Реферат Тақырып: заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музика, кино, телеведение



Дата29.12.2021
өлшемі32,44 Kb.
#106064
түріРеферат
Байланысты:
реферат
реферат генератор, реферат генератор, реферат генератор

М. Әуезов атыдағы оңтүстік қазақстан университеті

Реферат


Тақырып: заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музика, кино, телеведение

Орындаған: Саябай Сымбат

Тобы: ЕП20-12к

Қабылдаған: Мерует Тасполтаева

Шымкент 2020

Жоспар


1)Кіріспе

2)Негізгі бөлім:

Негізгі жанрлардың тұрлері

Өнердің пайдасы

Қоршаған ортаға, адамға әсері

3)Қорытынды: Телевидиние қолданбалы мақcаттар

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған: “Бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген. Әдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ, әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның “Өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та “Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған. Әдебиет — ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. “Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді” деген В.Г. Белинский. Көркемдік ізденісте ол әлем әдебиетінің озық үлгілерінің тәжрибесін пайдаланады. Оның дәстүрмен байланысы, жаңашылдығының да сыры осында. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік әдебиетінің үлгісі жалпы адамзатқа ортақ мұраны құрайды. Әдебиет ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Қазақ әдебиетінің көшпелі дәстүрде туған, ауызша шығарылып, халық жадында сақталған әдебиеттің тарихи зор саласы — ауыз әдебиеті (фольклор). Оның түрлері де сол шыққан дәуірі мен жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Оларда тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостың түрлері (батырлық, ғашықтық, дастандар түрінде), тарихи жырлар кең дамыған.

Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді. Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.атауы. Халқымыздың бейнелеу өнері сан ғасырлар қойнауынан бастау алады. Бүгінгі таңда оның көркемдік, мəдени-рухани, əлеуметтік тарихын, заңдылығын, ерекшелігін танып-білуде шығармашылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда бейнелеу өнер шығармаларын мəдениеттің құрамдас элементінің негізінде айқындап, танып-білу, өнер түрлерінің озық үлгілерінде жинақтау, зерделі зерттеу аса маңызы мəселе.

Қазақстандағы тұрмыстық жанрдың пайда болуы мен дами бастауының жалпы өткелдері мен сатыларын таразылай келе, ол кезеңдегі суретшілердің туындыларындағы тұтастық, көпқырлылық, тарихилық пен əлеуметтік болып құрылған екі арнаның кіріктірілгендігін, ұлттық сипаттың айқын көріністерін, шындық өмірдің көркемдік тұрғыдан сəйкестенген нышандарын ұғынуымызға болатындығын көрсеттік. Біз қарастырып отырған тұрмыстық жанрдың ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан ашып көрсету — ұлттық рухты, мəдениетімізді қайта жандандыру мен нығайта түсудің шарты екендігін атап өттік. Ғасырдан ғасырға ұласып, тұрмыс-тіршілігі, көркем өнері қолөнермен байланысты болған, оюмен ойын білдірген өнерінің күрделі философиялық жүйесі бар халқымыздың дүниетанымдық категориялары тұрғысынан сол кездегі өнердің жаңа түрі — кескіндеме өнері белгілі бір қиындықтар туғызып жатса да

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады. Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етед Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді Біз жанрдың кішкентай түрлеріне тоқтала қоймадық, олардың арасында романтикалық комедия («Побег из аула: Операция Махаббат»), тарихи драма («Жаужүрек Мың Бала», «Келiн»), фэнтези-драма («Баксы», «Жел-адам»), шытырманға толы фильмдер («Ход конем») немесе түрлі жанрлардың бірігуі («Шу-Чу» атыс-шабыс-комедия-шытырман) бар. Өйткені, отандық киноға байланысты үлкен энциклопедия жазуға болады. Ал «Бродвей» кинопорталы осымен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.

Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады Музыкалық жанр — белгілі бір сюжеттік, композициялық, стилистикалық және басқа да ерекшеліктерімен сипатталатын музыкалық шығармалар жиынтығы. Сондай-ақ басқа да осы үлгідегі шығармалар. Музыкадағы жанр ұғымы мазмұн мен форма санаттарының шекарасында тұр және пайдаланылған экспрессивті құралдар жиынтығы негізінде шығарманың объективті мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол, әдетте, тарихи қалыптасқан ұрпақ және музыкалық шығармалардың түрлерін сипаттайды. Ал, қысқаша айтқанда, бұл шығу тегі, орындау шарттары мен қабылдауына байланысты музыкалық Соған қарамастан Музыка адамның басқа дыбыстықіс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық, ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпте келтірілген. Эмоцияның көп түрлері ішінен Музыка ең алдымен көңіл-күйді білдіреді. Музыкалық шығарманың мазмұнында сонымен қатар жеке адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінезін ашуда Музыкаға жағдай тудырады. Адам эмоциясының нақтылығы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде Музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ, музыка эмоциялық сфераларды ашып отырып, сол арқылы идеялар әлемін, алуан құбылыстарды және болмыс шындықтағы процестерді суреттейді. Қалың бұқараны ұйымдастыру, оның рухани өмірін қалыптастыру құралдарының бірі болып отырып, Музыка қоғамдық тәжірибеге де белсенді түрде әсер етеді.шығармашылықтың түрлері мен түрлерін сипаттайтын көп ұғым.

Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино жанрлары — ішкі құрылымдарының ұқсас сипаттары негізіндегі кинолық шығармалардың топтары.

Жанр — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан ішкі тараушалар. Өнердің әр түрінде жанрлық бөлінулерге өзіндік ерекшеліктер хас және басқа түрлермен сәйкестенбейді. Әйткенмен, "жанр" терминінің кесімді анықтамасы жоқ, ал "тек", "түр", "түрлілік" түсініктері жиі оның синонимі ретінде қолданылады. Сонымен бірге өнердің әрбір түріне дәуіріне сай жанрлық жиынтықтың өзгерімдері тән.

Internet Movie Database (IMDb) порталы өзінің топ бойынша фильмдерді бөлу жүйесін қолданады. Ол жерде бір таспа бір уақытта бірнеше жанрға қарасты болуы мүмкін. Сайт ауторлары түсініктеме береді: "Жанр деген не? Жанр — бұл жай ғана фильмдерді олардың стильдеріне, пішініне немесе мазмұнына сүйене айқын түрлерге бөлу. Көптеген фильмдер оңайша уестерн, драма немесе комедия сияқты санаттарға жатқызылуы мүмкін. Бірақ әрине, кейбір фильмдер бұл жиектемелерге сыймайды, сондықтан бұл тізім шартты." IMDb жүйесіне классикалық жанрлар да, мысалы, комедия немесе шытырманды фильм, сондай-ақ кино түрлері де, яғни деректі және анимациялық, сонымен қатар телевизиялық жанрлар (толк-шоу, жаңалықтар) да кіреді. Кино – өнер, бұл шығармашылықтың қай түрі ұнайтынына байланысты адамның мінезін, темпераментін, психологиялық жай-күйін анықтауға болады. Немесе адам болмысына қарап, қандай жанр ұнататынын анықтап көріңіз.

Телевидение (τήλε - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді), телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардың көмегімен тарататын техника саласы. Телебейне таратушы түтік және кинескоп электронды телекөрініс жүйесінде 20 ғасырдың 30-жылдарының ортасында пайдаланыла бастады. Қазіргі телекөрініс жүйесінің дамуы кескіннің айқындылығын жоғарылатумен, қатар тұрақтылығын (кабельді телекөрініс) және қашықтығын арттырумен (серіктік телекөрініс) байланысты. 20 ғасырдың соңында цифрлы телекөрініс пайда болды. Қазіргі кезде интернет көмегімен интерактивті телекөрініс (“Тапсырысты телекөрініс”) – телекөрермендердің сұранысын орындау (ҚP-теледидары, TVoҚP, VoD) іске асырылды. Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданатын бұқаралық құралы және ғылыми, ұйымдық, техникалық, басқа да қолданбалы мақсаттарда (мысалы, өнеркәсіп пен көліктегі диспетчерлік бақылауда, ғарыштық және ядролық зерттеулерде, әскери істе, т.б.) пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Экран өнерінің (кинематограф, телевидение, видео және басқа да бейнелік көрініс өнімдері) қазіргі таңдағы алуанқырлы өнімдері техникалық қарқынды жетістіктердің небір тосын технологиялық күрделі құрылымдары арқылы көрерменге әсер етудің жаңа тәсілдерін меңгерді. Бұл саладағы ізденістер үзіліссіз жалғасуда. Экран туындыларына өнер тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, тіпті, көпшілік жағдайда, өндірістің қаржылық жағынан пайдалы өнімдер саласы ретінде бағалау сатысына деген көзқарас басымырақ түсіп отыр деуге соңғы жылдар көлемінде қарқын алып келе жатқан сериалдар өндірісі дәлел бола алады. Жаңа ғасыр басындағы электронды технология тәжірибелері мәдени ағымдар салаларының өзара байланысын күшейте түсті. Жиырмасыншы ғасырдағы кинематограф, телевидение, видео өнімдері аудиовизуальды ақпараттың көркемдік формасының небір ғажайып мысалдарын дүниеге әкелді. Экран өнері шын мәнінде өзінің синтездік өнер ретіндегі табиғатын дәлелдей отырып, тереңнен келе жатқан барлық өнер салаларының ең үздік суреттеу тәсілдерін үйлестіре алғандығымен көпшіліктің назарын аудара алды.

Қазіргі көрермен күн сайын, сағат сайын, минут сайын жан-жақтан ағылып жатқан ақпараттық тәсілдер нәтижесінде жаңа туындылардың жаңа формаларын қабылдауға мәжбүр. «Телевидение» құдіреті көрерменге таңдау, талдау, сұрыптау, бағалау сәттеріне тым аз мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, бар жоғы он минуттық хабар немесе басқа да телевидение өнімдері (ток-шоу, клип, жарнамалық ролик, деректі фильм, хроникалық сюжеттер) арқылы көрермен аз уақыт аралығында шамадан тыс соншама көп информация алады. Дүниенің төрт бұрышында болып жатқан тосын жаңалықтар, саяси толқулар, дипломатиялық кездесулер, жаңа тауарлардың түрлері, музыка әлеміндегі жаңалықтар, телесериалдар... бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Телевидение өнімдерінің осындай санқырлы түрлеріне қызығушылықтың салдарынан бүгінгі белсенді көрерменнің қалыпты өмір сүру ритмі де көп өзгеріске ұшырады.

XXI – ғасырдағы әлем келбетіне жалпылай көз тігер болсақ ақпараттық технология қарқынды дамып, аз уақыт ішінде түрлі төңкерістер мен эксперименттер жасалып, ескілік тарих қойнауында қалып, жаңа форматтар, түсініктер, ағымдар заманға сай ерекше тәсілмен жасалып жатқанын бақылай аламыз. Соның ішінде экран өнерінің бір бағыты болып табылатын телесериалдардың алғашқы көрсетілімі 1947 жылы пайда болғаннан бері үздіксіз даму үстінде. Қанша атақты, сәтті телесериалдар жасалғанымен, жылдар өткен сайын бұл өндіріс ешқашан тоқтамақ емес және техникалық, көркемдік, шығармашылық ізденістердің арқасында әлі де жаңа, тың дүниелер өмірге келетініне күмәніміз жоқ.

Ең алдымен телесериал табиғатын терең түсіну үшін әлемдік тәжірибеде қолданып жүрген терминдер мен түсініктеріне терең үңілуіміз керек

Киносериал – (ағылшынша: movie serial немесе film serial) кинотеатрларда қоюға арналған көп сериялы киношығарма. Олар 10-15 сериядан тұрып, әр апта сайын көрермендер келіп тұру үшін «ең қызық жерінде» аяқтап отырады. Сериялар 15-20 минутқа созылып, негізгі фильмнің алдында беріліп отырды. Ең бірінші киносериал 1910 жылы түсірілген бес сериядан тұратын «Арсен Люпен против Шерлока Холмса» болды. Киносериалдар әсіресе XX ғасырдың бірінші жартысында Америка Құрама Штаттарында әйгілі болды. Киносериалдардың сюжеттері атақты радиоқойылымдар мен комикстерден алынып отырып, 1929-шы жылдар мен 1956 жылдардың аралығында АҚШ-та 200-ден астам осындай сериалдар түсірілді.

Қорытынды Музыка- әлемдік өнердің бір түрі. Орыс жазушысы Антон Чехов айтқандай «музыка әлемді жадыратады, әрбір тірі жанға шаттық, бақыт сыйлайды,қиял ғажайып әлемге самғауға көмектеседі». Сондықтан өмірде музыканы сүймейтін адам жоқ шығар. Адамдар ежелден қазірге дейін музыка арқылы өлеңнің әуенін, музыкалық инструменттерін өзгерте отырып жетті.

Қазақтар ежелден музыканы жақсы көрген. Оған домбыра, қыл-қобыз, сазсырнай,дабыл сияқты музыкалық инструменттері, Біржан сал, Құрманғазы сияқты күйші – әншілері дәлел бола алады. Құдай қазақтың жанына дүние есігін ашқан сәтінен бастап күйдің бір бөлшегін салған деген аңыз бар. Бәлкім, қазіргі кезде де музыканы жақсы көретініміз осы себептен болар.

Егер қазақтың бұрынғы музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстырайық. Біріншіден, қазір елімізде батыс елдерінің музыкалық жанрлары көптеп кездеседі. Екіншіден, бұрынғы уақытта әндер мен өлеңдерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеп жазған, ал қазіргі кезде аспаптармен қоса, заманауи технологияның көмегімен жазылады. Үшіншіден, біздер музыканы тек қазақ тілінде тыңдамай, сонымен қатар өзге тілдерде де тыңдаймыз.  Төртіншіден, ежелде дәстүрлі әндер ғана болса, қазіргі кезде эстрадалық әндер де  кең қолданысқа ие.

Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар эстрадалық әндерді кең көлемде тыңдайды. Дәстүрлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Экстрадалық әндер шоу бизнесте көп қаражат табады. Осы себептен, көптеген әншілер дәстүрліден экстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсы жағынан тәрбиелеп, салт – дәстүрлерін, өздерінің тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыкаларды тыңдауды тоқтатсақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекшеліктерімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқандай, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең». Шыныменде, сәбиге жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап анасы « Бесік жыры» секілді өлеңдер айтады, ал адамдар қайтыс болғанда, жақын адамдары жер қойнауына «Жоқтау» әнімен

шығарып салады. Бұл жерден музыканың адам өміріндегі маңыздылығын көре аламыз.

Қорыта келгенде, музыка - қазақ халқы үшін үлкен рөл ойнайды. Музыка өнері елімізде ежелгі кезден бастап осы күнге дейін сақталған. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сақтауға міндеттіміз. Бұл сөз , өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес.  Өзге елдегі әндерді тыңдаған дұрыс,  ол адамның ой – өрісін кеңейтеді. Бірақ  өзіміздің дәстүр – тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақ Энциклопедиясы"

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 “Аруна Ltd.” Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-0

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/130

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/51685/ Леонардо да Винчи = Leonardo da Vinci. — М.: «Издательство АСТ» Леонардо да Винчи/Гениальный художник и ученый. Издательство «Клуб семейного досуга» — 143 с., 2002. — с. 144. — ISBN 5-17-010617-3.

Ситник К. А. Э. Делакруа. М.-Л., 1947. По материалам из книги "Энциклопедия импрессионизма и постимпрессионизма"/ Сост. Т.Г. Петровец. - М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2000. -320 с.: ил.

http://portal.vkgu.kz



Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: В 4 т. - Спб., 1863-1866

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет