Рефераты Қазақстан Республикасы Қызылорда,2013жыл



Дата08.01.2017
өлшемі299,75 Kb.
#6444
түріРеферат
ӘӨЖ 37.01:347.644.1

Қолжазба құқығында




Аккутанова Меруерт Мырзахановна

Патронаттық тәрбие беру қызметін жетілдірудің педагогикалық шарттары
6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика

ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның
рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда,2013жыл

Жұмыс Гуманитарлық-Педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,




Б.К.Момынбаев
профессор

Ғылыми кеңесші: педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор Х.Е.Нұғманова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент М.Д.Есекешова
Жетекші ұйым: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университеті

Реферат 2013 жылдың «__» маусымда (Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университеті, Гуманитарлық- Педагогикалық факультеті, 7 оқу ғимараты, Төле би 36а, 411 дәрісхана) таратылды

Жұмыспен «Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университетінің» ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстандағы және ТМД елдерінің құрамына енетін көптеген республикалардағы аса көкейкесті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, денсаулығы, қоршаған ортаның баланың өміріне белсенді қатынасуы, өздеріне және әлеуметке оңды қатынасы және оларды құқықтық жағынан қорғау. Бұл мәселелердің оңтайлы бір шешімі жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды дамытуға, тәрбиелеуге, оқытуға қатысты, теориялық және практикалық педагогикалық, психологиялық негіздерді айқындаумен байланысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі жетім, тастанды, ата-анасының қарауынан айырылған балалардың көптігіне және балалар үйлері мен интернат мекемелерінің қазіргі жай-күйніе назар аударып отыр. Бұл әлемдегі бірінші орында тұрған мәселе. Дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қоғамдық жобалар арқылы шешіліп келеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында баланы асырап алған адамдар немесе оған қамқорлық көрсеткен мекемелерге мемлекет және қоғам қолғабыс көрсетеді. Швецияда бала асырап алған отбасыларға қосымша қаржы беріліп, кеңес беретін психологтардың жұмысы тегін көрсетіледі. Еліміздегі мемлекеттік емес ұйым өкілдері тастанды немесе жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар үшін жастар үйлерін ашуды ұсынған болатын. Енді бірі балалар үйлерін жанұя түріндегі үйлерге ауыстыру керектігін айтады. Оның себебін балалар үйінен бала асырап алғандардың көбісінің баланы кері қайтарып жатқанымен түсіндіреді. Жетім балалар саны артқан сайын Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы да арта түседі. Осы орайда, әлеуметтік сала бойынша жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйым мамандары ата-анасыз қалған балаларды жекелеген отбасыларына беру керек дейді.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктерін шетел(А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Баулби, С.Порванс, Р.Липтон, М.Айнсворс, Р.Шпиц, Э.Пиклер, М.Винце және т.б.) және ресейлік ( Г.М.Землянухина, М.И.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелванов, И.В.Дуровина, А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых және т.б) және отандық (Х.Т.Шереьязданова, С.М.Жақыпов, А.Т.Ақажанов сынды ғалымдардың жетекшілігімен У.И.Ауталиаова, И.А.Абеуова, Ғ.А.Дусманбетова, Т.К.Күнсләмова, И.Т.Серімбетова, Н.Ү.Бегалиева т.б.) психолог- зерттеушілер белсенді түрде қарастырды. Олар ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тіпті өмірінің алғашқы жылында-ақ, отбасында тәрбиленіп жатқан, өзімен жасты балалардан ерекшеленіп тұрады. Ата-аналардың өз балаларын қабылдамауы және түрлі себептермен ата-анасынан айырылып қалуы олардың тұлғалық дамуына ауыр зардап әкелетіндігін айтады.

И.В.Дубровина, М.И.Лисина, В.С.Мухина, А.М.Прихожин, Н.Н.Толстых, Э.А.Минкова, Ю.М.Мерзляковалар өздерінің ғылыми зерттеулерінің негізінде балалар үйінде тәрбиеленушілердің бейнесіне жалпылама қорытынды жасады.

Әйгілі А.С.Макаренко (1954), В.А.Сухамлинский (1973), А.А.Аркин сынды педагогтар тұлға қалыптасуының табиғи негізі ретінде отбасылық тәрбиені қарастырған.

Осы мәселені өз еліміздің ғалымдары да зерттеп келе жатыр. Атап айтқанда, М.Д.Ауренова балалар үйінде тәрбиленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер жайлы айтса, Н.У.Бегалиева балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің танымдық қабілеттерін дамытудың психологиялық шарттарын айқындады. Г.Б.Сүгірәлімова Қазақстандағы панасыз балалардың мәселесін шешу тарихын зерттесе, З.А.Зубайраева жетім балалардың тұлғалық әлеуметтеніуінң педагогикалық шарттарын айқындады.

Жоғарыда аталған ғалымдар жетім балалардың мәселесін қарастырды. Алайда осы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды отбасына беру, оларды отбасында тәрбиелеудің қазіргі таңдағы жаңаша атауы – патронаттық отбасына беру, патронаттық тәрбиеге алу, баланың жаңа отбасына бейімделуі жайында ғалымдардың ешбірі патронаттық тәрбие жайында зерттеулер жүргізбегенін негізге ала отырып, бұл мәселе зерттеуді қажет етеуі қазіргі таңда көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтанда, зерттеу жұмысымның тақырыбын «Патронаттық тәрбие беру қызметін жетілдірудің педагогикалық шарттары» деп таңдауыма себеп болды.

Зерттеудің нысаны: Патронаттық тәрбие беру қызметін дамыту жолдары

Зерттеудің мақсаты: патронаттық тәрбие беру қызметін жетілдіруді ғылыми-теориялық тұрғыда талдау жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:


  • патронаттық тәрбие беру қызметінің даму жолдарын көрсету;

  • патронаттық тәрбие беру мәселелерінің теориялық негіздерін анықтау;

  • патронаттық отбасында тәрбиелеудің мүмкіндіктерін айқындау және бүгінгі жағдайына талдау жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Патронаттық тәрбиенің – жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсер ету үшін патронат тәрбиешілер мен патронат отбасы бірігіп жұмыс жасап, баланың тәрбиесіне назар аударсақ, қоғамдағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайар еді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: патронаттық отбасы туралы , оның қалыптасуы мен дамуын анықтайтын факторлар туралы философиялық ілімдер, тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік, жүйелі көзқарас; патронаттық тәрбие туралы теориялар; баланы патронаттық отбасындағы өмірге дайындау.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасы; Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім тұжырымдамасы; ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу-тәрбие ісіне қатысты құжаттары; патронаттық тәрбие беруге қатысты философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері; ғалымдардың, мұғалім- ұстаздардың озат ой-пікірлері.



Зерттеудің әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және экспериментінің психологиялық тиімділігін тексеру. Педагог,психолог ғалымдар және кафедра оқытушыларымен пікір аламасу. Эксперименттік жұмыспен оқушыларды кеңінен қамтып, деректерді статистикалық деңгейден өткізу.

Зерттеудің кезеңдері:

1 – кезеңде. Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынды, материалдар жиналып жүйеге келтірілді, проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайына талдау жасалып, өңделіп қорытындыланды. Мәселенің зерттелу деңгейі айқындалды. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері, ғылыми қағидасы мен болжамдары анықталып, тақырып бойынша материалдар жинастырылды.

2 – кезеңде. Деректі материалдар жинау жалғастырылды, патронаттық тәрбие беру қызметінің жолдарының теориялық негіздері анықталды. Оның мазмұны мен әдіс-тәсілдері психологиялық-педагогикалық экспермент жүзінде тексерілді. Тәжірбелік – психологиялық эксперименттің материалдарды жүйеге келтіріледі, деректер статистикалық өңдеуден өтеді. Эксперимент нәтижелері сұрыпталып, өңделеді, қорытынды нәтижелер кестеге түсірілді.


  1. – кезеңде. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері жинақталды, қорытынды жасалынды.

Зерттеудің жетекші идеясы:

Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • зерттеуде «патронаттық тәрбие», «патронат отбасы» т.б ұғымдардың теориялық негізгі анықталып оларға сипаттама беріледі;

  • патронаттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары айқындалады;

баланы патронаттық отбасындағы өмірге дайындау мәселелері.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, жинақталған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.



Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерртеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалады.

«Патронаттық тәрбие беру қызметінің теориялық-әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде зерттеудің ғылыми-теориялық негізі тұрғысында «партонаттық тәрбие», «патронаттық отбасы », «патронат тәрбиеші» т.б. ұғымдарының өзара байланысы мен олардың мазмұны және тәрбиелік мүмкіндіктері анықталады.

«Патронаттық отбасы жағдайында балалар тәрбиесінде әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттер негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс» атты екінші бөлімде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны және зерттеудің әр түрлі кезеңдеріндегі нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар беріледі.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бірінші бөлімде патронаттық тәрбие беру қызметінің теориялық-әдіснамалық мәселелері қарастырылған.

Шетелдік, кеңестік, отандық зерттеулердегі патронаттық тәрбие мәселелеріне қатысты ғылыми-педагогикалық еңбектерге зерттеу жасап, теориялық тіректері анықталады.

Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, Дж.Боулби, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василькова және т.б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И.Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых және О.Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина жетім баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаса, В.С.Мухин балалар үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептерін зерттеген.

Ал, Л.С.Славина мен Г.М.Сысоева балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың өз мүмкіндіктерінің бағасын жоғарылату үшін жасайтын іс-әрекеттерін сипаттаған. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиелену-шілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.

В.С.Мухина интернат типті жағдайда тәрбиеленетін балалардың оңтайлы қарым-қатынас жасауға әлеуеттерінің жеткіліксіздігін анықтаған. Ғалым зерттерлерінде олардың қатынастары үстірт, неврозды және тиянақсыз сипатта болатыны, мұндай балалардың көбінесе өзіне назар аударауын талап етуі агрессиға не енжар жатсынуға алмасатыны келтірілген.

Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.

Ал Т.И.Шульга, Л.Я.Олиференконың пікірлері бойынша, «әлеуметтік жетімдік» елдегі әлеуметтік, экономикалық себептермен қатар, ата-ананың рухани-адамгершілік тұрғыда азғындауынан және т.б. жағдайларға байланысты ата-ана қамқорлығынан айырылған, туғаннан кәмелеттік жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуден бас тартқан, ішкілікке бой ұрған және басқа да жағымсыз әрекеттердің салдарынан ата-аналық құқықтан айрылғандардың балалары және т.б. Е.М.Рыбинскийдің көзқарасында, әлеуметтік жетімдік – отбасында ата-аналық парыздары мен міндеттерін орындамауы салдарынан балаларының қараусыз қалу құбылысы.

Д.Б.Годовикова балалар үйінде тәрбиеленушілердің ересектермен қарым-қатынасының мазмұны арқылы олардың танымдық белсенділіктерінің дамуындағы ерекшелкітерін түсіндірсе, Й.Кох олардың жақын ересектермен қарым-қатынасының тапшылығы салдарыан тілінің және әлеуметтік қатынастарының жетерліктей дамымайтындығын дәйектеген.

Л.С.Воровбев, Т.В.Снегирова отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың психикалық дамуын салыстырмалы зерттеулері нәтижесінде, жас ерекшеліктері және дара айырмашылықтарына қарамастан, олардың әрқайсысы жалпы ортақ қасиеттерге ие екендігін айтады. Отбасында тәрбиеленген балалардың бойында кездесетін біршама тұрақты психикалық ерекшеліктер балалар үйінде тәрбиеленген балаларға жетіспей тұрады.

А.Г.Харчевтің тұжырымдамасы бойынша: «бала туылғаннан өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін отбасынан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім немесе қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқу сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоциялық үндестігінен, ерекше стилінен көрініп отыратындығы зерттеулерде анықталған».

Бүгінгі таңда аса өзектенген тастандылар, жетімдер мәселесін сонау заман тарихынан сирек кезіктіресің. Ол мәселелердің шешімін елі бір, руы бір адамдардың бірін-бірі «бауырым» деген сөздеріне көреміз. Сондықтан, ата-анасынан айырылған тұл жетімдерге немесе ата-анасы баласын бағып-қағуға күйі келмегенде, бір тусы болмаса екіншісі қамқоршы бола білген. Оған бір ғана мысал. Қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда» жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр. Сонымен бірге, екі елді татуластыру, жұртынан алшақтамау, туыстықты жаңарту мақсатында бала алмасу, ол баланы өз балаларынан кем көрмей өсіру жағдайлары түркі халықтарында көптеп кезіккен. Қазақ халқының туысшылдығы соншалық, баласы жоққа өз баласын беру, ұлы не қызы жоққа өзіндегі екінің бірін беру, ал алған жақ балаға жан-жақты қамқорлық жасағаны, есейгенде туғандарына қызғануы, не керісінше, туған ұясына қосуы ата-әкелеріміздің екеуінің бірі басынан кешірген жай. Әрине, талаған салт-дәстүрлердің өзіндік оңды және теріс жақтары болғаны белгілі, сондықтан бірі осы күнге дейін ерекшеленітін қазақ қауымының қамқоршысынан айырылған балаға ата-аналық жылулық сезінетіндей жағдайлар жасап отырған. Бұл балаға жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы.

Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата - аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі - патранаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиеның жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдардың тұрақты түрде қарым - қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол.

Мемлекет қарамағындағы жетім балаларға отбасылық тәрбие беру тәжірибесі жүйелі жолға қойылуда. Солардың бірі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу. Бұл ретте елімізде көптеген отбасылар жетімін жылатпаған ел екенімізді дәлілдеп, мектеп-интернаттардан бауырларына бала басуға құлышынып отырғандары да баршылық. Әлеуметтік жетімдік елеулі мәселе болып отырғандықтан оны шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балаларды мемлекеттік қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шаралар өткізуді көздеді.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жетіспейді. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың мәселелері ғылым мен іс-тәжірибенің ең әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеушілердің: дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың, философтардың, социологтардың, құқық қорғау қызметкерлерінің назарын аударып келді және бүгінгі таңда да назарын аударуда. Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға мынадай сипаттама береді. Ата-анасының қамқорлығынысыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетте деп (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасынң баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарыуна, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала.

Патронаттық тәрбие – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға берілетін қорғаншылық және қамқоршылық тәсілдерінің бірі.

Ал, патронат отбасы дегеніміз – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам арасындағы жасалатын шарт бойынша отбасына тәрбиелеуге берген кезеңдегі нысан. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-ана құқықтарының шектелуіне немес олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануы на, әрекетке қабілетсіз деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айырыу орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғыз асты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі тұлға.

Патронаттық тәрбие беру жүйесінде әлеуметтік бейімдеу ерекшелігі бала мен отбасын сүйемелдеу қызметінің қатысуымен бала мен отбасының өзара әсерін ескере отырып,баланы жаңа отбасына бейімдеудің факторлары мен шарттарын анықтаудан тұруы тиіс. Жасалынған жағдай бірінші кезекте бейімдеу механизмін қамтамассыз етуге бала мен патронат тәрбиешілер арасында жаңадан жақсы көру сезімін қалыптастыру мен қабылдау қатынастарын орнатуға бағытталу тиіс. Бала өмірінің алғашқы жылдарында үй ішіндегі қарым - қатынас оның ойлау жүйесі мен сөйлеу тілінің дамуына зор үлес қосады. Баланың үлкендермен және айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым - қатынас жасап отыру қажеттігінің өмірлік мәні бар және оның психикасының дұрыс дамуына да тікелей байланысты болмақ. Ата - аналардың балаға деген оң қатынасыда маңызды рөл атқарады. Эмоционалдық тұрғыдан сәтсіз балаларда интеллектуалдық және танымдық белсенділіктері төмен болады, ішкі қуаттың бәрі алаңдаушылықпен күреске, өзінде жетіспейтін эмоционалдық жылылықты іздеумен бейімделумен кетеді.

Сонымен, әдебиеттерге жасаған талдаудан, шетел, кеңес, отандық ғалымдар мен педагог, психологтардың жетім балалар мен ата-анасынан айырылған балалар жайында зерттеген зерттеулеріне тоқталып, қазіргі таңда өзекті болып отырған патронаттық отбасында бала тәрбилеу, паторнаттық тәрбиеге алу қоғамның басты мәселелерінің бірі екеніне көз жеткіздік.

Ендеше, зерттеу мақсатына қол жеткізу жолында келесі бөлімімізді қазіргі патронаттық отбасына әлеуметтік-педагогикалық сипатта берейік.

Екінші тарауда. Шарт дегеніміз – белгілі бір өмір сүруі үшін немесе әрекет етудің керекті базасы, негізі ретінде көрінетінін ескерсек, педагогикадағы отбасы тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық, психологиялық тұрғыда қарасытырылады. Демек, дәстүрлі жүйеге қарағанда жаңа жетілдірілген педагогикалық жүйеге қызмет ететін шарттар жиынтығы педагогикалық шарттар болып табылады.

Патронаттық отбасындағы балалар тәрбиесі мынадай тұжырымдарға сәйкес болуы керек:



  • отбасында қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері негізінде, діни

дәстүрлер мен халық тағылымдарын пайдалану қажет;

  • ұлттық рухани сна мен іс-әрекет қағидаларын басшылыққа алу;

  • өнегелі этникалық мәдениетті отбасынан қызығушылық, үлгі алу.

Осы педагогикалық шарттарды іс-жүзіне асыру патронаттық отбасындағы

тәрбиені жетілдірудің жағдайын сауалнама арқылы анықтап, әңгіме өткіздік.



Сауалнамаға Қызылорда қаласындағы 11 патронаттық отбасының тәрбиешілері қатысты. (9-кесте)

9-кесте Патронат тәрбиешілермен жүргізілген сауалнама




Сауалнама сұрақтары

Патронат тәрбиешілердің жауаптары

1

Патронаттық тәрбиеге бала алғаныңызға қанша жыл болды?

Патронат тәрбиешілердің патронаттық тәрбиеге бала асырап алғандарына 5-6 жыл аралығында болғанын жазған. Кейбір ата-аналар балаларының отбасы үйреніп кетуі қиындыққа соққанын айтқан. Бірақ ондай баланы ерекше қамқорлыққа алғанның арқасында біртіндеп сіңісіп кеткенін алға тартқан. Үш отбасы басқа да өз балаларымызбен тығыз қарым-қатынас жасауаға батылдықтарының жеткіліксіз екенін білдіріпті.



Патронаттық тәрбиеге бала алуға не себеп болды?

Бұл сауалнамаға қатысқан патронат тәрбиешілердің басым көпшілігі ағайындарының қайтыс болғанына байланысты балаларды асырап алуға мәжбүр болған. Ал, 5 патронат тәрбиеші отбасында балаларының жоқтығы себеп болғанын білдірген. Сондықтан балаларды қамқорлыққа алып, сүйіспеншілікпен қараған. Бірақ олармен тіл табысуда қиыншылыққа ұшырағанын келтірген, яғни оларды тәрбиелеуде, әдіс-тәсілдердің өздерінде жеткіліксіз екенін байқаған. Сондықтан, сынып жетекшілерімен кеңестер жүйелі өткізіліп тұрса деген ұсыныс жасаған.

3

Бала асырап алу алдында оның психикалық дамуындағы ерекшеліктерді зерттеп білдіңізбе?

Балалардың мінез-құлқының ерекшеліктерін әңгімелесу кезінде, қарым-қатынаста, ақыл-кеңес бергенде анықтағанын айтады. Баланың азды-көпті қалыптасқан мінез-құлқын жаңа ортадағы талаптарға сай өзгертудің қиын екенін көрсеткен. Бірақ қазақ халқының «жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген мақалының мағынасы секілді, жылы сөйлеу арқылы тәрбиелеуді 3 тәрбиеші келтірген.

4

Асырап алған баланың отбасында тәрбиелеудің кейбір қиыншылықтарына төзе аласыз ба?

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың басым көпшілігі былай дейді: «төзбейтін болсақ, бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білмесек мұндай жауапты іске бармас едік. Әрине қиыншылықтар болды, бірақ оларды төзімділікпен шешуге тырыстық. Қиыншылық туғызатын жағдай үй шаруасына қатысқысы келмейді.

5

Сіздің көзқарасыңыз бойынша асырап алған бала бәрінен бұрын неге мұқтаж?

Сүйіспеншілік, туған әке-шешесі болса, олар біздің кемшіліктерімізге түсіністікпен қараса ,біздермен көбірек қарым-қатынаста болса, (6 тәрбиеші); отбасында ата-аналардың бір-бірмен тату толу, балаларға өнеге көрсетуі

6

Отбасында балаңызға (асырап алған) қандай қолайлы орта жасау қажет деп ойлайсыз?


Отбасында ата-аналарымен, ата-әжелерімен санасып, оларға өздерінен өмірден жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, қарым-қатынаста жақсы өнеге көрсетіп, өздерінің ұстамдылықтарымен қиыншылықтарды бірігіп шешіп отыруы керек. Бұл жағдай балаға ерекше әсер етеді. Отбасының берекелі болуы үшін ата-ана балаларымен кейбір мәселелер төңірегінде ақылдасып отырса дейді.

7

Баланың өмірдегі болып жататын жағдайларға күйзеліске, қиын жағдайларға ұшыраса қандай әрекет, көмек көрсетесіз?

Патронат тәрбиешілер асырап алған балаларының қиыншылықтарға душар болған жағдайда оларға ұрыспай, оны шешудің жолдарын көрсетіп, ақыл-кеңесін аямау керек. (барлық отбасылар). Асырап лағна балаларды аса мейірімділікпен қарап, оаған жақсы тәрбие беруге тырысқан.

8

Бала асырап алғанда алғашқы кезде қандай сезімде болдыңыз?

Аналық қуаныш, құшақтап бауырыма басқым келді(5 тәрбиеші);

Ұлттық тәрбие тағылымдары негізінде тәрбиелесем, өнерді, спортты сүюге тәрбиелесем;(3 тәрбиеші);

Ал 3 тәрбиеші – қыз бала мен ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктерін білуіміз керек; тәрбиеде қазақ халқының салт-дәстүрлерін пайдаланып жақсы қыз, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат етсек екен депті .


9

Тағы да бала асырап алу ойыңыз барма?

Барлық патронат тәрбишелер тағы да бала асырап алғысы келетіндіктерін айтады. Кейбір тәрбиешілер 1-2 баладан артық ала-алмаймын дейді. Мұның себебі оларды тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу қиын депті(5 отбасы).

2 отбасы бала көптік қылмайды, оларды өнерге, еңбекке үйрету арқылы жақсы тәрбие беруге болады.


10

Патронаттық тәрбиені және қызметті одан әрі жетілдіру үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?



Патронаттық отбасында мемлекет тарапынан моральдық, материалдық қамқорлық керек;

Олардың педагогикалы-психологиялық білімін жетілдіру үшін арнайы курстар жүргізіліп тұрса;

Мектептерде отбасының әдебі мен психологиясына арналған пән оқытылуы – өмір талабы.



Жоғарыдағы сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:



  • патронаттық отбасында ата-аналар негізінен өз міндеттері мен

жауапкершілігін дұрыс түсінеді;

  • отбасында асырап алған балаларға сүйіспеншілікпен, түсіністікпен,

қамқорлықпен, төзімділікпен қарайды;

  • балаларды еңбекке, өнерге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-аналар

асырап алған балаларға жүрек жылуын аямау керек;

  • ұл бала мен қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктерін жақсы білуі керек.

Сауалнама сұрақтарына берген жауаптарында ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерінің жеткіліксіз екені байқалды. Ол үшін мектеп ұжымы тарапынан патронат отбасындағы ата-аналарға педагогикадан, психологиядан арнаулы кеңестер жүйелі беріліп тұрса дейміз.

дейді. Сол үшін де еңбектеніп, сол үшін де кемел келешекке ұмтылады.

Осы педагогикалық шарттарды іс жүзіне асыру барысында патронаттық отбасындағы тәрбиені жетілдірудің негізгі жоспарын жасадық (10-кесте) оның негізгі жоспары бойынша 11 сағаттық сабақтар өткізу ұйымдастырылған. Оған кез-келген патронат тәрбиеші қатыса алады, дәрістер әсіресе жас ата-аналарға пайдалы болады. Сабақтарды қазақ отбасы, отбасының мүшелері туралы әңгімеден бастау ұсынылады.

Төмендегі 10-кестеде патронаттық отбасындағы тәрбиені жетілдірудің бағдарламасын беріп отырмыз.


10- кесте Патронаттық отбасындағы тәрбиені жетілдірудің

бағдарламасы




Тақырыптың мазмұны

Мектепте

(сағат саны)

Отбасында

(сағат саны)

1

Отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениеті






1

2

Баланың психологиялық ерекшеліктері

( мінез-құлқы, қызығушылықтары, жас ерекшеліктері, ойлау, сөйлеу қабілеттері)


1

1

3

Баланы үй шаруасына қатыстыру






1

4

Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлері, ырымдары, тыйым сөздері



1




5

Өнегелі отбасымен кездесу



2




6

Үш ұрпақтың отбасындағы тәрбие туралы пікір бөлісуі.

Қазіргі жасөспірімдердің ерекшеліктері


1




7

Отбасы тәрбиесіндегі ана мен әженің рөлі



1

1

8

«Атасы жақсы қандайды»

(пікірталас)


1



Барлығы : 11



7

4

Педагогтардың отбасы туралы пікірлерін келтіре келе оның маңызына кең түсінік беріледі, отбасының қоғамдағы рөлі айтылады. Одан соң қазақ отбасының мүшелеріне жеке-жеке тоқталып өту керек. Бұл жерде әңгіме ата мен әжеден басталады, әке мен шеше туралы әңгіме оны одан әрі жалғастырады.Отбасындағы ұл мен қыз, немере мен шөбере туралы әңгіме,осы отбасы мүшелерінің отбасындағы тәрбиеге қатысы туралы әңгімелеу керек. Дәрістер барысында қазақтың „Атасы жақсы қандай-ды”, „Ана туралы”, сондай-ақ ұлдар мен қыздар хақындағы термелерін орындау пайдалы болады.

Екінші тақырып «баланың психологиялық ерекшеліктері» туралы сабақта баланың әр жас кезеңіндегі мінез-құлқындағы, ортамен қарым-қатынастындағы кездесетін қиындықтар, баланың бойындағы қабілетін аша білуді, ойлау, сөйлеу ерекшеліктері туралы мектеп психологтарымен және әлеуметтік педагогтармен арнайы кездесу ұйымдаыстырылса орынды болады.

Үй шаруашылығын жүргізу туралы үшінші дәрісті, негізінен, практикалық мысалдар арқылы өткізу ұсынылады. Үнемшілдік, отбасы бюджетін тиімді жұмсау, бұл шаруада отбасы мүшелерінің міндеттері туралы сөз болады. Осы тақырыпқа орай қазақтың „тарта жесең - тай қалады” деген сияқтанып келетін мақал - мәтелдері, қанатты сөздері орнымен пайдаланылуға тиісті. Нақты мысалдар арқылы отбасындағы кейбір мәселелерді шешуге арналған нақты жағдайларға құрылған ток-шоу, пікірталас түрінде өткен сабақты жүргізуші қорытындылайды.

Төртінші сабақтарда әңгімелер қазақтың қанатты сөздері мен жыр-дастандары, термелері, ырымдары мен тыйымдары арқылы одан әрі дамып, бекітіле түсуге тиісті.

Бесінші сабақта ата-аналар өте өнегелі отбасымен кездескен кезде өздері отбасы тәрбиесінде жіберіп жүрген қателерін түсінетіндей, оларды қалай түзеу керектігін ұғатындай болуы керек.

Алтыншы сабаққа үш ұрпақ өкілдері шақырылады. Алғашқы ұрпақ әлі этнопедагогиканың ел ішінде тамырына балта шабылмаған кезде өзінің отбасында қалай тәрбиеленгенін айтады.

Жетінші және сегізінші сабақтарда қазақ отбасындағы тәрбиеде ананың, әкенің рөлі мен міндеттеріне арналады. Дәрісте отбасы және неке туралы заңдар туралы әңгіме өрбиді. Өзге заңдардағы ата-ана мен отбасы мүшелеріне қатысты баптар туралы сөз болады. Әңгіме нақты ситуациялар мен мысалдар негізінде құрылуға тиісті. Сабаққа заңгер қатысады. Ол сабақ барысында жүргізушімен бірге ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп отырады. Патронат ата-ана қамқорлығына алған баласының жанының терең түкпіріне үңіле білсе, баланы тыңдай білсе, өзін де тыңдата алса, бала құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық жасаса, дұрыс нәтижеге жетеді. Патронат ата-ананың өзінің де дүниетанымы кең болып, баланы дүниені танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын арттыруға күш салып, бүгінгі шешуі қиын деген мәселенің ертең түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек. Балалармен арадағы қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана нәтижелі болады. Бала көңілі сезгіш, оның өмір жолын таңдауға өз құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен өмірдің таңдауын жасарда көмек қолын созсақ, сәттілік әкеледі. Бала жаны әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің өзіміздің адамгершілігіміз, өз жұмысымызға берілуіміз, баланы сыйлап қадірлеуіміз, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуіміз маңызды.

Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді. «Жетім дегеніміз – балалық шағында тәрбие көрмеген адам »- деген екен бір ғұлама. Ендеше, жетім балалардың жауапкершілігі жоқ ата-ананың құрбаны екендін ұмытпайық.
ҚОРЫТЫНДЫ

Бала асырап алғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтарытұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына құжаттар топтамасын қоса отырып, бала асырап алу мүмкіндігі туралы қорытынды сұрап, өтініш береді.

Қорғаншылық және қамқоршылық органы Қазақстан Республткасының азаматтарына бала асырып алу мәселелеріне қатысты түсініктемелер береді. Бала асырап алу мүмкіндігі туралы қорытынды дайындау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органы бала асырап алғысы келетін адамдардың өмір сүру жағдайларын зерделеу қорытындысы бойынша акті жасайды. Азаматтарды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қойғаннан кейін қорғаншылық және қамқоршылық органы асырап алуға берілуі мүмкін бала туралы ақпаратты ұсынады және балаға баланың тұрғылықты жері бойынша бару үшін жолдама ұсынады.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша мынадай әдістемелік ұсыныстар жасауға болады:

1.Орта мектептер жанынан патронаттық отбасына бала тәрбиесіне байланысты арнаулы педагогикалық, психологиялық кеңес беретін мамандардың тобын ұйымдастыру.

2.Ата-аналарға құқықтық кеңес болуын қамтамасыз ету.

3.Ата-анамен психологиялық қызмет ұйымдастыру қажет.

4.Отбасына жаңадан келген балаларды ата-аналары мінез-құлқын, өскен ортасын зерттеп, баланың не нәрсеге қызығушылығының бар екенін анықтаған жөн.

5. Асырап алған балалардың отбасындағы ахуалға үйреніп кетуіне ата-аналары бар мүмкіншіліктерін салып, олардың жақсы жаққа қарай өзгерістерін құптап отыру қажет.

6.Патронат ата-ана баланың келеңсіз мінез-құлқын қалай тузеуге болатындығы туралы психологтардан кеңес алып отыруы қажет.

7.Патронаттық отбасында балаға тәрбие беруде халық педагогикасының тағылымдарын жиі пайдалану қажет.Олар:

- мейірімділік, адамгершілік, қарапайымдылық т.б қасиеттерді бала бойына дарыту;

- баланың әрбір оң істерін мадақтап, құптау отыру;

- ер бала немесе қыз бала тәрбиесіне арналған аңыз әңгімелерді, тыйым сөздерді, мақал-мәтелдері, салт-дәстүрлерді, түрлі өнегелерді, ырымдарды пайдалану.

8. Патронат отбасына көмек ретінде халықтық тәрбие негізге ала отырып оқулықтар шығарылса.

ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР
1.Патронаттық тәрбие беру қызметін дамыту жолдары // «Білім.Ғылым.Инновация: өзекті мәселелері мен даму жолдары» ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция- Қызылорда, 2012 -39-41 б

2. Баланы патронаттық отбасындағы өмірге дайындау // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. « Жас ғалым – 2013», Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз, 2013 жыл



3. Патронаттық отбасына әлеуметтік-психологиялық сипаттама // Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауы аясында өткізілетін «Тәуелсіз Қазақстан: дамуы,қазіргі кезеңі және болашағы» атты ІV аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференция .Астана,2013 -245-248б.
РЕЗЮМЕ

на реферат диссертации на соискание ученой степени магистра педагогических наук по специальности 6М010300-Педагогика и психология
Аккутанова Меруерт Мырзахановна
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЕ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ СЛУЖБЫ ПАТРОНАТНОГО ВОСПИТАНИЯ
Актуальность исследования: На сегодняшний день актуальной проблемой Республики Казахстан и стран СНГ является социально-психологическое состояние детей, правовая защита и защита их здоровья, позитивное влияние окружающей среды на ребенка. Глава государства Н.А.Назарбаев уделяет особое внимание на детей оставшиеся без попечения родителей и воспитанникам интернатных учреждений. Это актуальная проблема во всем мире. В развитых странах проблема детей-сирот решается с помощью общественных проектов. В нашей стране представителями неправительственных организации были сделаны предложения об открытии домов молодежи для детей оставшиеся без попечительства родителей и детей-сирот. На сегодняшний день активно предлагают заменит детские дома на дома семейного типа. Повышение числа детей-сирот требует больших финансовых затрат от государства. Поэтому финансовой и психологической с точки зрения целесообразно воспитывать ребенка в семье. Точнее так называемым патронатной семье. Решение этой проблемы состоит определении теоретических и практических основ развития и воспитания детей оставшиеся без попечения родителей и детей-сирот.

Объект исследования: служба патронатного воспитания.

Предмет исследования: патронатное семейное воспитание.

Цель исследовательской работы: определение научно–теоретических основ патронатного воспитания и рекомендация методов работы.

Задачи исследования:

  • определить специфику патронатного воспитания;

  • определить возможности воспитания в патронатной семье и пути совершенствования патронатного воспитания.

Методы исследования: проведение анализа философской, психологической, педагогической и методической литературы по проблеме исследования. Проверка эффективности психологических исследовании. Статистическа обработка экспериментальных данных.

Научная новизна исследования и теоретическая значимость:

  • исследована структура и содержание понятий "патронатное воспитание" и "патронатная семья";

  • выявлены педагогические условия патронатного воспитания;

  • исследовалась проблема воспитания ребенка в патронатной семье.

Ведущая идея исследования: при эффективном, систематизированном организаций воспитания ребенка в патронатной семье формирует у них устойчивые чувства защищенности, адаптации.

Практическая ценность научного исследования заключается в том, что материалы и результаты исследования могут быть активно использованы в определенном уровне в процессе совершенствования патронатного семейного воспитания.


SUMMARY
an abstract of the dissertation for the degree of Master of Education Sciences, specialty 6M010300-Pedagogy and Psychology
Akkutanova Meruert Myrzahanovna
CONDITION IMPROVING TEACHING SERVICE Foster Care
Relevance of the study: To date, the actual problem of the Republic of Kazakhstan and the CIS is a socio-psychological state of children, legal protection and the protection of their health, the positive impact of the environment on the child. The head of state Nursultan Nazarbayev pays special attention to children without parental care and children in boarding institutions. This is a hot topic around the world. In developed countries, the problem of orphans is solved with the help of public projects. In our country, representatives of non-governmental organizations have made ​​proposals to open houses for young children left without parental care and orphans. To date, actively offer to replace the children's homes of family type. Increasing the number of orphans is costly to the state. Therefore, the financial and psychological terms appropriate to bring up a child in the family. More specifically the so-called foster care. The solution to this problem is the definition of the theoretical and practical foundations for the development and education of children without parental care and orphans.

The object of study: the service of foster care.

Subject of investigation: foster family education.

The purpose of the research work: the definition of scientific and theoretical foundations of foster care and recommendation methods.

Research objectives:

- To determine the specifics of foster care;

- Identify opportunities for education in foster care and ways to improve foster care.

Methods: analysis of philosophical, psychological, pedagogical and methodological literature on the study. Determination of the effectiveness of psychological research. Statistical processing of the experimental data.

The scientific novelty of the research and theoretical significance:

- To study the structure and content of the concepts of "foster care" and "foster family";

- Identified pedagogical conditions of foster care;

- Investigated the problem of educating a child in foster care.



The leading idea of ​​the study: in an effective, systematic organization of raising a child in foster care provides them with a stable sense of security, adaptation.

The practical value of research lies in the fact that the materials and the results of the study can be actively used to a certain level in the process of improving the foster family education.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет