Мәліметтерге қатынау тәсілдері мен транзакция механизмі МҚБЖ-дағы мәліметтерді тұтастығын сақтау үшін транзакциялар қолданылады. Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері мәліметтер қорында сақталады. Құрал-жабдықтың немесе программалық қамтудың жұмысы тоқтаған кезде, сондай-ақ пайдаланушы транзакцияны аяқтаудан бас тартқан кезде транзакция аяқталмаған (үзілген) күйінде қалады. Бұл жағдайда мәліметтермен орындалған амалдардың нәтижелері мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп берулерді құрастыру үшін сұраныстарды сақтаудың мол мүмкіндіктерін ұсынады.