Метрология - өлшеу жұмыстарын жүргізу, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Қазіргі замандағы өлшеу жұмыстары ғылыми-техникалық білім негізі болып, материалдық ресурстарды есепке алу және жоспарлау, өнім сапасын қамтамасыз ету, бөлшектер мен тораптардың өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету және технологияларды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.
Қандай да болса талдау, жобалау, жоспарлау, бақылау, реттеу барысында әрқашан да шикізат, дайын өнім көлемі және сапасы туралы, технологиялық әрекет немесе тұтас өндірістік цикл туралы ақпарат қажетті. Бұл ақпарат әр түрлі көптеген физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді өлшеп анықтауын талап етеді.
Қажетті дәлдікпен анықталған нақты ақпарат дұрыс шешім қабылдануына әсер етеді, ал керісінше, жалған ақпарат өнім сапасын төмендетеді, әр түрлі төтенше жағайлардың себебі болуы мүмкін көптеген қателіктерге апарады.
Кейбір мәселелер әртүрлі жерде, әртүрлі кезде, әр түрлі өлшеу жабдықтарымен өлшеу нәтижелері бойынша қорытындалады. Сондықтан өлшеу нәтижелерін қолдануға болады, егер олар бір-бірімен сәйкес болса.
Өндіріс саласында түпкі өнімді бақылаумен шектелмей, әрқашан да технологиялық процесс бойында өнім сапасына қатысты көрсеткіштерді өлшеу және бақылау жағдайларын қарастыру маңызды.
Жаңа өнім шығару және технологиялық процессін дайындау кезінде, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы мәселе қолдануға алынған. Аттестациядан өткен өлшеу және сынау әдістер мен жабдықтары негізінде атқарылуы тиісті.
Қолдану тапқан өлшеу техникасының деңгейі бойынша өндіріс саласының, мемлекеттің ғылыми және техникалық даму деңгейі анықталады.
Метрологияның негізгі мақсаттары:
физикалық шамалар мәндерін, мемлекеттік эталондарын және үлгілі өлшеу жабдықтарын орнату;
өлшеу теориясын, әдістерін және өлшеу мен бақылау жабдықтарын дайындау;
өлшеу бірлігін қамтамасыз ету;
өлшеу қателіктерін, өлшеу және бақылау жабдықтарының дәлдігін анықтау әдістерін дайындау;
өлшемдерді эталондардан немесе үлгілі өлшеу жабдықтарынан жұмысшы өлшеу жабдықтарына беру әдістерін дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |