Реферат Тақырып: Өлшеу қҰралдарының метрологиялық сипаттамалары тексерушы : Курманбаева Индира Нурлановна



бет9/10
Дата13.11.2023
өлшемі36,99 Kb.
#191307
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОТИ Александр Диас ССиМ 22-11
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Метрологияға қойылатын талаптар
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері:
· ең жоғарғы дәлдіктер бірлігін алуды қамтамысыз ететін физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі;
· ғылыми зерттеу және қызметтің басқа да түрлері кезінде өнімдер, техникалық процесстер және материалдық өндіріс ортасындағы басқа да обьектілерінің сипаттамасын қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін жұмыс өлшеу құралдарын құрастыру, өндірістен шығару және айналымға жіберу жүйесі;
· үлгілік өлшеу құралдары жєне басқа тексеру құралдарының көмегі арқылы барлық өлшеу құралдарына эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін беру жүйесі;
· құрастыру жєне айналымға шығару кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдардың міндетті мемлекеттік сынау жүйесі;
· дайындау, пайдалану және жөндеу кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік және мемлекеттік және мекемелік тексерістер немесе метролгиялық аттестаттау жүйесі,
· заттар мен материалдардың құрамдары мен қасиеттерін сипаттайтын шамалар бірліктерін алуды қамтамасыз ететін стандарттық үлгілер жүйесі;
· ғылыми зерттеу, техникалық процесстер және бұйымдар конституциясын құрастыру, материалдарды алу және пайдалану прцестерін нақты, анық мәліметтермен қамтамасыз ететін заттар мен материалдырдың қасиеттері туралы стандартты анықтық жүйесі.
 Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ұйымдастыру негізі - ҚР-ң метрологиялық қызметі. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік өлшеу жүйесі (МӨЖ) - бұл өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін, анықтамалардың стандарттарымен белгіленген өзара байланысқан ережелер, баптар, талартар және нормалар комплексі.

Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері
Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің міндеттері:
1) өлшеу нәтижелерін өңдеу, өлшеуді орындау, метрологиялық жағдайдағы техникалық құралдарды қолдау, техникалық құралдарға сәйкес процесстерді қамтамасыз ету: әдістерді құрастыру, бақылау мен сынау, өлшеудің процестерін жоспарлау: жобалық конструкторлық және технологиялық құжаттармен метрологиялық сараптау, өлшеудің дәл нәтижелерінің сандық көрсеткіштері мәні мен номенклатураны таңдау.
2) жөндеу жағдайындағы өлшеу құралдарын қолдау, бақылау мен өлшеу, сынауды өткізу мен жоспарлау, метрологиялық сараптау, дәлдік нормалары, өлшеуіш параметрлердің рационалды параметрлерін таңдау.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің баптарын кеңінен енгізу негізінде жүргізіледі.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмендегідей ережелер мен баптарға сәйкес жүргізіледі:
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік стандарттары;
- өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары;
- сала және кәсіпорындар үшін өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін белгілейтін салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, ұйымдастыру-әдістемелік және өндірістік құжаттар.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бұйымды құрастыруға арналған бастапқы құжаттарды алу кезеңінен бастау алады және кәсіпорынның конструкторлық, технологиялық , метрологиялық немесе басқа да қызметтері арқөылы орындалады.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті бастапқы құжаттар құрамы салалық стандарттармен анықталады.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін немесе баптарын анықтайтын, нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік және инструктивтік-өндірістік құжаттарға кіреді:
а) бұйымдардың кіру және қабылдау кездеріндегі бақылаулар нақтылығын қамтамасыз ететін, өлшенетін параметрлердің оптимальды номенклатурасы мен өлшеу дәлдігінің нормаларын анықтау;
б) өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін, неғұрлым қазіргі заманғы өлшеуді орындау әдістемелерімен технологиялық процестерді қамтамасыз ету;
в) жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, өлшеуді орындау әдістемелерін құрастыру және енгізу;
г) өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар құрастыру;
д) өндірісті стандартталынған өлшеу құралдарымен, қажет жағдайларда нақты технологиялық процестер үшін арналған стандартталынбаған өлшеу құралдарымен, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін өңдеу құралдарымен қамтамасыз ету;
е) нормаланған дәлдікпен өлшеуді орындауға өлшеу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету;
ж) бақылау-өлшеу техникалырын стандарттау, унификациялау және агрегаттау;
з) өндірісте өлшеуді орындау жағдайларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
и) бақылау-өлшеу операцияларын орындау үшін кәсіпорынның өндірістік бөлімдері мен сәйкес қызметтерінің қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге әдістемелік басшылық мемлекеттік және мекемелік метрологиялық қызмет органдары арқылы жүргізіледі.
Өндірісті дайындау процесінде құрастырылған, өлшеу дәлдігінің нормаларын, әдістерін, құралдарын, өлшеуді дайындау және жүргізу жағдайларын, сонымен қатар өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін реттейтін, нормативтік-техникалық, конструукторлық және технологиялық құжаттар міндетті түрде метрологиялық бақылауға немесе сараптауға түсуі тиіс.
Нормативтік-техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық бақылау немесе сараптау, осы құжаттарда көрсетілген, мемлекеттік стандарттау мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына өлшеудің дәлдік нормаларының, әдістерінің, құралдарының, өлшеуді орындау орындау жағдайларының, өлшеу нәтижелерін өңдеудің, өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.
Өлшеу жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ қасиеттері метрологиялық сипаттамалары деп аталады, оларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Сезімталдылық - сезімталдық дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы .
2. Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген өлшеу жүргізу аралығы. Метрологиялық емес сипаттамалар Материалдық емес сипаттамаға сенімділік көрсеткіші, электрлік беріктілігі (изоляция беріктілігі), климаттық, механикалық әсерлерге беріктілігі жатады. Қазіргі өндірістердің күрделенуі мен ғылыми зерттеулер-дің дамуы жүздеген және мыңдаған физикалық шамаларды бірмезгілде өлшеу мен бақылау қажеттілігіне алып келді. Адамның үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдап алу мен өңдеу мүмкіншіліктеріне табиғи физиологиялық шектеулері өлшеу жүйелері сияқты осындай ӨЖ тудырудың бір себебі болды. Өлшеу жүйелері – бұл берілген объектіге автоматты басқару жүйесінде автоматты өңдеуге, беруге және (немесе) қолану үшін қолайлы түрдегі физикалық шамалар жөніндегі өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу үшін арналған байланыс каналдарымен бір-бірімен байланысқан өлшеу құралдары, есептеу техника құралдары және көмекші қондырғыларының функционалды түрде біріккен жиынтығы. Оларға мысал болып күрделі өнеркәсіптерде дамыған және қандай да бір бұйымды өндірудің технологиялқ процесін бақылауға арналған жүйелер жатады, мысалы болат, электрэнергия және т.б. өндірістері. Өлшеу сигналдарының тағайындалуына байланысты өлшеу, бақылау, басқару деп бөледі. Өлшеу каналдарының санына қарай жүйелер бір-, екі-, үш- және көпканалды болып жіктеледі. Ең маңызды түрі болып ақпаратты-өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып табылады, олар өлшеу ақпараттарын тұтынушыға қажетті етіп беруге арналған. Құру алгоритмдерін ұйымдастыру бойынша жүйелер мына түрге бөлінеді: жұмыстың алдын ала берілген алгоритмі бойынша, олар-дың құрылу ережелері өзгермейді, сондықтан олар тек тұрақты режимде жұмыс істейтін объектілерді зерттеу үшін қолданылады; программалаушы, олардың жұмыс алгоритмі зерттеу объектісінің құрылу шарттарына сәйкес құрылған берілген программа бойынша өзгереді; адаптивті, олардың жұмыс алгоритмдері, сонымен қатар құрылымдары өлшенетін шамалар мен объектінің жұмыс шарттарының өзгеруіне бейімделе отырып өзгереді.
Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есептері шешілуі тиіс. Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар: өзіне компьютерлі тораптармен тікелей қосылған перифериялы құрылғылары бар компьютер; әтүрлі деңгейдегі алгоритм тілдерінде жазылған, өзара байланысқан программалардың өзінше жиынтығын беретін программалы қамтамасыздану; ӨЕК-нің техникалық құрылғысының компьютермен байланысын ұйымдастыратын интерфейс; өлшеу сигналдарын алу мақсатында өлшеу объектісіне әсер ететін сынау сигналдарын құрушы.
Метрологиялық сипаттамаларды нормалау арқылы олардың бірін-бірі ауыстыра алатындығы мен өлшемнің бірегейлігі қамтамасыз етіледі. Метрологиялық сипаттамалардың реалды мәндері (іс жүзіндегі мәндері) өлшеу құралдарын жасау кезінде анықталады, содан соң жұмысқа пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады. Егер сипаттамалардың біреуі талапқа сай келмейтін болса, онда мұндай өлшем құралы қайта жөндеуге жіберіледі, не мүлдем қолданудан шығарылады. Метрологиялық сипаттамаларға қойылатын нормалар (талаптар) стандарт арқылы тағайындалады. Сөйтіп өлшем құралының нормаланған жағдай мен жұмыс жағдайында қолданылу айырмашылығы белгіленеді. Өлшем құралдарының қолданылуының нормаланған жағдайы мен жұмыс жағдайы олардың нормативтік-техникалық құжаттарында көрсетіледі. Нормаланған жағдайда метрологиялық сипаттамалардың мәндері әсер етуші факторларға тәуелсіз болады. Өлшем құралдарының көптеген типтері үшін нормаланған жағдайда температура - (293±5) К, салыстырмалы ылғалдық - (65 + 15)%, ток кернеуі - 220 В± 10 %. Нормаланған жағдаймен салыстырып қарағанда, жұмыс жағдайында әсер етуші шамалардың өзгерісі көбірек, сондықтан метрологиялық сипаттамалар әсер етуші факторларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Жұмыс жағдайынан тыс шектерде метрологиялық сипаттамалардың мәндері белгісіз. Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2.30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялықаттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшемқұралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде: − автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар; − республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар; − осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшемқұралдарының жеке даналары; − сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадайқұжаттар жинағымен ұсынылады: − өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш; − өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалықшарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса); − пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде); − өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасыныңжобасы; − өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде); − әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса. Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексерушіқондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеруәдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялықаттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеруәдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауғаұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет