3.Ұшаны ақтармалау
Құс ұшасын ақтармалау (ішек-қарнын алу) барлық өндірісте тәжірибеге енгізіліп, ұшаның жартылай ішін жару әдісін қолданып келеді. Ұшаны ақтармалау әрбір ұшаны және оның ішкі мүшелерін мұқият ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізуге мүмкіндік береді.
Ақтармалаудың алдында ересек үй құстарының аяқтарын, мойнын, қанаттарын алып тастайды, тік ішегінің кеңіген бөлігін айналдыра дөңгелектеп кеседі, құрсақ қуырсынын, қабырғасын төс сүйегінің түйініне дейін кесіп, ішектерін және ішкі мүшелерін алып, мал дәрігерлік тексеруге ұшаның сол жағына ілулі қалдырады. Мал дәрігерлік-санитарлық қараудан өткізілгеннен кейін, әрі қарай өңдеу жалғасады. Жүрегін алып, өт қабын абайлап көк бауырдан бөледі. Бұлшық етті асқазанын бойлай кесіп, ішіндегі құрамын алып тастап, сумен бірнеше рет жуады. Құрғақ жерлерде өмір сүретін құстар асқазанының сырт қабатын сыпырып тастап, одан кейін кезектеп басын екінші мойын омыртқа қасынан, кеңірдекті және өңешті, өкпе және бүйректері, ең соңында мойнын кесіп алады. Ұшаның ішін жартылай жарғанда, немесе түгелдей жарғаннан соң, ұшаны сумен жуады. Қалдықтарды (бас, ішек, кеңірдек, өңеш, өкпе, бүйректер, аналық жыныс безі және т.б.) малға ақуызды азықтар дайындауда, шикізаттар ретінде пайдаланылады.
Сурет 3.6. Өндірісте құс ұшасын ақтармалау әдісі
Қалыпқа келтіру:
Құс ұшасына сыртқы тауарлық түр беру үшін және дайын ұшаларды сыбаға кесектеріне ыңғайлы кесу үшін оларды қалыпқа келтіреді. Қалыпқа келтірудің алдында жүргізілген алғашқы өңдеуді мұқият тексереді және бір уақытта іріктеуді жүргізеді. Үй және жабайы құс ұшасын үш әдіс бойынша қалыптайды: «қалташық», бір жіппен (айқастырып) және екі жіппен ілу. Ең қарапайым «қалташық» әдісін жасау үшін теріні тіліп, осы тілінген жерге аяқтарын қайырып кіргізеді. Бұл әдіс қаз, үйрек және тауықтарды қалыптауда қолданылады.
Сурет 3.7 «Қалташық» қалыптау әдісі
Құс еті ерекше дәмділігімен, жұмсақтығымен және нәзіктігімен өте жоғары бағаланады. Бұл өнім – әр түрлі нәзік дәмді бірінші және екінші тағамдарды, ыстық және салқын тіске басарларды дайындау үшін таптырмас шикізат. Сонымен бірге, құрылымы мен химиялық құрамы бойынша құс етін балалар тағамы мен диеталық тағамдар дайындауға жарамды деп есептейді. Етті тұқымды тауықтың етінде май мен ақуыз, жұмыртқа беретін тауықтарға қарағанда көп мөлшерде болады және де қоректілігі жоғары дәмді. Ауыл шаруашылық құс етінде ақуыздар, майлар, минералды заттар, В, РР, А, Д тобының дәрумендері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |