Су ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн:
шетелдiк және отандық озық технологияларды, пайдалану ластанған суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану;
қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды, жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану;
суға аса мұқтаж өңiрлерде суды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту қарқыны мен көлемiн шектеу;
суды сақтау технологиясын, суды пайдаланудың айналымды және тұйық жүйесiн жаппай енгiзу;
өнеркәсiптегi өнiм бiрлiгiне келетiн үлестiк су тұтынуды азайту шараларын жүзеге асыру;
суды пайдалану аясында суды пайдаланудың шығынын азайту; су шаруашылығы жүйесiн суды өлшеу және суды реттеудiң қазiргi құралдарымен жабдықтау;
сулар мен сарқындыларды қатаң нормалау және кейiннен сарқындыларды нормалаудан жоюға көшетiн оларды пайдалану көрсеткiштерiн әзiрлеу қажет. Жаңа кәсiпорындарды салуды су объектiлерiне ластайтын заттар шығарындысын мүлдем болдырмау арқылы жүзеге асыруы тиiс.
Қалдықтарды игеру. Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз пайдаланылуда.
Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи ортаның ластануына әкеледi.
Осыған байланысты қалдықтар өндiрiсi мен оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудiң әсерiн бағалау қажет.
Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет.
Өнiмдi пайдалану кезеңiн экологиялық сертификаттау және төлемдердi жетiлдiру бағдарламаларын түзу мен iске асыру қажет.
Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi кәдеге жаратуға әрi онымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн салмақты азайтуға мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |