Қорытынды
Үйрек, үй үйректері (Анас платyрһyнцһос вар. доместіца) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар.
Шамамен біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын Еуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған. Үйректердің ең көп тараған түрлері: бейжің (пекин) үйрегі, мәскеудің ақ үйрегі, мускусты үйрек, үндінің жүйрік үйрегі, т.б. Пекин үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді. Мекиенінің салмағы 3,0 кг, аталығы 3,5 кг, 9 апталық балапанының салмағы 2,5 кг тартады. Жасы 6 — 8 айға жеткенде жұмыртқалай бастап, 7 — 8 айдың ішінде 80 —120 жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75%. Мәскеудің ақ үйрегі сырт тұлғасы жағынан пекин үйрегіне ұқсайды. Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) жұмыртқа табады. Балапан шығымы жоғары. Мускусты үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Мекиендерінің салмағы 2,5 — 3 кг, аталығы 4,5 — 5 кг, жақсы семірген кезде 6 — 7 кг, бауырының өзі 350 — 550 граммға жетеді. 6 — 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 — 120-ға дейін жұмыртқа табады. Таза еті көп, майы аз, оның құс бауырын өндіруде маңызы зор. Үндінің жүйрік үйрегі жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған. Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.Бізде оның көптеген тұқымдары өсіріледі. Әсіресе ақ үйректің екі түрі мәскеу және бейжің үйрегі, сұр украина үйрегі, ақ жемсаулы және харьков қара үйрегі көп тараған.
Үйрек - суда жүзетін құс. Жылдың жылы мезгілдерінде тоған мен көлдердің суы таяз жерінен қорегін тауып жейді.
Пайдыланылған әдебиеттер
1. Ред. А. Отарбаев, т.б.Қолда мал өсіру. – Алматы: Қайнар, 1995 ж.
2. Ю. Д. Зыков, И.П. Копытин, Мал азығын өндіру, Алматы, «Білім», 1994 ж.
3. У. Әбділманов, Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру, Алматы, «Қайнар», 1995 ж.
4. Вестник департамента селького хозяйства Павлодарской области,
№ 8 ноябрь 2003 г.
5. У. Абдилманов, Организация и управление сельхозпроизводством,
Алматы, «Кайнар», 1990 г.
6. Б. Ысқақбаев, Құс шаруашылығын азықтандыру, Жаршы, № 4, 1994.
7. Попович И. В. Практикум по экономике птицоводстве. М., "Колос", 1991.
8. Поповенко И.С. Организация кормовой базы птицоводство, М., 1988.
9. Ульман И..Е. Вопросы комплексной механизации птицоводческих ферм.
М., 1974.
10. Запченко А.П. Эффективность сельскохозяйственного производства
птицофабрик, М., "Колос", 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |