Қасиет атауы
Қасиет типі
Сипаты
AutoEdit
Boolean
Қолданушы деректергеөзгерту енгізу әрекетінжасағанда деректержиынтығы модификациялаурежимінен автоматты өтуімүмкін бе екендігінанықтайды. Қалыптыжағдайда мәні True, яғнимұндай өтуге рұқсат етілген.
DataSet
TDataSet
Деректер көзімен байланыстыдеректер жиынтығын көрсетуүшін қолданылады
Enabled
Boolean
Деректер көзімен байланыстывизуальды компоненттіңдеректер жиынтығынандеректерді бейнелей меекендінін анықтайды
Name
Деректер көзінің атауынбереді. Қалыпты жағдайдаDataSource1, DataSource2...
Tag
LongInt
Компонентпен байланыстыбүтін санды сақтау үшінқолданылады.
Мысалы: DataSource1.DataSet:= Table1;
Data Сontrols (Деректерді басқару) парағында кестедегі деректерді бейнелеу және редакциялаудың компоненттері орналасқан. Бұл компоненттер деректерге қатынаудың қолданылатын технологиясынан тәуелсіз де қолданыла береді.
DataControls парағында орналасқан DBGrid компоненті деректерді электрондық кесте парағына ұқсас кестелік түрде бейнелеу және редакциялау үшін қолданылады. Бұл компонент көмегімен жазбалар қосуға , жазбаларды редакциялауға және жоюға болады.
Сурет 71. DBGrid компоненті
Бұл парақта орналасқан DBNavigator компоненті белсенді деректер жиынтығының жазбалары бойынша жылжуға, сонымен қатар деректер қоймасы кестесіне деректерді қосуға, жоюға және модификациялауға мүмкіндік береді.
Бұл компонент батырмалардан тұратын панель болып табылады.
Сурет 72. DBNavigator компоненті
Батырмалардың әрбіреуін VisibleButtons қасиеті көмегімен айыруға және іске қосуға болады.
Сурет 83. Delphi- де деректер қоймасын жасаудың DBGrid,
DataSource, DBNavigator компоненттері
BDE парағы Borland фирмасының жасаған Borland DataBase Engine атты технологиясы бойынша деректер қоймасына қатынауға мүмкіндік беретін компоненттерден тұрады. Бұл технология Paradox және Dbase типті деректер қоймасымен жұмыс істейді. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Paradox кестесі деректер қоймасын жасау үшін дамыған және ыңғайлы формат болып саналады.
АDО (Active Data Object) парағында Microsoft корпорациясының жасаған деректеріне қатынау технологиясы бойынша деректер қоймасына қатынауға мүмкіндік беретін компоненттерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |