азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда; өнімдер мен қызметтер сапасының нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес келуін сынау мен бақылауда; қоршаған ортаның жағдайын бақылауда; еңбек шарттарының қауіпсіздігін бақылауда;
· сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жабдықтаушы, өндіруші, орындаушы) арасындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларда, соның ішінде тұрмыстық, коммуналдық және байланыс қызметтері аясында;
· мемлекеттік есепке алу операцияларында;
· бұйымдар, құймалар, жартылай шикізаттар, қалдықтар мен балқымалар түріндегі асыл металдардардың мазмұнын анықтауға байланысты операцияларда;
· қарулық жабдықтау, әскери, арнайы техника және басқа да арнайы өнімдер өндірісінде;
· геодезикалық және гидрометеорологиялық жұмыстарда;
· салықтық, банктік, кедендік және пошталық операцияларда;
· барлық түрдегі материалдық ресурстарды өндіруде, сұрыптауда, тасымалдауда, сақтауда және тұтынуда;
· құрылыста;
· мемлекеттік басқару органдары, сот және құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша орындалатын жұмыстарда;
· ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуде;
· өзгеру құралдарын тексеруде.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:
· өлшеу құралдарының шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді орындау әдістерін, өлшем бірліктерінің эталондарының қолданылуына, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына қадағалау жүргізу;
· тауарлардың салмағын, көлемін, шығындалуын және басқа да сипаттаушы өлшемдерді анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын сауда операцияларын жүргізу кезінде шеттетілетін тауарлар санын қадағалау.
Заңды және жеке тұлғаларды тексеріс жүргізу кестесін құру кезінде мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлерін біріктіру ұсынылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың әрбір түрлерін жүргізу тәртібі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |