Дельфиде деректер қоймасымен жұмыс істеудің бірнеше компоненттер жиынтығы бар. Әрбір жиынтық белгілі бір есепті шешуге қолданылады. Олар деректерге қатынаудың әртүрлі технологиясын қолданады және мүмкіндіктері бойынша ажаратылады.
Деректерге қатынаудың негізгі компоненттері Data Access астарлы бетінде орналасады. Бұл компоненттер барлығы үшін жалпы және басқа компоненттер тобымен бірге қолданылады.
Кез- келген деректер қоймасының кестесіне қатынау үшін Data Access компоненттер панелінен TTable компоненті формаға орналастырылады.
Объектілер инспекторы терезесінің Properties парағында Table1 объектісінің DatabaseName (Мәліметтер қоймасының аты) қасиетінде деректер қоймасы файлының аты беріледі.
Сонан соң Table1 объектісімен байланысты кестені көрсету талап етіледі. Қажетті деректер қоймасы кестесі TableName қасиетінен ашылған тізімнен таңдалады.
Осы кестелерге бағдарламадан қатынау үшін, олардың әрқайсысының Active қасиетіне true мәнін беру керек.
Data Access парағында орналасқан DataSource (деректер көзі) компоненті деректер жиынтығын визуал компоненттермен байланыстыруды жүзеге асыратын аралық элемент болып табылады. Компоненттің негізгі қасиеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте. DataSource компонентінің қасиеттері