Реферат Тақырып: Өлшеу қҰралдарының метрологиялық сипаттамалары тексерушы : Курманбаева Индира Нурлановна



бет3/10
Дата13.11.2023
өлшемі36,99 Kb.
#191307
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОТИ Александр Диас ССиМ 22-11

Негізгі анықтамалар мен ұғымдар
Өлшеу - белгілі бip физикалық шаманың мәнін өлшеу жабдығы көмегімен анықтау.
Өлшеу жабдықтары - мөлшерленген метрологиялық қасиеттерімен бөлінген техникалық жабдықтар.
Өлшеу жабдықтары қатарына жатады: физикалық шамалар эталондары, үлгілі мөлшерлер, үлгілі өлшеу жабдықтары және жұмысшы өлшеу жабдықтары.
Физикалық шамалар эталондары - ресми түрінде физикалық шамалар эталондарымен бекітілген ең жоғары болуы мүмкін дәлдікті қамтамасыз етуге негізделген өлшеу жабдықтары немесе  өлшеу жабдықтарының кешені.
Үлгілі мөлшерлер - берілген физикалық шаманы қамтамасыз етуге негізделген өлшеу жабдықтары.
Үлгілі өлшеу жабдықтары - үлгілі есебінде бекітілген мөлшерлер, өлшегіш аспаптар немесе түрлендіргіштер.
Жұмысшы өлшеу жабдықтары - физикалық шаманы беруімен байланысты емес өлшеуге қолданылатын мөлшерлер, құрылғылар немесе аспаптар.
Өлшеу жабдықтарының метрологиялық көрсеткіштері
Бөліктер белгісі- өлшенетін өлшемнің кейбір сан мәніне тең өлшеу межелігіндегі сан түріндегі бөлік белгісі (белгі нүкте,сызықша болуы мүмкін).
Аспап өлшеу межелігінің бөлігі - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгілерінің аралығы.
Өлшеу межелігінің ұзындығы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған ең қысқа сызықшамен белгіленген бөліктер белгісі осьтерінің арасындағы арақашықтық.
Өлшеу межелігінің бөлім бағасы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгісі мәндерінің айырмашылығы.
Көрсеткіштер ауқымы - өлшеу межелігіндегі бастапқы және соңғы мәндермен шектелген аудан.
Өлшеу ауқымы - өлшеу аспабының бойында өлшенетін өлшем мәндерінің мүмкіндік қателіктері нормаланған ауданы.
Өлшеу шегі - өлшеу межелігінің ең үлкен немесе ең кіші мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет