Ренессанс ұғымы,даму тарихы 1 Қайта өрлеу дәіріндегі адамдар



бет12/12
Дата24.02.2022
өлшемі4,73 Mb.
#133076
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қорытынды

Қайта өрлеу дәуірінде тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Қорытынды

Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта жаңғыру» мәдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет