Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 ж



Дата17.02.2017
өлшемі402,93 Kb.
#9481
түріРеферат
ӘОЖ 371.311:546:373.5

Қолжазба құқығында


Алпамысова Коркем Яхияевна

Орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі

6М011200 –Химия мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж.

Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.




Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының

кандидаты С.М.Наренова


Ресми оппонент: Болашақ Университеті,

«Мұнай-газ, техникалық және

жаратылыстану пәндері»

кафедрасы, химия

ғылымдарының кандидаты

Н.А.Тоғызбаева

Қорғау 2013 жылы «8» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Орыстың педагогтерінің бірі К.Д.Ушинскийдің айтқанындай қазіргі заман талабына сай әрбір мұғалім, өз білімдерін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сәйкес инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса сабақ тартымды да, мәнді, мағыналы, тиімді болары сөзсіз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп, атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан да қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерістерінің технологияландыру мәселесі қойылып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталынып, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі зерттелініп, мектептің өміріне енуде.

Әдебиеттерде оқығанда көретініміздей, педагогикада оқу – тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарылатудың жолдары үздіксіз түрде жүргізілетіндігі көрсетіледі. Оқу үдерісінде оқушылардың өз бетінше және белсенділік принципі атақты дидакт М.Н.Скаткиннің жұмыстарында ұсынылды. Кейін ол М.И.Махмутова, Т.И.Шамова, Н.А.Половникова, Д.В.Вилькеева, И.Я.Лернер зерттеулерінде дамыды. Бірақтан да алдыңғы ғасырдың 80 – жылдарына дейін бұл бағытты зерттеу оқытуды ұйымдастырудың бір түрі – тек сабақта ғана жүргізілді. Сабақтың әр кезеңдерінде оқушыларды белсенділігін арттырудың тәсілдері қарастырылды. Зерттеушілер оқу процесінде әрбір оқушының белсенділігін арттыруда оқу әрекетін жекешелендіру мүмкіндіктерін қарастырды. Басқалары бұл міндетті шешуде оқытудың ұжымдық формасын қарастырды. 80 – жылдардың басынан бастап педагогикада педагогикалық технологиялармен байланысты зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды. Бұл бағыт аумағында әр түрлі оқытудың инновациялық технологиялары қарқынды түрде бастау ала бастады және олардың қатарында оқытудың ұжымдық әдісі де рөл атқарды. Педагогикада бұл технология В.К.Дьяченко атымен байланысты. Ол бұл форманың негізін, мазмұнын және мақсатын құрды. Ол өзінің зерттеулерінде ұжымдық оқыту технологиясының әрбір оқушының белсенділік әрекетінің міндеттерін шешуде, оқушылардың ынтасын жоғарылатуда, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда үлкен мүмкіндікке ие екендігін айтты. Сол уақыттарда оның қарқынды түрде жүзеге асуына жұмыстар жүргізілмеді.

Ұжымдық оқытудың тарихы М.А.Брейтерман., З.А.Вихман., З.Чаганның жұмыстарында көрсетілді. Оқытудың ұжымдық әдісінің технологиясының теориялық және әдістемелік негіздері А.Г.Ривин., В.К.Дьяченко., М.А.Мкртчян еңбектерінде қарастырылды. Ал бұл технологияның жүйелік талдауын Г.К.Селевко ұсынды.

Оқытудағы ұжымдық проблемасының көп ғасырлық тарихы бар. 16-17 ғасырлардың өзінде мұғалімнің бір уақытта сыныптағы барлық оқушылармен жұмыс жасауын ұжымдық деп атаған.

Бірақ ұжымдық жұмысты әртүрлі зерттеушілер әрқалай түсінеді. Бір жағдайда бұл мұғалінің барлық сыныппен бір уақыттағы жұмысы

(Е.Н.Медынский, А.А.Бударный). Басқасында – ауызша немесе жалпы сыныптық әрекет жағдайы (бірігіп іздену, талқылау, бір-біріне көмек беру). Үшіншіден – егер жұмыс нәтижесі өзара талқыланып, талданса, онда ауызша немесе топтық болады. Төртіншіден – дифференциалды топтық жұмыс, мұнда әрбір топ өздерінің жеке тапсырмаларын алады, одан кейін топ мүшелері арасында жеке тапсырмаларға және тақырыптарға бөліп алады. Бесіншіден – алмаспалы құрамды жұппен жұмыс.

Ұжымдық оқыту тәсілінің негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру Ресейде кең қолданыс тапқан. Сонымен қатар Ресеймен көршілес мемлекеттерде де әдіс негізінде жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да әдістің Қазақстанда дамуы үшін педагогикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жаңа деңгейде әрекеттер жасау керек.

Зерттеудің мақсаты: орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту кезінде ұжымдық оқыту әдісін қолданудың тиімділігі мен педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің нысаны: орта мектепте бейорганикалық химия курсын оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі.

Зерттеу пәні: бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту технологиясы арқылы оқыту.

Зерттеу міндеттері:


  1. Негізгі оқытуды ұйымдастырудың ұжымдық формасы болатын ұжымдық оқыту сабақтарын дидактикалық негіздеу;

  2. Орта мектепте бейорганикалық химия курсында ұжымдық оқыту технологиясымен сабақты жүргізу үдерісін тәжірибелік-эксперименттік негіздеу;

  3. Бейорганикалық химияны оқыту кезінде ұжымдық оқыту әдісінің дидактикалық және тәжірибелік-эксперименттік меңгеру нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту әдісі пайдаланылса, онда оқушылардың білім көрсеткіштері жоғарылап, химия пәніне деген қызығушылықтары оянып, танымдық белсенділіктері артады және сабаққа деген ынтасы жақсарады.



Зерттеудің жетекші идеясы: оқу үдерісінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану – оқушылардың қазіргі кезде заман талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне: ғылыми таным теориясы, тұтас педагогикалық процестегі тұлғаның қалыптасу теориясы, іс-әрекеттер теориясы, Қ.Р. Білім беру заңы, Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы директивалық нұсқаулар, Қ.Р. ресми материалдары /Қ.Р. білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ақпараттандыру саласындағы құжаттар жатады. Зерттеу міндетін шешуде келесі әдістер қолданылады:

  • философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау;

  • мұғалімнің педагогикалық тәжрибесін талдау және игеру;

  • бақылау, әңгімелесу;

  • оқу үдерісін ұйымдастыруды құру;

  • тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.

Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі зерттеу әдістері қолданылды:

Мемлекеттік деректік құралдарды, заңдарды зерделеу; зерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата-аналарымен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқу үрдісіне енгізу жолдарын ұсыну.



Зерттеу процесі бірнеше кезеңдерде жүргізілді:

Зерттеуде 3 кезең қарастырылады:

1 – кезең. Зерттеу тақырыбын таңдау және негіздеу. Бірінші кезеңде философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің теориялық талдау әдістері: педагогикалық тәжірибені талдау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама қолданылды; зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми әдебиеттер қаралды, инновациялық педагогикалық технология аумағында педагогикалық тәжірибе талдау жүргілді.

2 – кезең. Зерттеу жүргізу. Егер оқу үрдісіне ұжымдық оқытуды енгізсе, онда оқыту сапасы жоғарылайды. Мектептерде тәжірибелік-экспериметті қолдану және ұйымдастыру. Бұл кезеңде экспериментті қалыптастырушы әдіс, құрастыру, талдау, қорытындылауға мүмкіндік туды. Орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда ұжымдық оқыту әдісінің қарқындылығын қамтамасыз ететін, ұйымдастырушы-педагогикалық шарт негізіне бағытталған тәжрибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

3 – кезең. Зерттеу нәтижелерін мақалалар, педагогикалық семинарларда таныстыру. Және де зерттеу нәтижелері теориялық тұрғыда қорытындыланды, диссертациялық жұмыстың әдеби құрылымы жүргізілді

Зерттеу базасы: зерттеудің эксперименттік базасы кафедра, факультеттің ғылыми-әдістемелік семинарлары.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

Ұжымдық оқыту технологиясы бойынша ұжымдық сабақтардың моделін құруға негізделеді. Жүргізілген зерттеулер ұжымдық оқыту технологиясының түсінігін нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік берді:



  • ұжымдық оқыту оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формасынан тұрады;

  • ұжымдық оқыту сабақтарының маңыздылығы әлеуметік-психологиялық жағдай туғызу;

  • ұжымдық оқыту сабақтары жеке, жұптық және топтықпен қатар оқыту сабақтарының жүйесі болып табылады;

  • орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда ұжымдық оқыту әдісінің қарқынды жүзеге асыруында ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар ұсынылды;

  • оқушылардың мүмкіндіктерін (коммуникативті дағды, танымдық әрекетіндегі өз бетінше әрекеті, оқудағы білігі) қалыптастыруда ұжымдық оқыту технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері анықталды

Зерттеу нәтижелері ұжымдық оқыту сабақтарын бейорганикалық химияны оқыту үдерісінде қолдануда оқытудың қарқындылығын жоғарылатудың мүмкіндіктерін негіздейді.

Зерттеудің практикалық құндылығы:

Алынған нәтижелердің мұғалімдерге келесі мүмкіндіктерін беруі жатады:



  • ұжымдық оқыту әдісін қолдануда оқытудың қарқындылығын жоғарылату;

  • оқушы ұжымын барлығын және әрбір оқушыны оқытуға үйрету;

  • ұжымдық сабақтарды құрастыру.

Ұжымдық оқыту тәсілін қолдану жеке оқушылардың тәрбиесін және дамуының жүзеге асуында нәтижелі болуына негіз болады.

Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:

  • оқушыларға білім беруде жалпы білім беретін орта мектепке оқытудың ұжымдық әдісін енгізілуі;

  • ұжымдық оқыту әдісі арқылы орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда оқушылардың білім көрсеткіштерінің жоғарылауы.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы мен тәжірибеге енгізілуі:

Зерттеудің аралық және қорытынды нәтижелері жариялану үшін университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларында, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндамалар жасалды.



Жұмыстың апробациясы. Жұмыстың нәтижелері көрсетілген және баяндалған.

Жарияланған басылымдар. Жұмыстың нәтижелеріне байланысты л ғылыми басылым жарияланды.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.



Жұмыстың негізгі мазмұны

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті негізделіп, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы келтірілген.

Кіріспеде таңдап алынған зерттеу тақырыбының көкейтестілігі негізделеді, зерттеудің мақсаты, міндетттері, нысаны, пәні, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми-практикалық жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар толық баяндалған.



Бірінші тарауда Ұжымдық оқыту әдісінің әдістемелік және теориялық негіздері туралы толық қарастырылған.

1.1.Ұжымдық оқыту әдісінің дидактикасы және оның әдістемелік негіздері бөлімшесінде Виталий Кузьмич Дьяченконың дидактиканы оқытуды дамытудң заңдылықтары мен өмір сүруінің обьективті заңдары туралы, оның оқыту туралы ғылымды (дидактика) түсіндіруі мен анықтауы, оқыту үрдісі «оқытуды ұйысдастырудың жалпы формасы» түсінігінің мәні мен енгізу қажеттілігі, оқытуды ұйымдастырудың қоғамдық-тарихи тәсілдері, сонымен қатар оқыту әдістері, соның ішінде ұжымдық оқыту әдісі туралы қарастырылып көрсетілген.

1.2.Ұжымдық оқыту әдісінің принциптері мен концептуальді негіздері бөлімшесінде оқытудың ұжымдық тәсілінің білім беру саласындағы орны, бұл тәсілдің құрылуы және де ұжымдық сабақтардың концептуальді негіздері, оларды ұйымдастыру көрсетілген.

1.3.Ұжымдық оқыту технологиясы және оның әдістері бөлімшесінде ұжымдық оқыту технологиясының пайда болу уақыты, оның негізгі құрушысы, сонымен қатар бұл технологияның негізгі артықшылықтары, ұжымдық сабақтарда химияны оқытуда тапсырмаларды шешудің қандай артықшылықтары бар екендігі және де ұжымдық оқыту технологиясының әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Әр әдіске жеке-жеке тоқталып, өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары, олардың химия сабағында қолданылуына байланысты мысалдармен көрсетілген.

Екінші «Орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын пайдалану» тарауында ұжымдық оқыту әдісінің негізгі екі түрі қарастырылады. Олар:

  • Тапсырмамен өзара алмасу әдісі

  • Тақырыппен өзара алмасу әдісі.

Осы әдістерге сүйене отырып сабақ жоспарлары жасалынып, эксперимент жүргізу мақсатында мектептерде сабақтар жүргізілді.

Ұжымдық оқыту әдісін пайдаланып орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда жүргізілген сабақ нәтижесін тексеру үшін, педагогикалық эксперимент кезінде жалпы білім беретін орта мектептің сегізінші, тоғызыншы сынып оқушыларының өткізілген сабақ барысындағы білімдерінің көрсеткіштері тексерілді. Эксперимент жүргізудің мақсаты төмендегідей болды: ұжымдық оқыту әдісін орта мектепте бейорганикалық химияны оқытуда пайдалану, оны пайдаланудың нәтижесі, жетістіктері, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияны пайдаланғаннан кейінгі оқушылардың білім деңгейлерін тереңдету. Егер мұғалім ұжымдық оқыту әдісі бойынша дайындаған өзінің оқу-әдістемелік материаларын сабақта қолданса, онда сабақтың қарқындылығы барлық көрсеткіштері бойынша көтеріледі. Сабақтың қарқындылығының көрсеткіші ретінде біз қарастырдық:



  • Оқушылардың сабаққа ынтасы;

  • Сыныптағы оқытудың сапалылығы;

  • Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігінің артуы;

  • Оқушылардың білім көрсеткіштерінің сапалылығы.

Эксперимент жүргізу үшін 8,9 сыныптарда бейорганикалық химияны оқытуда 13 сабақ өңделіп, жүргізілді. Жүргізілетін сабақтар күнтізбелік-тақырыпты жоспарға сай таңдалынып алынды.

1 – кесте. ҰОӘ – і бойынша құрастырылған сабақтар жоспары






Ұжымдық

сабақтардың

әдістері




Сабақтың тақырыптары

Сабақ типтері

Сынып

І

Тапсырма

мен өзара алмасу

әдісі

1


«Ерітінділер» тақырыбындағы есептік тапсырмаларды шешу

Сарамандық

Тәжірибелік



8 – сынып


2

Металдардың химиялық қасиеті

Теориялық

9 – сынып

3

Темір және оның қосылыстары

Теориялық

9 – сынып

4

Химиялық байланыс түрлері

Теориялық

9 – сынып

ІІ

Тақырыппен өзара алмасу

әдісі


5


Оксидтердің құрамы, атаулары және топтары

Теориялық

8 – сынып

6

Негіздердің құрамы, атаулары және жіктелуі

Теориялық

8 – сынып

7

Қышқылдардың құрамы,атауы және жіктелуі.

Теориялық

8 – сынып

8

Металдар коррозиясы

Теориялық

9 – сынып

9

Құймалар

Теориялық

9 – сынып

10

Табиғаттағы металдар. Металдарды алу әдістері

Теориялық

9 – сынып

11

Сілтілік металдар

Теориялық

9 – сынып

12

Алюминий

Теориялық

9 – сынып

13

Күкірт

Теориялық

9 – сынып

Жоспарда көрсетілген сабақтар ұжымдық оқыту технологиясының негізгі екі әдісі бойынша құрастырылды және эксперимент негізінде қаладағы №3 мектеп-лицейде 8,9 сыныптарда сабақтар жүргізілді, сонымен қатар сауалнамалар алынды. Жалпы экспериментке тартылған оқушылардың саны 172, сауалнамалар 118 оқушыдан алынды.

Бақылау және эксперимент жүргізу үшін әр сыныптан үш сынып таңдалынып алынды. Эксперимент оқу жылының әрбір тоқсанында жүргізілді. Жоғарыда құрастырған сабақтың қарқындылық көрсеткіші бақылау жұмыстары, сауалнама әдістері арқылы меңгерілді. Эксперимент сыныптарында сабақты пән мұғалімі ұжымдық оқыту әдістері бойынша жүргізді. Бақылау сыныбында сабақтар мұғалімнің дәстүрлі түрде өткізуімен жүргізілді. Бақылау жұмыстары және сауалнамалар алу әрбір сабақтан соң әр сыныптан алынып, жүргізіліп отырды.

Бақылау және эксперимент сыныптарына жүргізілген сауалнамаға мысал ретінде келесі сауалнама түрін және талдау нәтижелірін көрсетуге болады:

2 – кесте. Оқушыларға берілетін сауалнама сұрақтары

Оқушыларға арналған сауалнама

Аты-жөні: ___________________________ Cыныбы: ________

1.Бүгінгі өткізілген сабақ барысы сізге ұнады ма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

2.Сабақты жүргізуде пәнге деген қызығушылығыңыз оянды ма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

3.Сабақты жүргізуде мұғалімнің пайдаланған әдісі ұнады ма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

4.Өткізілген сабақтың ерекшелігі болдыма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

5.Химия пәні ғылым ретінде ұнайма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

6. Химия сіз үшін ерекше ғылым ба?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

7. Сабақты жүргізу тәсілі ұнадыма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін


2 – кестенің жалғасы



8. Сабақтың жүргізілген кезеңдеріне көңіліңіз толдыма?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

9. Сабақта жүргізілген әдіс бойынша алдағы уақытта сабақ жүргізілгені дұрыс па?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін

10.Сабақтың жүргізілген әдісі тиімді деп есептейсізбе?

А.Ия


Ә.Жоқ

Б.Білмеймін




Алынған мәліметтерді өңдеу

3 – кесте. Сауалнама талдауы



Сұрақтар тізімі

Сыныптар, оқушылар саны

8 сынып

9 сынып

Бақылау сыныбы

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Эксперименттік сынып

31 оқушы

29 оқушы

30 оқушы

28 оқушы

1 сұрақ

Ия


16(52%)

23(79%)

14(47%)

24(86%)

Жоқ

11(35%)

3(10.5)

10(33%)

2(7%)

Білмеймін

4(13%)

3 (10.5)

6(20%)

2(7%)

2 сұрақ

Ия


17(55%)

25(86%)

15(50%)

23(82%)

Жоқ

8 (26%)

1(3%)

10(33%)

2(7%)

Білмеймін

6(19%)

3(11)

5(17%)

3(11%)

3 сұрақ

Ия


15(48%)

24(83)

15(50%)

24(86%)

Жоқ

9(29%)

2(7%)

9(30%)

1(4%)

Білмеймін

7(23%)

3(10%)

6(20%)

3(10%)

4 сұрақ

Ия


16(52)

24(83%)

14(47%)

23(82%)

Жоқ

10(32%)

2(7%)

10(33%)

1(4%)

Білмеймін

5(16%)

3(10%)

6(20%)

4(14%)

5 сұрақ

Ия


18(58,1)

25(86,2)

17(57)

24(86)

Жоқ

8(25,8)

2(6,9)

7(23)

3(11)

Білмеймін

4(12,9)

1(3,4)

5(17)

1(4)

6 сұрақ

Ия


13(42)

19(66)

14(47)

20(71)

Жоқ

7(23)

3(10)

8(27)

2(7)

Білмеймін

11(35)

6(21)

9(30)

6(21)

3 – кестенің жалғасы



7 сұрақ

Ия


12(39)

23(79)

13(43)

23(82)

Жоқ

9(29)

3(10)

8(27)

4(14)

Білмеймін

8(26)

2(7)

9(30)

2(7)

8 сұрақ

Ия


11(35)

24(83)

12(40)

23(82)

Жоқ

10(32)

2(7)

9(30)

2(7)

Білмеймін

8(26)

2(7)

8(27)

3(11)

9 сұрақ

Ия


13(42)

22(76)

13(43)

22(79)

Жоқ

9(29)

2(7)

9(30)

1(4)

Білмеймін

9(29)

3(10)

9(30)

4(14)

10 сұрақ

Ия


12(39)

20(69)

13(43)

22(79)

Жоқ

11(35)

4(14)

9(30)

2(7)

Білмеймін

10(32)

5(17)

8(27)

5(18)

Сауалнама нәтижесі бойынша 8,9 сыныптардағы бақылау және эксперимент сыныптарындағы оқушылардың сабақты дәстүрлі түрде және оқытудың ұжымдық әдісін пайдаланып өткізілген сабақтардағы қызығушылық, сабаққа ынтасын анықтаудағы көрсеткіштерін берді. Эксперимент сыныптарынан алынған нәтижелер көрсетілген гистограммада пайыздық көрсеткіш жоғары. Бұл көрсеткіш ұжымдық оқыту әдісін сабақта қолданудағы тиімділікті, сонымен қатар әдіс оқушылардың қызығішылығын оятып, сабаққа ынтасын арттыратындығын көрсетті. Сауалнамадан бөлек жүргізілген бақылау жұмыстарынан да оқушылардың сабақтағы белсенділігі, қызығушылығы, ынтасы және де әр түрлі білік, дағдыларының қалыптасқаны анықталды. Мысал ретінде сабақ соңында алынған бақылау жұмысының талдау нәтижесін көрсетсек:



1 – сурет. 8 сыныптардан сабақтан соң алынған бақылау жұмысының көрсеткіші көрсетілген гисторграмма



2 – сурет. 9 сыныптардан сабақтан соң алынған бақылау жұмысының көрсеткіші көрсетілген гисторграмма

Бақылау жұмысының талдауы гисторграммада көрсетілген. Гисторграммада көрініп тұрғандай, сабақтан соң алынған бақылау нәтижесі арқылы оқушылардың білім көрсеткіштері талданды. Олардың білім көрсеткіштері анықталды. Әрбір сабақтан соң жүргізілген бақылау нәтижесінде бақылау сыныбына қарағанда ұжымдық оқыту әдісін пайдаланып сабақ жүргізілген эксперимент сыныбындағы оқушылардың сапа көрсеткіштері жоғарылағандығы анықталды.


Қорытынды

Қазіргі заман талаптарын сай оқыту әдістері білімді игерумен шектелмей, оқытудың оқу-әдістемелерін пайдалана отырып оқушылардың таным-белсенділіктері мен білімге құштарлығын, қызығушылығын қалыптастыру негізгі мәселеге айналып отыр. Сондықтан орта мектеп бағдарламасындағы әрбір тақырыпты оқыған кезде оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдысын игеріп, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуі қажет. Бұл жұмыстар әрбір пән мұғалімінің жетекшілігімен орындалынуы керек.

Жұмыста орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту барысында бағдарламаға сәйкес сабақтарды ұжымдық оқыту технологиясы бойынша оқытудың әдітемесі ұсынылып отыр. Ол мектептегі 8,9 сынып оқушылары арасында жүргізілуге негізделіп жасалынған.

Ұсынылып отырған технологияның дәстүрлі түрде өткізілген сабақтардан артықшылығы зерттелінді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі бойынша бақылауға алынған екі сыныптың ішінде ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланған сынып оқушыларының таным белсенділі деңгейі жылдам, әрі қарқынды дамыды. Осы технологияны пайдаланып эксперимент жүргізілген сыныптың оқушыларының басым көпшілігі жақсы деген баға алды. Зерттеу нәтижелері осы технологиялардың ұтымдылығын көрсетті. Яғни, №3 лицей-лицейде жүргізілген эксперимент жұмысының нәтижесінде оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері артқандығы анықталды.

Алынған нәтижелер мен көрсеткіштер оқушылардың пәнге деген қызығушылығының, танымдық белсенділігінің артқандығын көрсетеді.

Ұжымдық оқыту әдісінің теориялық бағыттарын талдау арқылы, біз өз жұмысымызда ұжымдық оқыту элементтерінің теориялық және практикалық сабақтарда қолданылу мүмкіндіктерін көрсеттік. Бұл тақырыппен өзара алмасу және тапсырмамен өзара алмасу әдісі. Осы тақырыппен жұмыс барысында оқытудың ұжымдық жүйесін теориялық және практикалық сабақтарға енгізу көмегімен мындай тұжырым жасалынды:


  • Оқытудың ыңғайлы ортасын құру;

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;

  • Шаршаңқылықтың төмендеуі;

  • Оқу үдерісінің әртүрлілігі

  • Сабаққа қызығушылықтың артуы;

Соңғы деңгейде сабақтарда оқушылардың сапалық көрсеткіші жоғарылайды.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындылай келе келесі тұжырымдарды көрсетуге болады:

1. Оқушыларға ыңғайлы, тиімді жағдай тудыру үшін ұжымдық оқыту әдісі элементтерін пайдалану керек.

2. Ұжымдық оқыту әдісі оқу үрдісінде лайықты орынға ие болуы тиіс.

3. Ұжымдық сабақтардың жіктелуінің негізінде басқа да пәндер бойынша жаңа сабақтар құрастыруға болады.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:


  1. К.Сәдуақасқызы., К.Я.Алпамысова. Ұжымдық әдіспен оқыту. // Химия мектепте ғылыми-педагогикалық журналы – 2013 ж-№1

  2. К.Алпамысова., Н.Төлегенова. Компьютерлік технология – химия сабағында.-//Қазақстан мектебі республикалық ғылыми-педагогикалық журналы – 2013ж-№2

  3. К.Я.Алпамысова. Ұжымдық оқыту әдісі және ондағы мұғалімнің функциясы.//Білім және Инновация педагогикалық оқу-әдістемелік журнал-2013ж -№3

  4. С.М.Наренова., К.Я.Алпамысова. Орта мектепте химия пәнін оқыту үрдісінде ұжымдық оқыту әдістерін пайдалану. «Жоғары оқу орындарында білікті мамандар дайындаудың инновациялық бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент қаласы. 2013

  5. К.Я.Алпамысова. Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру құралы ретіндегі оқытудың интербелсенді әдісі. «Жоғары оқу орындарында білікті мамандар дайындаудың инновациялық бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Шымкент қаласы. 2013


РЕЗЮМЕ
Алпамысова Коркем Яхияевна
МЕТОДИКА ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ КОЛЛЕКТИВНОГО ОБУЧЕНИЯ В ПРОЦЕССЕ ИЗУЧЕНИЯ НЕОРГАНИЧЕСКОЙ ХИМИИ В СРЕДНЕЙ ШКОЛЕ
Актуальность темы исследования.

Изучение литературы показывает, что в педагогике практически непрерывно ведутся поиски путей повышения активности обучаемых в учебно-воспитательном процессе . Принцип активности и самостоятельности учащихся в обучении одним из первых был предложен в работах известного советского дидакта М.Н.Скаткина. Позже он получил развитие в исследованиях М.И.Махмутова, Т.И.Шамовой, Н.А.Половниковой, Д.В.Вилькеева, П.И.Пидкасистого, И.Я.Лернера и др. Однако вплоть до 80-х годов прошлого столетия исследования данного направления велись в рамках практически одной формы организации обучения - урока. Разрабатывались и обосновывались различные приемы активизации учения школьников на различных этапах урока, способы отбора и структурирования содержания обучения.

С начала 80-х годов педагогике появилось новое направление исследований, связанное с педагогическими технологиями. Начало этому направлению было заложено работой В.П.Беспалько и впоследствие оно получило развитие во многих исследованиях.

В рамках этого направления стали интенсивно разрабатываться разные инновационные технологии обучения среди которых и технология коллективного способа обучения



Цель исследования - определить педагогические условия и эффективность использования метода коллективного обучения во время изучения неорганической химии в средней школе

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

На основе коллективного обучения, данный метод внедрить в систему обучения в школе, для учащихся. Проведенные исследования дали возможность дополнения и точного определения системы в области коллективного обучения:



  • организация системы коллективного обучения состоит из нескольких форм;

  • важность уроков коллективного обучения, это довести сам процесс до социально-психологических аспектов

  • уроки коллективного обучения – это индивидуальная, парная и групповая система ведения учебного процесса

  • предлагаются определенные организационно-педагогические условия для успешного и продуктивного преподавании такой дисциплины, как неорганическая химия в средней общеобразовательной школе

  • учитывая возможности учащихся (коммуникативные навыки, самостоятельная деятельность при познавательной деятельности, уровень знания) определены возможности и особенности технологии коллективной формы обучения

Практическая значимость исследования:

Полученные результаты дают следующие возможности учителям:



  • повысить интенсивность учебного процесса при применении технологии коллективной формы обучения

  • охват учебным процессом лично каждого учащегося и всего коллектива учащихся

  • состав и сборка уроков по коллективной форме обучения

Применение форм коллективной работы на уроке дает основу для результативной работы по воспитанию и развитию каждого ученика

. Основные положения, выносимые на защиту:



  • внедрение методики коллективной формы обучения в систему общеобразовательной школы во время учебного процесса

  • на основе технологии коллективной формы обучения поднять уровень знаний учащихся по предмету.

Структура и объем диссертация. Диссертация состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованных источников и приложений.

Во введении обосновывается актуальность темы исследования, цель, объект, предмет исследования, определяются задачи, гипотеза, методы и основные направления исследования, отражаются научная новизна, практическая значимость диссертации и основные положения, выносимые на защиту.

В первой части полностью рассматривается методика и теоретическая основа и методы технологии коллективной формы обучения

Во второй части «Использование методов коллективной формы обучения в средней школе» рассматриваются два основных варианта методик коллективной формы обучения и анализируются результаты опытно-экпериментальной работы, делаются выводы по этому разделу.

В заключении излагаются выводы и методические рекомендации по итогам опытно-экспериментальной работы, намечаются перспективы исследования по данной проблеме и список использованной литературы.

SUMMARY
Alpamysova Korkem Yakhiyaevna
TECHNIQUE OF USE OF TECHNOLOGY OF COLLECTIVE TRAINING IN THE COURSE OF STUDYING OF INORGANIC CHEMISTRY AT HIGH SCHOOL
Relevance of a subject of research:

Studying of literature shows that in pedagogics searches of ways of increase of activity of trainees in teaching and educational process are almost continuously conducted. The principle of activity and independence of pupils in training in one of the first was offered in works known Soviet дидакта M.N.Skatkina. Later it has development in M.I.Makhmutov, T.I.Shamova, N.A.Polovnikova, D.V.Vilkeev, P.I.Pidkasistogo, I.Ya.Lerner's researches, etc. However up to the 80th years of last century of research of this direction were conducted within nearly one form of the organization of training - a lesson. Various receptions of activization of the doctrine of school students at various stages of a lesson, ways of selection and structuring the content of training were developed and located.

Since the beginning of the 80th years to pedagogics there was the new direction of researches connected with pedagogical technologies. The beginning to this direction was put by work of Accusative of Bespalko and subsequently it has development in many researches.

Within this direction different innovative technologies of training among which and technology of a collective way of training began to be developed intensively



The aim of the research:

- to define pedagogical conditions and efficiency of use of a method of collective training during studying of inorganic chemistry at high school



The scientific novelty, the theoretical significance of the research:

On the basis of collective training, this method to introduce in training system at school, for pupils. The conducted researches gave the chance of addition and exact definition of system in the field of collective training:

- the organization of system of collective training consists of several forms;

- importance of lessons of collective training, it to bring process to social and psychological aspects

- lessons of collective training is an individual, pair and group system of conducting educational process

- certain organizational and pedagogical conditions for successful and productive teaching of such discipline, as inorganic chemistry at high comprehensive school are offered

- considering possibilities of pupils (communicative skills, independent activity at informative activity, knowledge level) are defined opportunities and features of technology of collective form of education

Practical significance of the research:

The received results are yielded by the following opportunities to teachers:

- to increase intensity of educational process at application of technology of collective form of education

- coverage by educational process personally each pupil and all group of pupils

- structure and assembly of lessons of collective form of education

Application of forms of collective work at a lesson gives a basis for productive work on education and development of each pupil



The main provisions of the protection:

- introduction of a technique of collective form of education in system of comprehensive school during educational process

- on the basis of technology of collective form of education to lift level of knowledge of pupils in a subject.

Structure and volume of the dissertation:

The dissertation consists of introduction, two chapters, conclusions, list of used sources and applications.

In the introduction the relevance of research topic, purpose, object, object of research are determined by the problem, hypothesis, methods and main directions of research are recognized scientific novelty and practical significance of the thesis and main provisions of the protection.

In the first part the technique both a theoretical basis and methods of technology of collective form of education is completely considered



In the second part "Use of methods of collective form of education at high school" two main options of techniques of collective form of education are considered and results skilled экпериментальной works are analyzed, conclusions according to this section are drawn.

In conclusion: the findings and methodological recommendations on the results of the experimental work, the prospects for research on this problem and the list of the used literature.


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет