Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениеті – XIV ғасыр аяғында XV ғасырдың басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венецияда басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғам Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.