Кестелер арасындағы байланыс Кестелер арасындағы байланыстар мынадай типтерге жатуы мүмкін:
“Бірде-бір”(1-1) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Бірдің-көпке” (1-¥) қатысы.Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі көп жазбаға сәйкес екенін білдіреді. Мәліметтерді иерархиялық ұйымдастыру кезінде “Бірдің-көпке” қатысы ең ортағы болып табылады.
“Көптің-бірге” (¥-1) қатысы. Бұл қатыс “бірдің-көпке” қатысына ұқсас. Мұнда бір кестедегі көп жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Көптің-көпке” (¥-¥) қатысы. Аталмыш қатыс екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін;
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.