көрсетілген объектілерден салыстырмалы түрде жоғары, нәтижелері келесі жағдайларда пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болады:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет